Сабақ тақырыбы: «Ағымдағы банктік шотының операциялары есебі»


Шаруашылық әрекеттің мазмұны



бет22/44
Дата08.04.2024
өлшемі0.58 Mb.
#497966
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
«Қаржылық есеп» пәнінен дәріс материалдары

Шаруашылық әрекеттің мазмұны

Дт

Кт

1. Негізгі құралдар бір цехтан екінші цехқа орын ауыстырды

2411-2417

2411-2417

2.Негізгі құралдар жабдықтаушылардан келіп түсті
- келісім бағасы бойынша
-Қосылған құн салығына

2411-2417


1420

3310
3310



3. Есеп беруге тиісті сома есебінен негізгі құралдар сатып алынды.

2411-2417

1252

4. Ұйымның жарғылық капиталына салым ретінде құрылтайшылармен салынған негізгі құралдар кіріске алынды.

2411-2417

5030

5. Негізгі құралдар еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын ұйымдардан алынды

2411-2417

3320-3330

6. Негізгі құралдар қайтарымсыз негізде алынды

2411-2417

6220

7. Жергілікті үкімет органдарынан субсидия түрінде автокөлік алынды

2414

6230

8. Негізгі құралдар есептке шығарылды

2420, 7410

2410

9. негізгі құралдарға амортизация есептелінді

2411-2417

2421-2429

10. Құрылысы аяқталған жаңа ғимарат комиссиямен қабылданып, пайдалануға берілді

2412

2930

11. Түгендеу кезінде анықталған негізгі құралдар кірістелді

2411-2417

6280

12. Негізгі құралдар ұйымның өзімен жасалынды:
-негізгі өндіріс цехтарында
-көмекші өндіріс цехтарында

2411-2417


2411-2417

8110
8310





Курс тақырыбы 1.3.: «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі»
Сабақ тақырыбы №12: «Негізгі құралдардың тозу есебі»


?1. Негізгі құралдардың тозудың мәні мен түрлері
?2. Негізгі құралдардың тозуын есепке алуы


1. Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процессінде біртіндеп тозады. Негізгі құралдар тозуы дегеніміз табиғи және сапалық сипаттарын жоғалту болып табылады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық).
Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінде және НҚ-ң пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (табиғи нысаны) пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы толық табиғи тозуға жетпей-ақ техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді.
Негізгі құралдар сапалық тозудың 1-ші себебі - өндіріс салаларында ғылымитехникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі асқан сайын белгілі бір бұйымды, құрал жабдықты және тағыда басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны төмендейді. Осыға сәйкес еңбек өнімділігіне байланысты Негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алған бағасына қарағандаарзан болады. Мұндай жағдайда ұйымдарға жаңа әрі сапасы жоғары Негізгі құралдарды сатып алу тиімді етеді. 2-ші себебі ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді Негізгі құралдар пайда болуына байланысты.
Моральдық тозуды болдырмау мақсатында НҚ қайта құру, жаңарту жұмыстарын жүргізеді.


2. Барлық ұйымдар өздерінің НҚ-ң тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. НҚ ішінде төмендегідей НҚ-ға тозу есептелмейді: жер, кітапхана қорларына, фильм қорларына, архитектуралық және өнер ескерткіштеріне, өнімді малдарға, мұражайлық құндылықтарға, ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдары.
НҚ тозуын есептеу үшін 2420 «НҚ тозуы» бөлімшесінің шоттарында есептелінеді. Бұл шот реттеуші, контрактивті, баланстық болып табылады. Негізгі құралдарға тозу сомасын есептеген жағдайда келесідей бухгалтерлік жазба жазылады:
Д-т Үстеме шығындар шоты 8415
К-т Негізгі құралдар шоты 2410




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет