Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары: қалыптастыру, ынталандыру, уәждеу. Жоспар құруда тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу,қалыптастыру, оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау негізінде қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрі алынады.
«Бас бармақ»
әдісі бойынша оқушылар тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын біледі де, өзара бағалайды.
«Табыс сатысы» әдісі бойынша топ өзара бағалау жүргізіледі. Сабақты қаншалықты деңгейде меңгергенін стикерлер жабыстыру арқылы тиімді кері байланыс жүргізіледі.
Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушы оқу үдерісіне белсене араласып, одан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді. Өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар, сыныптастарын бағалау арқылы өзінің оқуын жетілдіреді.
Сабақ барысында оқушы денсаулығына қауіп тудыратын іс-әрекеттер болмайды. Оқушыларды қалай оқу керектігіне үйрету үшін қалыпты құрылған оқу ортасы болады; Ол ортада топтық және жұптық жұмыстар жүргізуге толық мүмкіндік жасалады; Сыныпта интербелсенді тақтаны қолдануда қауіпсіздік ережесі сақталады.
«Мәңгілік ел» идеясы,сабақ бойында тақырыпқа байланысты кіріктірілген пәндерден алынған ақпараттар құзыреттілікті дамытуға бағытталады.
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Сабақты оқушылар қаншалықты меңгергенін білу мақсатында «Қ.Қ.Қ әдісі»бойынша рефлексия жүргізілді.
Маған қызық болған екі нәрсе
|
Маған қиын болған екі нәрсе
|
Маған құнды болған екі нәрсе
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |