Курс тақырыбы 1.2.: Ақшалай қаражаттар, есеп айрысу және несиелік әрекеттер есебі.
Сабақ тақырыбы №4:Кассадағы операцияларды құжатпен рәсімдеу, есептілік және есеп беру.
?1. Касса әрекеттерінің есебі және касса бойынша жауапкершілік
?2. Касса әрекеттерін құжаттандандыру
?3. Кассадағы ақша қаражаттарын түгендеу.
1. Касса қолма-қол ақша қаражаттардың қабылдау, беру және уақытша сақтауға арналған арнайы жабдықталған және оқшауландырылған орны.
Кассалық әрекеттерді кассир жүзеге асырады. Кассир мен және оның міндеттерін жүзеге асыратын тұлға бухгалтермен жеке еңбек келісім шартын жасағаннан кейін жұмысқа қабылдау туралы сәйкес бұйрық шығарылады. Содан кейін ұйым басшысы өзімен дайындалып бекітілетін кассалық әрекеттер есебін жүргізу ережесімен таныстыру қажет. Кассир осы ережеге қол қоя отырып, танысқаннан кейін міндетті түрде онымен толық материалдық жауапкершілік туралы келісім шарт жасалынады. Оның негізінде кассир кассадағы ақша қаражатының сақталуына, бастапқы кассалық құжаттардың дұрыс толтырылуына және кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуіне толық жауапкершілікпен атқарады.
Кассадағы операциялар есебі 1011 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттар» 1012 «Кассадағы валютамен ақша қаражаттары» шоттарында жүргізіледі. Кассалық әрекеттер №2 ҚЕҰС сай жүргізіледі.
2. Кассаға ақша қабылдау кіріс кассалық ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қолын қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен касиир қол қойған ашаны қабылдағаны туралы түбіртек квитанция беріледі. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен жазылады. Оған ақша қаражатын басқарушы ретінде ұйым басшысы, бас бухгалтер, кассир және ақша алушы тұлға қолын қояды. Ақша берілген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмерін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.
Барлық орындалған кассалық құжаттар кассирмен жинақталады, және олардың негізінде кассалық кітап толтырылады. Кассалық кітап нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кіммен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмері, корреспонденцияланған шоты, сомасы көрсетіледі. Күн сайын жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және қалдықты есептейді.
Кітапта жазбалар көшірме қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі. Екінші данасы жыртылатын беті кассирдің есебі қызметін атқарады. Ол барлық құжаттар мен бірге бухгалтерияға беріледі. Бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай №1 журнал-ордер (регистрлер) толтырылады. Айдың аяғына қалдық шығарылып, бас кітапқа жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |