Сабақ тақырыбы: «Ағымдағы банктік шотының операциялары есебі»


Борыштық бағалы қағаздар –



бет12/44
Дата08.04.2024
өлшемі0.58 Mb.
#497966
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
«Қаржылық есеп» пәнінен дәріс материалдары

Борыштық бағалы қағаздар – пайыздарды төлеуді немесе негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады.

  • Инвестициялық бағалы қағаздар – эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.

  • Фондалық бағалы қағаздар – көптеп шығарылуымен ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.

  • Ссудалық бағалы қағаздар – коммерциялық бағытқа ие. Олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларда орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

    Депозитті сертификат – салушының депозитті алуға құқығын куәландыратын ақша қаражаттарын депозиттен өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік.
    Депозиттер – бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары.
    Бондармемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері.
    Қазыналық вексельдер – мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі, олардың пайыздық купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады.
    Қазыналық ноталар – қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі.
    Шартты бағалы қағаздарбұл опциондар, варранттар, қаржылық фьючерстер, алуға ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.
    Опцион – опциондық контрактінің нәтижесі болып табылады, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы қағаздарда алдын-ала ескерілген бағасы бойынша алуан немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады.
    Варрант – бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар.
    Фьючерлік контракт – мәміле жасасу кезінде белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген бағалар бойынша уағда етілген құндылықтар көлемін жеткізіп беру туралы келісім жасалған құнды қағаздар.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет