Сабақ Сойыс өнімдеріне қойылатын стандарттың сапасын бағалау. Сабақтың мазмұны


Орташа қоңдылықтағы өгіз бен сиыр еті



бет2/5
Дата16.06.2016
өлшемі325 Kb.
#139867
түріСабақ
1   2   3   4   5

Орташа қоңдылықтағы өгіз бен сиыр еті

Бұлшық еттері қанағаттанарлық дамыған. Сан еті аздап тартылған, арқа және белдеме омыртқаларының сағақтары, шонданай төмпешігі, жауырыны, жамбас сүйегі аздап білінеді. Тері асты майы 8-ші қабырғадан шонданай төмпешігіне дейін ұшырасады. Майсыз аралықтарда ұшырасуы мүмкін. Бұл категорияға бұлшық еті жақсы дамыған, шонданай төмпешігі маңында, аздаған арқада және соңғы қабырғада май жиналғаны байқалған ұшаларды да жатқызады.


Орташадан төмен қоңдылықтағы өгіздер мен сиырлардың еті
Бұлшық еттері өте нашар дамыған. Сан еттері толмаған, ойық жерлері бар. Арқа және белдеме сабақтары, сербек және шонданай төмпешігі шығыңқы. Шонданай төмпешігінде, белдемеде және соңғы қабырға тұсында майдың жұқа ізі байқалады. Бұл категорияға бұлшық еті жақсы жетілген, бірақ майсыз ұшаны да жатқызуға болады.

Бірінші категориялы бұқа еті




Бұлшық еті жақсы жетілген. Қол - сан еттері толық дамыған, омыртқалардың сабақтары шығыңқы емес.


Екінші категориялы бұқа еті


Бұлшық еттерінің жетілуі қанағаттанарлық. Қол - сан еттері толық жетілмеген. Жауырын және омыртқа сабақтарының басы, сербек және шонданай төмпешіктері аздап шығыңқы.

Жоғарғы қоңдылықтағы жас мал еті

Бұлшық еттері жақсы жетілген. Арқа және белдеме омыртқаларының сабақтары шығыңқы емес. Қол, сан еттері толық, құйрық түбінде май жиналған, ал шонданай төмпешігінде, белдемеде, қабырға сыртында және санында майланған аймақтар кездеседі.



Орташа қоңдылықтағы жас мал еті

Бұлшық еттері қанағаттанарлықтай дамыған. Арқа және белдеме омырқаларының сабақтары сәл шығыңқы. Қол және сан еттерінде ойық жоқ. Құйрық түбінде, санның жамбас тұсында, ішкі қабатында май жиналады. Бұл қоңдылық категориясына бұлшық еттері жақсы дамыған, бірақ майсыз ұшалар да жатады.


Ортадан төмен қоңдылықтағы жас мал еті
Бұлшық еттері нашар дамыған. Қол және сан еттері толмаған. Арқа және белдеме омыртқаларының сабақтары өте шығыңқы.
Ескерту.Ұшаны өнім ретінде бағалау кезінде еттің толық жетілуі мен тері асты майының жиналуына мұқият назар аудару қажет. Сақа малдардың еттері қанағаттанарлықтай дамып, арқа, белдеме сабақтары, шонданай және сербек төмпешіктері сәл шығыңқы болғанымен, 8 қабырғадан шонданайға дейін май араласқаны байқалса, мойынында, жауырынында, алдыңғы қабырғаларда, жамбаста, шабында май ұлпаларының шоғырланған аймақтары байқалса, онда бұндай ұшаларды бірінші категориялы сиыр етіне жатқызуға болады.

Жас малдардың бұлшық еттері қанағаттанарлық дамыған болса, арқа, белдеме сабақтары шығыңқы, жауырынында аздаған ойық болса да, құйрық түбінде, жамбастың, төс сүйектің ішкі жағында және 4 - 5 арқа омыртқа сабақтарының тұсында май сілемдері кездессе, ондай ұшаларды да бірінші категорияға жатқызуға болады.

Сақа және жас малдардан алынған ұшалардың еттері нашар дамып, қол және сан еттері толмаса да, арқа, белдеме омыртқаларының сабақтары, шонданай, сербек төмпешіктері өте шығыңқы болса да, малдардың белдемесінде, соңғы қабырғаларда, шонданай төмпешігінде аздаған май ұлпалары жиналуы байқалса, екінші категориялы қоңдылықтағы сиыр етіне жатқызады.
ҚОЙ ҰШАСЫНЫҢ ҚОҢДЫЛЫҒЫ (МЕМ СТ 5111 -87)
Қой ұшаларын қоңдылығы бойынша үш категорияға бөледі: жоғарғы, орташа және ортадан төмен.

Жоғарғы қоңдылықтағы қой еті

Бұлшық еттері жақсы дамыған. Арқа омыртқа сабақтарының сүйек ұштары шығыңқы емес. Тері асты майы ұшаның барлық тұсын жауып тұрады.



Орташа қоңдылықтағы қой еті

Бұлшық еттері қанағаттанарлық дамыған. Арқа омыртқаларының сабақтары шығыңқы. Арқа тұсында, белдемеде, жамбаста және құйымшақта жұқа май ұлпаларының қабаты бар екені байқалады.



Ортадан төмен қоңдылықтағы қой еті

Бұлшық еттері нашар дамыған, сүйек ұштары жақсы байқалады. Тері астында май ұлпалары жиналмаған. Май ұлпалары жиналған жағдайда, ол өте жұқа қабықша түрінде ұшырасады.



Ескерту: Егер де ұшаның еттері жақсы дамып, арқа омыртқаларының сабақтары сәл шығыңқы болса да, бірақ та арқаны, белдемені толық май қабаты қаптаса, жамбаста, қүйымшақта аралас май қабаттары кездессе бірінші категориялы қой етіне жатқызады.

Егер де бұлшық еттері нашар дамып, сүйектері білініп тұрса, шоқтықта жұқа май қабаты, ал белдемеде құйымшақта, жамбаста, аралас жұқа май қабаттары кездессе II категориялы қой етіне жатқызады.


ШОШҚА ҰШАСЫНЫҢ ҚОҢДЫЛЫҒЫ (МЕМСТ 1213 -74)

Тері асты майының қалыңдығына, ұша массасына және жасына байланысты шошқа ұшасын бес қоңдылық категориясына бөледі.



Бірінші категория: жас шошқалардың ұшасында бұлшық еттер жақсы жетілген, майы тығыз, аздап ақ түсті, қызғылт болуы мүмкін, ұша бойына бірқалыпты жайылған. Арқа омыртқаларының сабақтары үстіндегі ( 6-7 кеуде омыртқаларындағы ) майдың қалыңдығы 1,5 -3,5 см. Мойынындағы май ( ең жуан бөлігіндегі) қалыңдығы 1,5 см аспауға тиіс. Майдың қалыңдығын өлшейтін тұста ет пен май қабаты саны екіден кем болмауы тиіс және 6-7 қабырғалардың арасындағы майдың қалыңдығы бұлшық ет талшығының екі қабатынан кем болмауға тиіс. Жарты ұшаның ұзындығы бірінші қабырғаның төс сүйегіне қосылатын жерінен жамбас сүйектерінің қосылатын жеріне дейін 75 см - ден кем болмауы керек. Ұшаның терісімен қоса жалпы салмағы кемінде 53 кг. Терісі дақсыз, қатпарланбаған, ісігі және жарақаттары жоқ.

Екінші категория: Жас шошқалар мен толыспаған шошқалардың ұшасы. Терісімен қоса жалпы салмағы 39 кг. , терісіз жалпы салмағы кемінде 34 кг, үйтілген салмағы кемінде 37 кг, тері асты майының қалыңдығы 1,5 - 4,0 см. Жетіле бастаған шошқа ұшаларының терісімен қоса жалпы салмағы кемінде 12 кг. Терісіз салмағы кемінде 10 кг, тері асты майының қалыңдығы кемінде 1,0 см.

Үшінші категория: тері асты майының қалыңдығы 4,1 см және одан да қалың шошқа ұшасы. Салмағы есепке алынбайды.

Төртінші категория: аналық және піштірілмеген шошқалардың тері асты майының қалыңдығы 1,5-4 см., ұша салмағы есептелінбейді.

Бесінші категория: Жалпы салмағы 3-6 кг-нан төмен емес терілері ақ, бөрітпелері мен жарақаттары жоқ, қатпарланбаған торай ұшалары. Омыртқа сабақтарының басы мен қабырғалары білінбейді.

Ескерту: Тері асты майының қалыңдығын 6-7 қабырға арасының деңгейінде, арқа омыртқасының сабағынан үстіңгі жағынан өлшейді. Тері асты майының қалыңдығына терінің қалыңдығы кірмейді. Мұздатылған ұшалардың тері асты майының қалыңдығын өлшегенде 0,5 см-ге төмендетеді.
ЖЫЛҚЫ ҰШАСЫНЫҢ ҚОНДЫЛЫҒЫ (МЕМСТ 27095-87)
Жылқы ұшасы қондылығына байланысты 2 категорияға бөлінеді, ал

құлындарын бір ғана категорияға бөледі.



Бірінші категория: Дене тұрпаты жұмыр болып келеді, еттері жақсы жетілген, арқа және белдеме сабақтары білінбейді. Үлкен малдарда қабырғасы байқалмайды, тері асты майы жал мен құйрықтың түбінде, қолмен басқанда жақсы байқалады.Төлдерде сербек пен шонданай төмпешігі сәл шығынқы болуы мүмкін. Тері асты майы мойынында жиналады.

Екінші категория:Дене тұрпаты бұрыштанып келеді.Еттері орташа жетілген. Арқа белдеме сабақтары, сербек шонданай төмпешіктері шығынқы.Жалдан сәл ғана тері асты майының жиналғаны байқалады.

Бірінші категория: Құлындардың еттері орташа дамыған.Дене тұрпаты сәл бұрыштанып келеді.Арқа белдеме сабақтары, сербек, шонданай төмпешіктері сәл шығынқы, қабырғалары сәл байқалады, жалында аздаған май жиналуы мүмкін.
Тапсырма:

1. Сояр алдында қоңдылығы анықталған малдарды, сойғаннан кейін еттің салмағы мен сапасына қарай анықтап, айырмашылығы бар - жоғына баға беру.

2.Табын тізімінің негізінде (әр малдан) еттің шығымын анықтау. Оны қалыптағы жағдаймен салыстыру.

3.Экономикалық және ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан технологиялық үрдістерге сипаттама жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет