Сабақ саны: лекция, семинар, лаборатор. СӨЗ, Барлық сағат саны


Россиядағы Октябрь революциясы Шығыс мемлекеттердегі халықтардың азаттық үшін қозғалыстарына өзінің әсерін тигізді. 1919 жылы 20 миллиондық Корея халқының Жапония колонизаторларына қарсы көтеріліс бол



бет5/6
Дата25.02.2016
өлшемі0.74 Mb.
#20272
1   2   3   4   5   6

Россиядағы Октябрь революциясы Шығыс мемлекеттердегі халықтардың азаттық үшін қозғалыстарына өзінің әсерін тигізді. 1919 жылы 20 миллиондық Корея халқының Жапония колонизаторларына қарсы көтеріліс болды.


Голландиялық билік орталық үкіметтің құрамына бірнеше Индонезиялық өкілдерді алуына мәжбүр болды.

1919 жылы Англия тәуелді Үндістанда екі палатадан кеңес функцияларына ие парламентті құрады. Осындай процесстер негізінде Қытайда Халық Республикасы пайда болды.




Лекция№ 21: Америка Құрама Штаттары

Жоспар


1. Америка Құрама Штаттары.
1
Екі дүние жүзілік соғыстар арасындағы 20 - жылдық буржуазияшыл мемлекет және құқық тарихының қысқа дәуірі арнайы зерттеуді талап етеді.

Ұзақ дәуір ағысында буржуазияшыл юриспруденция адамның өмір сүруіне мәртебесі тең мемлекет тек қана жалғыз “құқықтық” мемлекет деп келе жатқан еді. Бұндай мемлекеттің айрылмас белгілері деп келесілер есептелген : биліктерді бөлу және осыған негізделе үкімет пен сот билігінің заңға бағыныштылығы, тұлғаның құқықтары, оларға қолсұқтаушылық.

Бұлардың барлығы не болды? ХІХ ғасыр дәуіріндегі мемлекеттік институттардың эволюциясына қарасты біздер айтып отырған тенденциялар не болды?

Осы сұрақтарға капитализмнің ең дамыған негізгі мемлекеттері есептелген Америка Құрама Штаттары мысалында жауап береміз.

А. Америка Құрама Штаттары:

1914 –1918 жылғы соғыс алды – ақ Құрама Штаттар дүние экономикалық жүйесінде бірінші орын алған еді. Соғыс оларды тағыда құдіреттірек етті. Ол Америкалық банкілерді төбе алтындармен толтырды. Англия мен Франция кредитор мемлекеттерден америкалық банкілердің қарыздарларына айналды.

Құрама Штаттар өнеркәсіптік компанияларының қолдарына дүниежүзілік таскөмір шығарудың 50 пайызы, мұнай шығарудың 60 пайызы, мыс өндірісінің 60 пайызы, автомобильдер өндірісінің 85 пайызы, тағы басқалар өтті.

Ешқандай басқа мемлекетте капиталдың шоғырлануы, біраз фамилия мен компаниялардың, аса байлардың бөлініп шығуы мұншалық күшейтілген болып өткен жоқ.

Акциялар барлығының жартысы 250 – 300 ең ірі, жалпы сандарының 0,05 пайыз болатын компаниялардың қолында жиналды.

Өнеркәсіптік өндірістің және еңбек өнімділігінің жоғарғы дәрежесі, дүниеде артта қалған мемлекеттерді аяусыз қанау Құрама Штаттарының жетекші тобына- басқа мемлекеттермен салыстырғанда- халқының өмір сүру деңгейін жоғарырақ етуге мүмкіндік береді.

1929 жылы Құрама Штаттарда артық өндіру жүзеге асты. Зауыт пен фабрикалардың көпшілігі 35-40 айға жабылды, 17 млн. адамдар жұмыссыз қалды, нақты шығын 50 млрд доллар болды.

Мемлекет жағынан экономиканы ретке келтіру талап етілді. 1932 жылы президенттікке сайланған Франклин Рузвельт экономикалық қатынастарға мемлекеттік араласудың идеологі және жүзеге асырушысы болып қалады.

Рузвельт пен оның маслихатшылары ұсынған шаралардың жиынтығы “жаңа курс” атауын алып, олардың ең маңыздылары келесілерден құралған еді:

Құрама Штаттарының аса үлкен алтын қоры мемлекеттік қаржы мекемесіне тапсырылды. Сонымен бірдей, қағаз ақшаны алтынға ауыстыруға (айналдыруға) тыйым салынған еді. Доллардың алтынмен қамтамасыз етілетін маңызы жартылай қысқартылады. Бұл шаралар банктердегі үрейді тоқтатып, арзандаған ақшадағы тауарлардың нарықын көтеріп, тауар айналымын көбейтті.



    1. “Өндірісті жоспарлау және бөлудің” (планирование производства и распределения ) мәселелерін шешу үшін Құрама Штаттарының үкіметі “адал бәсеке кодекстерін” енгізуімен шұғылданатын Ұлттық әкімшілікті құрады. Кодекстер компаниялар арасындағы келісім шарттарды құруға бағытталған болып, саласындағы бір кәсіптегі жұмысшылардың айлық табысын теңестіру, жұмыс уақытын белгілеу мәселелерін шешті. Кодекстерді кәсіпкерлердің өздері істеп шыққаннан кейін, олар АҚШ президентімен бекітілгеннен соң бұл сала үшін заң күшіне кіретін болған.

1934 жылдың ортасында осындай кодекстерден 500 –ден артығы әрекетке енгізілді.

Оларда 35 - сағаттық жұмыс аптасы, 1 сағат іс үшін жұмысшыларға 30-40 цент төлеу ұсынылған еді.

2)Егін аудандарын қысқартқан фермерлерге компенсация (зиянды төлеу) төлеу орнатылды. Бұл шаралар шаруашылық өнімдеріне нарық көтеріп, фермерлерді сақтап қалу үшін керек еді.

Бұл шаралардың жиынтығы өз әсерін көрсетіп, дағдарыс құбылыстарының жойылуына әкеп соқты. “Жаңа курс” жұмыс күні қысқартылуына, кәсіптік одақтар, коллективтік бітімдер, ең кем айлық табыстар заңды орнатылуына алып келді.

Дегенмен, тіршілігі қалыптасқаннан кейін мемлекеттің ретке келтіру саясаты, жоғарғы сот жағынан – кониституцияға сай еместігі негізінде – ұлттық әкімшілік аппараты (жеке адамдардың экономикалық қатынастарына араласқаны үшін ) жойылып, әрекеті тоқтатылады.

Б. Англия:

1928 жылы сайлау реформаларымен жалпы сайлау құқығы енгізілді.

Парламент рөлі төмендеп, үкімет рөлінің жоғарлау тенденциясы анық болды. Заң шығару саласында ынта 99 пайызға үкімет қолына өтті.

Жетекші шінеуніктердің көпшілігін, бұрынғыдай жер иелену аристократиясы емес, бәлкім буржуазияның өкілдері құрастырады. Олардың ішінде көпшілігі (75-80 пайызы) артықшылытары бар университеттердің (Оксфорд, Кембридж) және жария мектептердің бітірушілері болды.


Лекция № 22: Ұлы Британия.

Жоспар:



  1. Дүниежүзілік соғыстың корытындылары .

2. Мемлекеттік құрылыстағы өзгерістер .

3. Британиялық отаршыл империя.

1
Ұлы Британия 1 дүниежүзілік соғыста жеңген елдердің қатарында болғанымен, бұл соғыс оның қаржылық – экономикалық жағдайына теріс әсерін тигізді. Өндірістің көлемі 20 –пайызға, мемлекет ұлттық байлығы 30–пайызға қысқарды. Жұмысшы таптың жағдайы төмендегені оның саяси белсенділігінің асыуна әкеп соқты. Соғыс жылдары кәсіптік одақтар мүшелерінің саны екі есе көбейді.

Капиталисттік монополиялардың мемлекеттік саясатқа әсері күшейді. 1916 жылы Ұлы Британиялық өнеркәсіп Федерациясы құрылды. 1920 жылы оған тиесілі компанияларда елдегі жұмысшылар санының үштен бірі істеп жатқан еді, оның капиталының мөлшері соғысқа дейіңгі барлық ағылшын компаниялардың капиталына тең болды.

Британиялық отаршыл иеліктерде пролетариат саны өсіп, жергілікті буржуазия нығайды. Ұндістан, Мысыр басқа да елдерде ұлттық – азаттық қозғалыстар күшейді.

1916 жылдан бастап Ұлы Британиядағы билік либералдар, консерваторлар мен лейбористтерден тұратын Ллойд Джорджтың коалициялық үкіметінің қолында болды.

1924 жылы лейбористтер басшысы Р. Макдональд бірінші лейбористтік үкімет құрды. Дегенмен, олар парламентте көпшілік болмағанына байланысты, либералдық партияның көмегіне мұқтаж болды.

Солай етіп, ХХ ғасырда да Англияда 2-партиялық жүйе сақталып қалды. Екі партияның басшысы да тұрған конституциялық құрылысты мойындап, оның түпкілікті өзгерүін болғызбайтын жұмыс жүргізеді.

Екі партиялық жүйенің түбірі сайлау жүйесінде болады. Оның негізі әр бір сайлау округтан бір депутаттан сайлану принципінде. Бұның нәтижесінде кіші партиялардың өкілдері ештеңе етуге күштері жетпейтін болып қалады. Сондықтан, Үкіметте осы екі ірі партия өкілдері бірі- бірін ауыстырып басқарып жатады.

Сайлауға 21 жасқа толған еркектер және 30 жасқа толған әйелдер құқылы болған (қайбір мүліктік жағдайларға ие болған ретте ғана). 1929 жылдан бастап әйелдердердің сайлау құқығы еркектердің құқықтарымен тең етілді.

1969 жылдан бастап лейбористтік Үкімет сайлау жасын 21-ден 18–ге дейін төмендетті.

2
ХХ ғасырдағы Ұлы Британия мемлекеттік құрылысының дамуы атқарушы биліктің күшеюімен сипатталлады.

Мысалы, 1920 жылы төтенше уәкілеттіктер туралы заң қабылданып, онымен Үкімет король атынан елде төтенше жағдай енгізу туралы жарлықты шығаруға құқылы етілді. Бұл жағдайда Үкімет қоғамдық кауіпсіздігін сақтау үшін кез-келген шаралар қолданылуының мумкіндігі ескерілген еді. Бұл ереже оны ереүлдерге қарсы қолдануға мумкіндік берді және қолданылды да.

Атқарушы билікке заңшығару биліктің де ұсынылуы (делегирование) оны күшейтті. Бұған негіз болып заңды жетілдіруге бағытталған актілер заң орындалуына қолайлы жағдай жасайды деген пікір болды.

Үкімет партиялық жүйе арқылы өз әсерін төменгі палатаның іс-әрекетіне де әсерін тигізуі мүмкін болды. Лордтар палатасы (жоғары палата )-төменгі палатаға қарсы салмақ есебінде қалыптасып, сонымен бірге саяси қысым жасауға да қабілетті болды.

Ұлы Британияның саяси жүйесінде король билігінің орны ерекше. Ресми жағыннан король прерогативаларының көбі – (солардың ішінде ең маңыздылары: премьер-министрді тағайындау құқығы) сақталып қалды. Монархтың қолы қойылмағанынша еш бір заң әрекетке енбейді. Парламентті тек монарх таратуы мүмкін, пэр атағын тек ол беруі мүмкін.

Сондықтан, монархтың билігі қожайындық етуші таптың мүддесін қорғаудың маңызды қоры болып есептеледі.

Әскери кызметке шақыру 1916 жылға дейін ерікті негізде болды .1916 жылдың 16 май күнінен бастап жалпыға бірдей әскери міндеттілік енгізілді. 1 дүниежүзілік соғыс аяқталуымен бұл актінің күші жойылды. Бірақ, апрель 1939 жылдан кәзірге дейін жалпыға бірдей әскери міндеттілік қайта енгізілді.

Полиция органдары жергілікті бөлімшелерден тұрады, оларға графстволардың бас констебльдері басшылық етеді. Жалпы басқаруды ішкі істер министрлігі жүзеге асырады.

Ұлы Британиядағы жоғары сот инстанциясы болып лордтар палатасы тұрады. Ол аппеляциялық сатыдағы сот әрі қылмыстарда айыпталатын пэрлер үшін 1 сатыдағы сот органы болады. Жоғары сот үш палатадан: азаматтық дауларды қарайтын, қылмыстық істерді қарайтын және аппеляциялық арыздарды қарайтын палаталардан тұрады. Жерлерде сот төрелігін аралық судьялар аткарады.

1972 жылға дейін Ұлы Британияда жергілікті жүйесі қожайындық еткен (графстволар мен округтердегі муниципалитеттер ғана қалдырылып, бұрынғы ірі қалалардың муниципалитеттері кәзір қысқартылған).

Экономикада мемлекеттік реттеудің маңызы артуда. 1945 жылы лейбористтер Үкіметі Ағылшын банкті ұлттандыру туралы заңды қабылдады, яғни, ол мемлекет тарихында бірінші мемлекеттік банк болды. 1946 жылы өткізілген ұлттандыру көмір өнеркәсібінің 880 компаниясын камтыды. Содан соң газ өндіру, болат шығаратын зауыттардың, азаматтық авиацияның ұлттандырылуы туралы шешім қабылданды .

Дегенмен, бұған қайшы процес те – акцияларды майда акционерлерге сату аркылы – жүргізілуде. Бұл процес экономикаға мемлекеттік араласуды кемейту мақсатында жүргізіліп отыр.
3
1 дүниежүзілік соғыс жылдары Британиялық империяның доминиондары шикі зат пен адам қорының қайнар көздеріне айналған еді. Кейінше олардың экономикасы дамып, ұлттық буржуазиясы нығайып, доминиондар тәүелсіздігі үшін күрес бастайды.

1917 жылы доминиондарға Британиялық империяның автономиялық мемлекеттері статуты берілді. Сондықтан, олар мен метрополия арасында көбірек экономика талаптарына, қажеттіктеріне сәйкес келетін қатынастар орын ала бастады.

1923 жылы Ұлы Британия доминиондардың шетел мемлекеттермен келіссөздер жүргізуге, шарттар түзуге, ол өзі жасасқан шарттарға қатысу–қатыспауын жеке дара белгілеуге құқықтарын мойындады.

1946 жылы Ұлы Британия Ұндістанның тәуелсіздігін мойындайды. Онымен бірдей Цейлон да тәуелсізідігі мен доминион статусына жетеді.

1948 жылы ол Ирландиялық Республиканы да мойындауға мәжбүр болды.

Дегенмен , отаршыл империяның ыдырауы көп жылдарға созылып жатты.




Лекция № 23 : Франция .
Жоспар:
1 . 1 дүниежүзілік соғыстан кейінгі үшінші республика .

2 . Төртінші республика.

3 . Бесінші республика.
1
Франция бірінші дүниежүзілік соғысты жеңген елдер қатарында аяқтады. Версаль шарты бойынша оған Эльзас пен Лотарингия қайтарып берілді, ол германиялық репарациялардың басым бөлігіне құқылы болды. Қорганумен байланысты өнеркәсіп салалары жоғары дамып жатты.

Соғыстан кейінгі дәуірде ірі корпорациялар мен тресттер оның ұлттық экономикасында монопольды орынға ие болып қалады. Франция ең ірі отаршыл империя ретінде қалады.

Дегенмен, соғыстың әсерімен ол кредит беретін елден қарыздар елге айналды (АҚШ – қа 4 млрд доллар соғыс кезінде қарыз болып қалады). Халықтың экономикалық жағдайы төмендеуіне байланысты социалистік партиядан коммунистік партия бөлініп шықты.

Францияда 1875 жылы қабылданған Конституция әрекеті сақталып қалды. Дегенмен, өмір жағдайларына байланысты, оған кейбір өзгерістер енгізіле бастады. 1919 жылы мажоритарлық сайлау жүйесі енгізілді (75 мыңға 1 депутаттан сайлануы тиіс). Кандидаттардың тізімдері партиялармен немесе бірлестіктермен ұсынылатын етілді. Дауыс берушілердің көп дауысын жинаған кандидат сайланатын болды (абсолюттік көпшілік принципі бойынша ).

30-інші жылдардағы экономикалық дағдарыс әлеуметтік қайшылықтардыдың шиелесуіне әкеп соқты. Оларды шешу үшін парламент әр жылы үкіметке төтенше уәкілеттіктер беріп отырды. Өз кезегінде бұл парламенттік заңшығарудың мәні өсуіне әкеп соқты. Парламенттің рөлі төмендеп, ол партиялардың, кәсіпкерлер топтарының, кәсіподақтардың көрсетпелерін орындаушы органға айналды. Оның рөлі қаншалық төмендеуін көрсететін факті: 1939 жыл сентябрь айында Германияға соғыс жариялау мәселесі парламентсіз шешілді. Ал заң бойынша бұған екі палатаның келісімі болуы шарт еді.

1940 жылдың май айында неміс–фашисттік әскерилер Францияның әскерилерін жеңіп, оның Үкіметін әскери әрекеттер тоқтатылуы туралы шешім қабылдауға мәжбүрледі. Франция екі бөлікке: шығыс, солтүстік- шығыс, солтүстік департаменттері Германиямен басып алынды. Калған бөлігінде – мемлекеттерара келісім жасасканның көрінісін беру үшін – Франция мемлекеттілігінің институттары сақталды. Дегенмен, бұл бөлігі де сол жылдың ноябрь айыннан Германиямен басып алынды.


2
Францияның оккупациясы басталған күннен бастап Англияда орналасқан генерал Ш. Де Голль июнь 1940 жылы «Азат Франция« қозғалысын ұйымдастырады. Тез арада де Голльді ағылшын үкіметі барлық азат француздардың басы ретінде мойындады. Ел аумағында партиялық ұжымдар құрылды. Күрес пен ұйымдастырушы әрекет нәтижесінде 1943 жылдың жазында біртұтас Франциялық ұлттық азат ету комитеті құрылды. Кейін ол де Голль басшылыгындағы Франияның Уақытша үкіметіне қайта құрылады. 1944 жылдың жазында ағылшын – америкалық әскерилер Францияда әскери әрекеттерін бастап, осы жылдың аяғына дейін Франция жерін азат етеді.

Азат етілген Франция алдында оның болашақ мемлекеттік құрылысы, жаңа конституция мәселесі тұрған болды. 1945 жылы август айында Уақытша үкіметпен бекітілген Ереже бойынша Кұрылтай Жиналысқа сайлау өткізілді. 1946 жыл апрель айында Құрылтай Жиналыс жаңа конституцияны дайындауды аяқтап, оны референдумге ұсынады. Бұл жоба дауыс беруден отпеді (макылдаушы дауыс – 8300 мың, ал қарсы дауыс саны – 10600 мың болды). Қайта сайланған Құрылтай Жиналыстың жаңа конституция жобасы 1946 жыл октябрь айында өткен референдуммен бекітілді.

Онда 1789 жылғы Декларациямен жарияланган адамның және азаматтың құқықтары бекітілді. Одан басқа, адамдардың барлығы – жастарынан тәуелсіз –тең құқылы; жұмыс істеу міндеттілігі; ереуілдерді өткізу құқығы; кәсіподақтарды ұйымдастыру; ұжымдық шарттарды түзуге құқығы, басқа халықтың бостандығына қарсы бағытталған күш қолдамауға республиканың міндеттілігі жарияланады.

Конституциямен парламенттік республика құрылуы көзделген еді.

Парламент екі палата: Ұлттық Мәжіліс пен Республика Кеңесінен тұратыны, бірінші палатаға 5 жыл мерзімге сайлау өткізілетіні, тек оған заңшығару өкілеттігі берілетіні ескерілген еді. Республика Кеңесі Ұлттық Мәжіліс ұсынған заң жобаларын екі ай ішінде қарауға міндетті етілді. Кеңеспен ұсынылған өзгерістер, егер Мәжілістің депуттары оған көпшілік дауысын берсе, қабылданды деп есептелген.

Мемелекеттік биліктің жоғары өкілі деп республика президенті етілді. Ол парламентпен 7 жылға сайланатыны және бір мерзімге қайта сайлануы мумкін екені белгіленді. Ол мемлекет атынан келісімдерге қол қоюға, келіссөздер жүргізуге құқылы етілді.

Тікелей мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру төрағасы басшылығындағы Министрлер Кеңесіне жүктелді. Кеңестің төрағасы Президентпен (ол партия фракциялармен келіссөз нәтижесінде тұлғасын анықтағаннан кейін ) ұсынылған. Ұлттық Мәжіліс оның болашақтағы істерінің бағдарламасын қарап, абсолюттік көпшілікпен дауыс берсе, Министрлер Кеңесінің төрағасы мен министрлер Президенттің декретімен тағайындалатын болған.
3
Ұлттық экономикада құрылым жаңалануының басталғаны Францияда әлеуметтік –саяси қайшылықтардың шиелесуіне әкеп соқты. Оған қосымша, Алжирдағы ұлттық-азаттық қозғалыс әрекеттері, франциялық әскерилердің, басқа да Үкімет жағыннан қатаң шаралар қолданылуын талап етуші күштердің де Голльге мемлекеттік биліктің барлығын тапсыруға, азаматтық соғыстың алдын алуға талаптары өз әсерін тигізді. Де Голль жаңа Конституция дайындау үшін өкілеттіктерді талап етіп алды. Парламент бұл уәкілеттіктерді беріп, жобаны өзі жасаудан бас тартқан болды. Конституция жобасы дайындалып, Парламентсіз, тікелей референдуммен мақұлданды.

1958 жылғы конституцияның қабылдануы У республика құрылғанын білдірді .

Бұл Конституцияның бұрынғылардан негізгі айырмашылығы келесіде еді: Президент биліктің барлық тарауларының келісілген іс-әрекетін белгілеуші арбитр есебінде болуы анықталды. Сондықтан, оған Ұлттық Мәжілісті тарату құқығы, төтенше жағдайды жариялау құқығы, кез –келген заң жобасын референдумге ұсыну құқығы, т. б. берілді. Президент премьер –министрді, оның ұсыныстарымен министрлерін тағайындайды, әскери күштерге қолбасшылық етеді, халықаралық катынастарда ел атыннан шығады.

Мемлекетте екінші адам болатын премьер-министр деп танылды. Ол Үкіметке басшылық етеді, заңдардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Парламент екі палатадан тұрады: Ұлттық Мәжіліс пен Сенаттан. Парламент жылда екі рет сессияға шакырылатын, олардың жалпы іс мерзімі 170 қүннен аспайтын болды. Сенаттың статусы жоғарылап, негізінде төменгі палатаның дәрежесіне жеткізілді. Парламент тек Конституцияда белгіленген салаларда ғана заң жобаларын шығару мүмкін болды. Қалған мәселелерге арналған заң жобалары бойынша Парламент 70 күн ішінде шешім қабылдамаса, олар үкімет актісімен әрекетке енгізілуі мүмкін болды.

Конституциялық Кеңес 9 мүшеден құрылады, олар 9 жыл мерзімге палаталар төрағаларымен және президентпен тең тағайындалады. Кеңестің төрағасы президентпен тағайындалады. Оның құрамына бұрынғы президенттер омірбойы кіреді. Кеңес президенттің сайлаулары дұрыс өту, Парламентпен қабылданған актілердің Конституцияға сәйкестігі бойынша мәселелерді шешеді. Солай етіп, Францияда, негізінде, президенттік республика орнықты.




Лекция № 24 : ГЕРМАНИЯ
Жоспар :


  1. Германиядағы ноябрь тоңкерісі .

  2. Гитлерлік Германия .

  3. ГФР құрылуы .

1
1918 жылғы әскери сәтсіздіктер Германияда революциялық жағдай туындауына әкеп соқты. Революция ірі қалаларда басталып, 1918 жыл 9 ноябрь күні Берлинде жеңіспен аяқталды. Кайзер Вильгельм Голландияға қашып кетті. Германиялық империя сонымен жойылды. Оның үкіметі өз билігін социал –демократиялық партияға тапсырды.

1919 жылы өткізілген Құрылтай Жиналыс үш партия өкілдерінен тұратын Германия Үкіметін сайлайды. 1919 жылғы Конституция Германияны Президент басшылығындағы буржуазиялық парламенттік республикаға айналдырды. Пропорционалды сайлау жүйесі енгізілді.

Парламент екі палатадан: рейхстагтан жән жоғары рейхсраттан - (имперлық кеңестен) тұрған. Рейхсрат 18 жерлер мен 3 қала өкілдерінен құралды. Екі палата өзара келісе алмаған жағдайда мәселені шешу президентке берілетін болды.

Бұл (Веймарлық) Конституция республика президентіне ерекше мән беріп отырды. Ол жалпыға бірдей дауыс беру жолымен сайланатын етілді. Канцлерді тағайындау мәселесінде президент рейхстагқа өз билігін өткізу мүмкін еді: 1933 жылы президент Гинденбург Гитлерді канцлер етіп тағайындау кезінде дәл осы құқығын пайдаланды. Рейхстагты тарату, қолбасшылық ету, төтенше жағдайды жариялау құқықтары да президенттің қолында еді.

Үкімет басы – канцлер, барлық министрлер президентпен тағайындалатын болды. Конституцияда сөздің, бірігүдің, шеру өткізудің, баспа сөздің бостандығы жарияланған еді. Мектеп шіркеуден ажыратылды. Жеке меншікке қолсұқпаушылық қамтамасыз етілетін болды.

Қорытындылап айтқанда, 1918 – 1919 жылғы Германиядағы төңкеріс өз сипаты бойынша буржуазияшыл –демократиялық болды.

2
«Веймарлық республика» 10 жылдан көп өмір сүрді. Оның тарихы – көбінше күдіретті қаржылық-өнеркәсіптік корпорациялар мен жоғары ұйымдасқан жұмысшы табының отрядтері арасында өткір күрестің тарихы болды.

1929 жылы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс басталды. Өнеркәсіптік өндірістің мөлшері екі есе қысқарды. 1930 жылы өткен сайлауларда коммунистік партия 4,5 млн дауыс жинады. Жаңа революция мүмкіндігінен қорыққан буржуазия өз мүддесі мен болашағын Гитлердің фашисттік партиясымен байланыстыра бастады. Бұл партиянның бағдарламасында жұмысшы, шаруа, майда саудагер, яғни, халықтың көпшілігін құрайтындарға сайлауалды уәделер мол болды. Онда ұлы империя, жаңа неміс рейхы құрылуы туралы айтылған еді.

Егер Гитлер билікке конституциялық жолмен келсе, социал –демократтар бұған қарсы болмайтындарын алдын ала жариялады.

1932 жылы рейхстагқа болып өткен сайлауда фашисттер 13 млн дауыс алды, коммунисттер 6 млн дауыс жинады. Германиялық монополиялардың басшылары Гитлерді билікке әкелуге келісті. Олардың қолдауымен Адольф Гитлер 30 ноябрь 1933 жылы рейхсканцлер лауазымына тағайындалды.

Билікке келген фашисттік режим ең алдымен жеке тұлға бостандықтарына шабуыл жасап, 1933 жыл декабрь декретімен сөз, баспа сөз, жиналыс, жеке тұлға бостандықтарын жойып, полиция органдарына шексіз құқық берді. Бірінші репрессиялар коммунисттерге тиді – рейхстаг құрамындағы депутаттардың манлдаттары алып қойылып, партияның өзі жабылып, оның прессасы жойылды.

1933 жылы 26 февраль күніне өтер кешесі гитлершілер провокацияны ұйымдастырады: рейхстаг ғимаратына өздері өрт қойып, мұнда коммунисттерді айыптайды. Г. Димитров пен басқа болгар коммунистер сотта ақталып шықты- кінәләрі дәлелденбегеніне байланысты.

Дегенмен, бұл процестің болып өту фактісінің өзі коммунисттерді құғынға ұшрату үшін жетерлі негіз болды.

Жай-жай фашисттер партиясының құрылымдары мемлекеттік аппаратпен тығыз байланыса бастайды: мемлекеттік кызметте болу үшін әлбетте партия мүшесі болу қажетті түрде талап етіле бастады. Партияға ғана бағынысты көп отрядтер түзіліп, қатаң тек жергілікті «фюрерге» ғана бағынаттын етілді. Мемлекеттік күпия полиция – гестапо – құрылды.

Солай етіп, гитлершіл Германиядағы мемлекеттік билік –үкімет қолында, ал үкіметтік билік – фюрер қолында шоғырланды. 1934 жылы август айында шығарылған заң республика президенті лауазымын жойып, оның уакілеттіктерін үкімет басшылыгындагы фюрерге ұсынды. Ешкім алдында жауапты емес фюрер лауазымында өмірбойы болатын және өзі таңдаған адамына тапсырып кетуге құқылы болды.

Экономикада мынадай өзгерістер болып жатты: жұмыс уақыты 8 сағаттан 10-12 сғсатқа дейін ұзайтылды, жалақы мөлшері 30 пайызға кемейтілді. Ал ірі банкирлер мен өнеркәсіпклерердің жағдайы өте жақсы болды: мысалы Болат (Стальной ) тресті 1935 жылы 8,6 млн марка пайда тапқан болса, 1941 жылы ол 27 млн – ға жетті. Майда саудагерлер мен кәсіпкерлер ірі бәсекелестермен тартысуда табиғи жеңіліп, жабылып жатты. Жұмысшылардың жұмыс күнін, жалақы мөлшерін, айыппул салынуын, жұмыстан босату негіздерін өз бетінше белгілеу – кәсіпорындардың қожайындарына тапсырылды.

1 сентябрь 1939 жылы П дүниежүзілік соғысты бір тараптама бастаған Германия Польшаға шабуыл жасап, он 10 күн ішінде әскери держава есебінде жоққа шығарады. Бұдан соң Франция мен басқа Еуропа елдерінің кезегі келеді. 1941 жылы Кеңестік Одаққа қарсы шабуыл жасаған Германия Ұлы Отан Соғысы нәтижесінде талкандалады. Бұған АҚШ –пен Ұлы Британияның көмегі ерекше болды. Потсдам қаласында 1945 жылы жазында болып өткен үш ұлы держава: КСРО, АҚШ, Ұлы Британияның үкімет басылары Германияның аумағын 4 бөлікке бөлуге, фашизм қайталанбауына барша экономикалық, саяси, ұйымдстырушы шараларды көруге келісті.


3
1949 жылы неміс аумағының үш бөлігі федеративті неміс мемлекетіне бірікті. Ол 10 аумақтық бірліктерге–жерлерге–бөлініп, олардан әр қайсысында ландтаг пен үкімет, дербес бюджет құрылды. Бұл үкіметтер өз өкілдерін бундесратқа–жоғары палатаға – тағайындайды. Бундестаг (төменгі палата) – халықпен мажоритарлық және пропорционалды жүйелер бойынша сайланады. 5 пайыздан кем дауыс жинаған партия окілдерін жібере алмайтын етілді.

Конституцияны өзгерту, аумақты қайта бөлу, жергілікті билік өкілеттіктері, қаржы мәселелері бойынша бундесрат абсолюттік вето құқығына ие. Әрине, төменгі палата бұнымен есептесуге мәжбүр етілді.

Мемлекет басы деп президент жарияланды. Ол 5 жыл мерзіміне саланатын болды. Шын мәндегі билік мемлекет үкіметінің, айта берсек, оның төрағасы – канцлердің қолында болады.

Конституциялық сот маңызды орган болып, оның қарауына конституцияны талқылау, актінің оған сәйкестігін анықтау жатады. Оның судьялары өмірбойы тағайындалады. Тиімді басқару нәтижесінде Батыс Германия жалпы дүние жүзінде өндіріс көлемі мен еңбек тиімділігі бойынша ең қуатты мемлекеттер – АҚШ, Жапония, ГФР – үштігіне кіреді.

Кеңестік Одақпен қадағаланатын германиялық аумақта 1948 жылы социалистік катынастар жеңісі жарияланды. Дегенмен, Батыс Германия ГДР-сынан өндірістік даму, өмір сүру жағдайы, демократия институттары дамуы бойынша әлдеқайда озып өтті. Мұны түсінген жастар қөпшілігі неміс халқының мемлекеттері қансыз бірігуіне себепші болды.


Лекция №25: Италия.

Жоспар:



  1. Кіріспе

  2. Италия


1.
Фашизм ( итал. Fascism, от facio - шоғыр, шок, байлам (пучок, связка, объединение)-бұл империалисттік буржуазияның ең реакциондық және агрессивтік күштердің мүддесін көрсетуші капитализмның «жалпы дағдарысы» дәуіріндегі пайда болатын саясаттық ағыс.

Билікке келген фашизм- бұл монополисттік капиталдың ең реакциондық күштерінің террористік диктатурасы. Фашизм келбеттің ең маңызды айырмашылығы – жұмысшылар табын және барлық еңбекшілерді басу үшін зорлық-зомбылықтың барып тұрған (крайний) қалыптарын істету, антикоммунизм, шовинизм (бір ұлттың артықшылығын насихаттау), нәсілшілдік, экономикада ретке келтіру үшін мемлекеттік-монополисттік әдістерден кең пайдалану, азаматтардың қоғамдық және жеке өмір сүруінің барлық көріністерін (проявление) бақылау. Фашизмнің көпшілік ішіндегі базасы – бұл капиталисттік қоғамның орта қабаттары.

Біз төменде қарайтын мемлекеттерден басқа, фашизм Латин Америкасында, Португалияда, Оңтүстік–Африкалық республикада тағы басқаларда болған. Олар екі дүниежүзілік соғыстар аралығында пайда болып, өмір сүріп, осы елдердің ерекшелігі, қай бір кездейсоқ құбылысы болған жоқ .

Коминтерннің VІІІ конгрессінде Г. Димитров баяндамасы негізінде қабылданған резолюция фашизмді өзін сақтап қалу, еңбекшілерді басу үшін капитализмнің ашықтан (открыто) орнатқан террористік диктатурасының саясаттық жүйесі деп белгілеген.

Біздер фашизмді дүние тарихына ең күшті әсер еткен немесе ең дамыған мемлекет мысалында көреміз.
2.
Фашизм Италияда пайда болып, Европаның басқа мемлекеттеріне қарағанда, бұл жерде ертерек қалыптасады.

І дүниежүзілік соғыстағы жеңуші – мемлекеттердің ішінде ең әлсіреп қалғаны Италия еді. Өнеркәсіп, егін шаруашылығы жағдайлары өте нашар еді. Осынша жұмыссыздық және кедейлік басқа еш жерде жоқ еді.

Соған сәйкес, еш жерде ереуілдік күрестің көтерілуі де осынша болған жоқ. Мемлекетте революциялық жағдай пайда болды: кәсіптік одақтардың өсуі, парламентке сайлауда социалистердің жеңуі (3%), зауыттар мен фабрикаларды жұмысшылар жағынан, помещиктердің жерлері шаруалар жағынан тартып алу өтті. Бұл қозғалыс 1920 жыл жаз аяғында ең үлкен өріс алған кезі болды.

Милан, Туринде ондаған кәсіпорындар жұмысшылар басқаруына өтті. Туринде кәсіпорындар жұмысшылардың қолында 3 апта болды.

Осындай жағдай буржуазиялық үкіметті маңызды реформаларға мәжбүрледі: жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыру туралы заң, игерілмеген (необработанная) жерге өзінше (самовольно) иеленудің мүмкіндігі туралы жарлық шығарылады.

Дүниежүзілік соғысы аяқталуымен Италияда бірінші фашисттік ұйымдар пайда болады. Әр түрлі элементтерден құрастырылған болып, олар алғашқы еңбекшілерді өз жағына тартатын бағдарламалармен шығады: 8-сағаттық жұмыс күні, әйелдер мен еркектер үшін бірдей жалпы сайлау құқығы, баспасөз бостандығы, ұлттар теңдігі туралы да айтылып жатты. «Фашизм» сөзі келіп жыққан «фашио» сөзінің өзі Сицилияның оны «бірлестік, бірлік» мағынасында қолданған шаруаларыннан алынған.

Дегенмен, 1920 жылғы революциялық оқиғалар фашисттерді өздерінің негізгі мақсаттарына сай таптық тұрғысын иеленуге мәжбүрлейді.

Әскери қызметтен босатылған, тағыда ызаланған (озлобленный) әскері офицерлермен басқарылатын жауынгер топтар жұмысшылардың ақшаларына құрылған халық үйлерді, клубтарды, прогрессивті баспасөз баспаханаларын талқандап, жойды. Жұмысшылар одақтарының, шаруалар бірлестіктерінің, кооперативтерінің жетекшілері жалпы террорға душар болды.

Үкімет фашисттерге бөгет жасады емес, бәлкім оларды қоштаған да болды. Фашизм жалпы кәсіпкерлер және помещиктік одақтардың конфедерациясы жүзінде (в лице) құдіретті қожайындарға ие болды. Қожайындығымен бірдей одан ақша келе жатты. Фашисттік ұйымдардың саны көбееді.

Үкіметтің бостығынан, одан да көбірек жұмысшылар қозғалысының быдыраңқылығынан пайдаланып, фашисттік басшылық билікті қолдарына алу комитетін құрып, 40 мыңдық жақтастарының тобын Римға жорығын ұйымдастырады.

Үкімет бұл топты жоюдың көптеген мүмкіндіктерінен пайдаланбады (мысал, оққа тұтудың өзі жетер еді)

Бірақ, король мен оның жақтастары басқа шешім қабыл алды: фашист партиясының басшысы Италияның премьер – министрі етіп тағайындалды.

Парламентті тікелей таратып жіберу үшін не істерін білмеген Муссолини онда көпшілік дауыс алуға жетті. Оған қарсы шыққан депутат Маттеоли өлтірілді. Бұған наразылықтарын білдіріп, социалисттер мен республикашілдер тактикалық қатеге жол беріп, парламент құрамыннан шығып кетеді.

Билікті нығайтып, Муссолинидің үкіметі демократияға шабуыл жасайды.

1926 жылы қаңтар айында ол өзіне парламенттен тыс декрет шығару өкілеттігін алды.

Одан бұрын, 1925 жылғы «Үкімет басы өкілеттіліктері туралы» заңында премьер-министр парламент алдында жауап бермейтін, тәуелсіз етіледі. Министрлер оның жайша жәрдемшілеріне айналады. Олар оның ерігімен тағайындалатын, сондай-ақ босатылатын болған.

Солай етіп, заң шығару, үкіметті бақылау құқықтары тартып алынған парламент керексіз болып қалады. Бірақ, ол «халық пен үкімет» бірлігін көрсету үшін сақталып қалды.

Фашисттік реформалар үш топқа бөлінді:

1) Парламентке депутаттарды сайлау тізіміндегі кандидаттар фашисттік одақтар жағынан ұсынылған. Сайлаушыларға тек осы тізімді бекіту «құқығы» ғана берілген болған.

2) Фашисттік партиядан басқа партияларға тыйым салынып, ол мемлекеттік аппарат құрамына бөлшек ретінде енгізіледі. Партия кеңесінің төрағасы үкімет басы болу тиіс еді. Бұл Кеңес конституциялық мәселелерді шешкен, ең маңызды заң жобаларын талқылаған, жоғары лауазымдарға тағайындау да одан тыс өтпеген еді.

3) Террор: Фашисттік режим басудан, қанды талқандаулардың жолынан басқа биліктен айрылмаудың жолын білмейді. Сондықтан, ол режим жауларымен күрестің арнайы «полиция соттарын» құрған еді. Оның мүшелері: полиция бастығы, прокурор, фашисттік милиция бастығы, т.б., болды.

Өндіріс салалары бойынша мемлекетте 22 корпорация құрылып, әр қайсысының басшысы Муссолинидің «өзі» болған. Сондай – ақ, корпорациялардың министрлігін де өзі басқарды.

Корпорацияларға заң бойынша еңбек шарттарын (жұмыс уақытын, ақы төлеулерді) белгілеу жатқан.

1940 жылы антикоминтерндік пакт бойынша Германия мен Жапонияларға жақтас Италия, - Франция мен Англияларға соғыс жариялайды. Біраздан соң Грецияға шабуыл жасайды. Италиядағы фашисттік пресса Ұлы Рим империясының қайтарылуы туралы уәделермен толықтырылды. Ақыры күтілгендей болмады.

Лекция №:26. Қазіргі замандағы бужуазиялық құқықтың негізгі белгілері.
Жоспар.
1.Қайнар көздері.

2.Азаматтық құқық.

3.Әлеуметтік заңдар.

4. Қылмыстық құқық.

5. Сот және іс жүргізу.
1
Наполеон Кодексіне 150 жылдан асты. Бұл дәуір ішінде экономикалық және әлеуметтік өзгерістер оның әсеріне дерлік әрекет өрісін де қалдырған жоқ.

Бұл жағдайдың себебі заңдар саны аса көбеюінде. Мысал, тек Францияда 10 жыл ішінде одан алдыңғы 40 жылда шығарылған құқықтық актілердің саны жасалған екен (4 есе көбейген). 1994 жылы Францияның 1810 жылы әрекетке енгізілген қылмыстық кодексі күшін жойды.

Заң шығарудың соншалық үлкен көлемі заңдардың баспасөзден шықпай жатып, ескіруіне әкеп соғуын Англиялық заңгер Аллен көрсетіп жазған еді.

Сот практикасы Францияда қалай болса, Ф Р Г, Англия және Америкаларда да солай, құқықтың негізгі қайнар көзіне айналды.

Ескі прецеденттік құқықтың мәні Англия мен Америкада жойылмасада, төмендеді. Прецеденттік құқық кәзіргі құқықтық қатынастарды ретке келтіру үшін тым күрделі болып келе жатыр. Оның күрделілігі бұл құқықтың қоғамға ғана емес, бәлкім заңгер мамандарына да түсініксіз болып қалуына әкеп соқты.

Бұл жағдай осы құқықтың саласын жақсартуды талап еткені үшін, 1966 жылы Лордтар палатасына бұрын өткен шешімдерден тыс шығу рұқсат етілді. Әрине, бұл өзгерістерді, осы принціпті енгізу ұзаққа алып баруы мүмкін.

Құрама Штаттарда федеральді заңдар кішкене азаматтық құқықтық қатынастардың тобын ғана ретке келтіреді (шетелдіктер мен сауда, штаттарара сауда, авторлық және потенттік құқық). Қалған салаларда штаттардың заңдары қолданылады. Ал прецеденттік құқық әр бір штаттың бірінде ерекше. Бұнда заңдардың көпшілігіне анықтық енгізу үшін коллизиялық құқық істен шығарылды. Оның мақсаты- федерация нормаларын штаттардың құқықтық нормаларымен, ал соңғыларды - өзара келістіру болды.

АҚШ-тағы құқықты жүйеге келтіру жолында жеке (частный) кодификациялар бірінші қадам болып қалды.

Жақында істен шығарылған біртұтас сауда кодексі штаттардың заңшығаратын палаталарымен негіз ретінде қабылданды. Оның ерекшеліктері әрбір штатта бола тұрып, негізгі келбеті ғана сақталады. Бұл жағдайды сот анықтығымен сот ықтиярлығы (усмотрение) шексіздігін (неопределенность) болдырмауға ұмтылу десе болады. 1962 жылы Америка құқығы институтымен үлгілі (образцовый) қылмыстық кодекс істеп шығарылды. Соның негізінде Нью-Иорк штаты өз қылмыстық кодексін қабылдады.

Президентке қарсы қасақана істер (Далласта Д.Кеннеди өлтілгеннен кейін) 1965 жылғы заңмен федеральді биліктердің хабардарлығына берілгені үлкен жаңалық болды.


2
Өткен 100 жылдық ағысында “Меншік қол сұқпаушылығы”, “Меншік құқығының шектелмегендігі”, “Меншік істерге мемлекеттің араласуын болдырмау ” туралы айту көп болған.

Қазіргі буржуазиялық авторлардың пікірі басқаша. Олар “Меншікті шектеу”, ”Меншік құқығын қатаң қысу”, ”Меншікті социализациялау”, “Меншік құқығын қоғамның мақсаттарында және мемлекеттік бақылауда қолдану” түсініктерінен пайдаланатын болып қалды.

Меншік құқығына қарасты өзгерістердің маңыздылары келесіде:

Өткен ғасырдағы заңдар жер иесінің меншігінен жер астындағы қазба байлықтарды шығарды. Олар жер иесін су қуаты және ауа кеңістігінен пайдалану құқықтарынан айырды.

Теміржол, өнеркәсіптік құрылыс үшін жериелікті алу тәртібі жеңілдетілді (әскери база, аэродромдар үшін оданда оңай болды). Дегенмен жериеленудің бұл шектеулері қоғамның мүдделеріне бағытталып, әлеуметтік сипатта болғанымен, олар көбірек ірі монополия және банкілер мүдделеріне сәйкес болды. Себебі, бұл көлемдегі құрылыс тек олардың қолынан ғана келетіні айқын. Бірақ жалпы айтқанда, жериелену құқықтарының осындай шектеулері жеке меншік доктринасына қайшы емес.

Мемлекеттік ретке келтіру экономиканың әртүрлі салаларында қолданылатын болып қалды: әсіресе өндірісте, тауар шығару мен сатудағы дағдарыс құбылыстары пайда болған жағдайда, ақша және несие өрістерінде т.б.

“Келісім жасау еркіндігі” принципі де маңызды өзгерістерге дұшар болды.

Базарды иелеп, тауарларға тұрақты нарық орнатқан ірі монополиялардың пайда болуы “Еркін бәсекеге” күшті соққы болды.

Тауар алушылар нәтижесі айқын таңдаудың алдына қойылды: монополиялар орнатқан нарықта тауар сатып алу немесе ештеңе ала алмай кету. Дегенмен, кейбір экономика салаларында бұндай зорлық- зомбылыққа шыдап болмайды. Мысал, көлікте, электр, газ шығаруда т.б.

Өйткені, бір монополия нарық көтергені басқа салалардағы монополияларды да дәл осындай әрекетке мәжбүрлейді.

Бұл жағдайлардың шарасыз нәтижесі мемлекеттік араласу, мемлекеттік ретке келтіру болып қалды.

Ретке келтірудің мысалы ретінде мынадай фактіні алса болады. АҚШ конгрессі көпшілікке танылған Телеграф–телефон компаниясын жойып, оны 5 кішігірім компанияларға бөлінуді ұсынды. Телефон қызметтеріндегі бағалар бірден жартылай арзандады. Мұның себебі монополия жойылып бәсеке басталуында.

Жалпы айтқанда, экономиканы үкімет жағынан басқару дағдарыс кездерінде өз пайдасын көрсетіп, Ф Рузвельтпен бірінші болып қолданған “Жаңа курстың” нәтижелілігін дәлелдеді.

Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі бітімдердің “Қасиеттілігі” мынада еді: егер бітім жасасқандар оның шарттарын өздері өзгертпесе, олардың орындалуы міндетті болған.

Кейінше, Францияда болмаған жағдайлардың теориясын қолдану енгізіледі: мысал, соғысқа дейін түзілген контракт бойынша құрылыс жүргізген компания бұрынғы шарттардың зияндылығын көрсетіп, жұмысы үшін нарықты өзгертуді талап етсе, сот оның арызын қанағаттандырып, прецедентке жол ашты: егер экономикада ойда болмаған жағдай туындаса, судьяларға бітім “өзгермеушілігі” принціпінен шегіну рұқсат етілді.
3
Ұзақ күрес нәтижесінде капиталисттік мемлекеттердегі жұмысшы тап маңызды реформаларды енгізуге жетті:

8-сағаттық жұмыс күні буржуазиялық заңдарда мойындалды. Кейбіір мемлекеттерде жұмысшылардың қозғалыстары, кәсіподақтары капиталисттерге 40-42 сағаттық жұмыс аптасын, әр апталық демалыстарды енгіздірді.

Ең алғашқы 8-сағаттық жұмыс күні Австралияда 1850-інші жылдары орналасты. 5-күндік жұмыс аптасы бұл жерде ХХ ғасырдың басында енгізілді .

1838 жылы АҚШ конгресі 40-сағаттық жұмыс аптасын, қосымша (сверхурочная) жұмыс үшін көтерме ақы төлеуді орнатты. Осы кезден бастап 40-сағаттық жұмыс аптасы бір қатар мемлекеттерде мойындалып, заңдарына, коллективтік бітімдеріне енгізілді.

5-күндік жұмыс аптасы тек 2-інші дүниежүзілік соғысынан кейін ғана кең қолданылатын болып қалды.

Кәсіптік одақтар да үлкен табыстарға жетті: 1935жылғы Вагнер заңымен АҚШ-та кәсіптік одақтардың жұмысшылар атынан кәсіпкерлермен коллективтік бітімдер жасау, ереуілдерді өткізу құқықтары мойындалды.

Коллективтік бітімдерді жасау үкімет саясатының бөлігі болып қалады. Мысал, Францияда 1936жылдан бастап, кәсіпкер және кәсіптік одақ өкілдерінен құрастырылған аралас комиссиялар өнеркәсіптің белгілі саласы, аумағы үшін міндетті бітімдерді жасау құқығына ие болды; еңбек министрлігі бекіткеннен кейін ол үкімет қаулысымен бірдей күшке енген болған. Бітімдерге шарасыз енгізілетін ережелердің бірі жалақы мөлшерін орнату болып қалады.

Жұмысшылардың ереуілдерге құқықтары буржуазияшыл мемлекеттердің көпшілігінде мойындалып, әр қайсысында анық шектеулер де қойылған.

Батыс Германияда еңбек даулары бойынша федеральды сот үкіметке жәрдем етті: оның шешімімен саяси ереуілдерге, коллективтік бітімдерді бұзушы, сондай-ақ “әлеуметтік жағынан ақталмаған ” ереуілдерге тыйым салынды.

Италияда конституциялық сот тек экономикалық ереулдерді заңды деп таниды. Басқалары қылмыстық тәртіпте жазаланатын болды.

Жалақы минимумының орнатылуы буржуазияшыл мемлекеттердегі заңдардың жетістігі деп біліуіміз тиіс. Дегенмен, осындай жалақының төменгі деңгейін орнатқан мемлекеттер онша көп емес: Англия, Франция, АҚШ, Аргентина, Бразилия , т.б.

Бұл мемлекеттердегі жалақы төменгі деңгейінен көбінше асып тұрады.

Ауру және жұмыссыздық бойынша жәрдемақша, кәрілік бойынша зейнетақы, басқа әлеуметтік сақтандыру (страхование) қаржыларының қорлары еңбекшілердің өзіндік есептерінен құрылады.

Америкада зейнетақы еркектерге 65-тен, әйелдерге 62-ден асқандарға беріледі. Одан басқа ері қалай болса, отбасы анасы да сондай-ақ, ері істеген стажына қарай есептелген зейнетақыға құқылы: балаларды тәрбиелеу ұлттың пайдасына кіретін басқа еңбектік іс-әрекет түрлеріне теңестірілді.

4
Буржуазияшыл қылмыстық құқығының тарихы екі дүниежүзіліік соғыстардың арасындағы дәуірдің өзгерістерін айтып өтпесе толық болмас еді.

Екі фактор пайда болуын еске алуымыз керек. Біріншісі–төтенше заңдар шығарылуын, екіншісі – соттан тыс репрессияларды (қатыгездікті ).

Төтенше заңдардың мазмұны бірдей болып, көбінше компартиялардың, кәсіптік одақтардың әрекеттеріне, ереуілдерге тыйым салу немесе шектеу еді.

Бұл жағдайда заңдар диспозициясы жалпы, анық емес жазылып, тергеу орындары мен соттың зорлық-зомбылықтарына жол ашады. Төтенше заңдармен белгіленген жазалар өте қатаң еді: өлім жазасы, өмірлік қамау, т.б.

Төтенше заңдар мен соттан тыс қатыгездік әсіресе фашизм дәуірінде кең қолданылды. Концлагерьлерде өлтірілгендердің саны 12-15 млн–ға жетті. Одақтас мемлекеттердің өзінде соғыс кезінде өлгендердің саны 40 млн-нан асты .

Халықаралық әскери трибунал гитлершілердің сотында оларды бейбітшілікке қарсы қылмыстарда айыптады.

Әскери қылмыстарға әскери тұтқынға алуды, оккупацияланған аумақтардың халқын қыру, Германияға зорлықпен жұмысқа мобилизациялау жатқызылған еді.

Адамгершілікке қарсы қылмыстар– “ қасахана және жүйелі түрде халықты қыру, бұл дегені белгілі нәсілдік немесе ұлттық топтарға жатқан адамдардың көпшілігін қыру”деп анықталған. Істің мерзімі 20 жыл (ескіру мерзімі) өткендегімен нацисттік қылмыскелерді ақтау үшін ҒФР-да қолданылған принцип келесілерге негізделген болған:

1) бұйрық орындаған адам айыпты емес. (Дегенмен, жоғары сот бұны бекітпеді: “басшылардың қылмыстық бұйрықтарын орындау орындаушылар әрекеттерінің қылмыстылығын жоймайды”).

2) ұзақ мерзім өткеннен кейін қылмыс жағдайларын анықтаудың қиыншылықтары соттық қатеге әкеп соғу мүмкіндігін есепке алу. Бүл ережелерді Англия, Канада, Дания, Франция, көптеген басқа мемлекеттер де мойындамады.

Жалпы қылмыстықпен күресу үшін буржуазияшыл құқық әр түрлі әдістерден пайдаланады. Бұлардың бірі қылмыс қайталану үшін жазаны күшейту. АҚШ заңдары бойынша қайталанған қылмыс үшін берілетін қамау мерзімі екі есе асады, төртінші қылмыс үшін өмірлік қамау қолданылады.

Ұзақ дәуір буржуазияшыл құқықта превентивтік жаза қолданылған (үш рет сотталғандардың жаза мерзіміне 5-тен 14 жылға дейін қосып беру мүмкін еді).

Дегенмен, Англияда бұл жазаның түрі қылмыстық заңдарынан 1967 жылы алып тасталды.

Қазіргі дәуірде өлім жазасы дүниенің 80- нен асық мемлекетінде жойылды, орнына өмірлік қамау қолданылатын болды (ГФР, Италия, Швейцария, Англия, Франция, сондай-ақ АҚШ-тың көп штаттарында, Бельгия, Голландия, Дания, Норвегия, Жаңа Зеландия, Израильде).


5
Сот құрылысы және процесінде присяжнойлар сотын жою немесе “реттеу” тенденциясы байқалды.

Францияда 1932 жылғы заңда кәсіптенген судьялар мен присяжнойларды жақындастыру (сближение) тенденциясы белгіленген еді. Ал 1941 жылы бұл жерде присяжнойлар соттан жалпы жойылып, бірлескен коллегия ішінде 3 кәсіптенген және 6 кәсіптенген емес судьялар кеңесуі тиіс еді. Присяжнойларға қарсы жорық өз негізінде репрессияларды (жазаны) күшейту, кәсіптенген судьяларды “көше” вердиктынан азат етуге ұмытылу еді. Істің маңызын түсіну үшін мынадай мәліметтерді келтіру жеткілікті: Францияда присяжнойлар соты жойылғаннан кейін ақтаушы үкімдер бір жылда 9%-ды құрды, 1928 жылы болса олардың саны - 38, ал 1930 жылы-25% еді.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін присяжнойлар соты қайтарылды, дегенмен, Астрияда, Францияда присяжнойлар мен судьялар бір коллегияда, бірлескен мәжілісте қатысулары енгізілді. Батыс Германияда присяжнойлар ролін төмендету, ал судьяларды жоғарылату тенденциясы байқалды. Америкада да присяжнойлар сотын “тергеу комиссиялары” мен ауыстыру әрекетін байқау мүмкін болды.

Бұл теңденция присяжнойлардың кейбір қасиеттеріне байланысты болып, судьялар жағынан мынадай аргументтер келтіріледі: Присяжнойлар кездейсоқ таңдалып, тисті дайындыққа ие емес, бірінші пікіріне берілген, детектив оқумен бұзылған болады, т.б. .

