Ғимарат, ескерткіш, көркем әдебиет, музыка, сәулет, өнер туындылары атау- ларының алғашқы сөзі бас әріппен жазылады: Beıbitshilik pen kelisim saraıy, Qazmedıa ortalyǵy, Táýelsizdik saraıy, Áziret Sultan meshiti, I.Esenberlınniń «Kóshpendiler» trılogıasy,
«Alasapyran» romany, «Aıqyn» gazeti, «Qazdar qaıtqanda» áni, «Máńgilik el» monýmenti. Маңызды тарихи оқиғалардың, мереке атауларының алғашқы сөзі бас әріппен жа- зылады: Aqtaban shubyryndy, Jeltoqsan kóterilisi, Qurban aıt, Naýryz meıramy, Qazaqstan halqynyń birligi kúni, Bilim kúni. tapsyrma. Ózdіk dıktant. Halyqaralyq uıymdar, mekemeler, kásіporyndar, sheteldіk fırmalar ataýlaryn bіrneshe ret oqyp, ózіńіz jazyp shyǵyńyz.
Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесі (ДБК)
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)
Tәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД)
Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ)
Халықаралық Валюталық Қор (ХВҚ)
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ)
«Сорос-Қазақстан» қоры
Ұлыбританияның «Ноу хау фанд» қоры
АҚШ-тың «Юнайтед фрут компани» фирмасы
tapsyrma. Toptyq jumys. Sóılemderdі jańa álіpbımen jazyp, jańa ereje boıynsha taldańyzdar.
Оқушылар Астана қаласындағы Қазіргі заманғы өнер мұражайына барып, керемет туындылармен танысты.
«Қазақ елі» тарихи-мемориалдық кешені бүгінде еліміздің ұлттық мақтанышына айналып отыр.
1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алған елордамыздың сәулеті күн санап артып келеді.
Асылдың ойына Есіл өзенінде кемемен серуендеген сәті түсті.
Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы- калық драма театры жаңа маусымын ашық деп жариялады.
tapsyrma. Durys nusqasyn jańa álіpbımen jazyńyz. Ereje boıynsha ózіńіzdі tekserіńіz.