Ұйымдарда негізгі құралдардың есебі ҚЕҰС-на сәйкес жүргізіледі.
Негізгі құралдар келесідей жіктеледі:
1. Өндіріс процессіне қатысу сипатына байланысты:
Өндірістік - өндіріс процессіне қатысатын тікелей объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеуге немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды. НҚ пайдалануын сипаттайтын көрсеткіш қор қайтарымы болып табылады, ол НҚ-ң бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай н/е ақшалай түрдегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес тұтынуға арналған құрал-жабдықтар жатады. (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық т.б.)
Иелігіне қарай:
Меншікті – субъектіге тиесілі және оның балансында тұрған құралдар.
Жалға алынған құралдар болып белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектілерден алынған НҚ. Уақытша жалға алынған баланстан тыс «Жалға алынған негізгі құралдар» шотында есептелінеді.
3. Пайдалану дәрежесі бойынша:
Жұмыс істеп тұрған өндіріс процесіндегі яғни, қолданыстағы (әрекет етіп тұрған) құралдар
Жұмыс істемейтін белгілі себептермен тоқтатылған және уақытша пайдаланбайтын негізгі жабдықтар
Қор ретінде тұрған - сақтауда тұрған келешекке, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар
4. Заттық құрамына қарай:
Мүліктік – заттай көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.
Мүліктік еместерге – пайдаланылатын жер, орман алқабы. Су ресурстары (қаржы салымы жерді өңдеу, жалға алынған НҚ күрделі қаржы жұмсау) т.б. жатады.
5. Мақсатына және атқаратын қызметіне қарай:
Ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары)
Үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма т.б.)
Жер ұйымның сатып алған жер көлемінің құны
Өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, электр өткізу желілері)
Машиналар (бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер, эксковаторлар, бетон араластыратын машина, жүк көтергіш, су өлшегіш құралдары, манометр, таразылар) т.б.
Көлік (тасымалдау) құралдары (жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркелмелер, тракторлар)
Құрал саймандар мен жабдықтар (диван, кресло, кілем, сейф) т.б.
Шаруашылық құралдар мен жабдықтар (шкаф, бак, контейнер) т.б.
Жұмыс және өнімдік малдар
Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер
Жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар
Басқа да негізгі құралдар т.б. (кітапхана қорлары)
2. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. №6 БЕС бойынша негізгі құралдарды бағалау келесідей жіктеледі:
Бастапқы құны – негізгі құралды сатып алуғанемесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, орнату, монтаждау, пайдалануға қоса шығындар, жеткізіп беру, несие үшін пайыздар және т.б. шығындар жиынтығы болып табылады.
|