Англияда көпғасырлық традицияны бұзып, 1967 жылы присяжнойлар бір ауыздылығы (единогласие) жойылып, квалификациялаушы көпшілік заңды етілді. Демек, вердикт заңды болу үшін, 11-ден 10-ы, 10-нан 9-ы бірдей дауыс бергендері жеткілікті болды. АҚШ-тың полициясында, кейінрек соттарында да “жалғандық детекторлары” қолданыла бастады. Дегенмен, бұл жолмен алынған жауаптар сот үшін міндетті емес, процес кезінде де айтылмайды.


Шетелдердің мемлекет пен құқық тарихы барлық тақырыптары бойынша оқып үйренуге ұсынылатын нормативті актілер мен негізгі әдебиеттер:



  1. История государства и права зарубежных стран. В 2-х т. /Под ред. Крашенинниковой и О.А. Жидкова М., 1988.

  2. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права М. 1996

  3. Всеобщая история государства и права./ Под.ред Батыр К.И. М., 1997

  4. Омельченко В. Всеобщая история государства и права. В 2-х т. М., 1998

  5. Античная Греция: Проблемы развития полиса М., 1983

  6. Бартошек М. Римское право (понятия, термины, оперделения) М., 1989

  7. Бонгард-Левин Г.Т. Индия в Дверности М., 1985

  8. Громаков Б.С. История рабовладельческого государства и права (Афины и Спарта) М.,1986

  9. Нечай Ф.М. Образование Римского государства. Минск, 1972

  10. Кычанов В.И. Основы средневекового китайского парва VII-XII вв. М., 1986

  11. Батыр К.И. История феодального государства Франции. М., 1975

  12. Галанза П.Н Феодальное государсво и право Германии. М., 1963

  13. Литварин Г.Г Византийское общество и государство в X-XI вв. М., 1977

  14. История фашизма в Занадной Европе. М., 1978

  15. Китай в новейшее время М., 1981

  16. Мишин А.А Власихин В.А Конституция США: политико правовой комментарий. М., 1985

  17. Норман М. Возникновение современного государства и права США. М., 1983

  18. Современный буржуазный феодализм. М., 1976

  19. Уоркер С. Английская судебная система. М., 1980

  20. Очерки новейшей истории Японии. М., 1957.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі


“Сырдария” университеті

“Заңтану – тарих” факультеті

“Құқық” кафедрасы


Шетел мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша 050301 “Заңтану” мамандығының студенттері үшін



СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Жетісай – 2005 ж.


СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ






Сабақтың тақырыбы, мазмұны


Әдебиеттер

1

Құлиеленушілік мемлекет пен құқық

“Мемлекет және құқық жалпы тарихы” пәнінің қызметі

“Мемлекет құқық” түсініктері

Мемлекет және құқық жалпы тарихының қызметі мен пәні

“Мемлекет және құқық жалпы тарихы” пәнінің жүйесі


Ә-1-16


2

Ежелгі шығыс мемлекеттері


Ежелгі мысыр

Ежелгі вавилон

Ежелгі қытай (Шын елі)

Ежелгі индия (Үндістан)



Ә-1-15

3

Ежелгі Рим


Ежелгі Римдегі Құлиеленуші мемлекет

Рим империясы

Рим құқығы


Ә-1-16

4

Феодалдық мемлекет және құқық


Батыс Европа елдеріндегі феодалдық мемлекет және құқық

Ерте феодалдық франктер монархиясы

Франциядағы феодалдық мемлекет

Англиядағы феодалдық мемлекет Германиядағы феодалдық мемлекет



Ә-1-15

5

Батыс Европа елдеріндегі феодалдық құқық


Феодалдық құқықтың қайнар көздері

Заңгерлер құқық қолдануы

Сот құрылысы және сот сіін жүргізу мүліктік отбасылық, қылмыстық құқық


Ә-1-16

6

Қалалар мен қалалық Республикалар


Қалалар пайда болуы

Қалалардың дамуы Сословнилік өкілдік мекемелер



Ә-4-15

7

Орта ғасырлардағы Рим шіркеуі


Христиан дінінің пайда болуы, оның рим империясы дәуіріндегі ролі

Жоғарлауы

Инквизиция


Ә-1-16

8

Азия елдеріндегі феодалдық мемлекет және құқық

Қытайдағы феодалдық мемлекет

Жапониядағы феодалдық мемлекет

Араб халифаты



Ә-4-15

9

Феодалдық Орыс мемлекетінің құрылуы

Шығыс славяндардағы мемлекет құрылымдардың пайда болуы Киев Русі

Бір орталыққа бағынған орыс мемлекетінің құрылуы. Иван Грозный

І-Петрдің билікке келуі



Ә-4-15

10

Туркийа

Сел жоқ сұлтандығы

Осман империясы


Ә-1-16

11

Жаңа дәуірдегі буржуазиялық мемлекет және құқық

Буржуазиялық революциялардың экономикалық және саяси субъектері мен салдары

Буржуазиялық мемлекет пен құқықтың пайда болуы, оның тарихи кезеңдері

Империялардың пайда болуы және империализмге өту.



Ә-1-15

12

Англия


Англиядағы буржуазиялық мемлекеттің құрылуы

Буржуазиялық мемлекеттің құрылуы

Англиядағы парламенттік монархияның қалыптасуы


Ә-1-16

13

Америка құрама штаттары


Құрама штаттардың пайда болуы

Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы соғыс

Соғыстың салдары


Ә-1-15

14

Франция


Франциядағы буржуазиялық революция: Құрылтай жиналысы Ұлттық конвент

Буржуазиялық революцияның якобиншілдер дидактурасы кезеңі Директория Консулдық

Франциядағы 1848 жылғы революция. Париж Комунасы мемлекеті мен құқығы үшінші Республика


Ә-1-15

15

Германия


Герман одағы

Герман империясының құрылуы



Ә-4-15

16

Жапония


Жапониядағы 1858 жылғы буржуазиялық революция

1858 жылғы Конституция Мемлекеттік құрылыс



Ә-4-15

17

Қытай


Империалистік мемлекеттердің Қытайды отарлауы

Тайминдер мемлекеті

1911 жылғы революция. Республиканы жариялау.


Ә-4-15

18

Ресей


19 ғасырдың басындағы реформалар

60-70 жылдардағы реформалар

Империалық басқару жүйесінің қалыптасуы





19

Буржуазиялық құқықтың пайда болуы және оның 19-20 ғасырлардың басындағы дамуы.

Конституциялық құқық Буржуазиялық құқықтың екі негізгі жүйесі

Буржуазиялық азаматтық құқықтың дамуы Буржуазиялық қылмыстың дамуы

Сот құрылысы процесс



Ә-4-20

20

Екі дүние жүзілік соғыстар аралығындағы буржуазиялық демократиялар

1-Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы буржуазиялық демократиялар

Капиталистік мемлекеттердегі демократиялық реформалар

Колониялар мен тәуелді мемлекеттердегі ұлттық азаттық қозғалыстар




Ә-4-20

21

Америка Құрама Штаттары


Мемлекеттік Монополистік капитализмнің дамуы

Ф. Рузвельттің “Жаңа бағыты” оның экономикалық және құқықтық салдар



Ә-4-20

22

Ұлыбритания


Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі монополистік капитализмнің дамуы

Әлеуметтік және саяси өзгерістер



Ә-1-20

23

Франция


Әлеуметтік және саяси өзгерістер

Төртінші Республиканың пайда болуы

Генерал де Голль


Ә-4-20

24

Германия


Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі өзгерістер

Фашистік диктатураның орнауы

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі мемлекеттік жүйе


Ә-1-20

25

Италия


Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі экономикалық және саяси жағдай

Фашистік диктатураның орнауы, соғыстан кейінгі саяси өзгерістер



Ә-1-20

26

Қазіргі замандағы буржуазияшыл құқықтың негізгі белгілері.

Қайнар көздері.

Азаматтық құқық.

Әлеуметтік заңдар.

Қылмыстық құқық.

Сот және іс жүргізу.




Ә-1-19


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет