Курс тақырыбы 1.4.: Тауарлы-материалдық қорлар есебі
Сабақ тақырыбы №19: Материалдық қорлар есебінің мақсаттары мен бағалануы
?1. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру және бағалануы
?2. Негізгі шоттар коррепонденциясы
1. Ұйымның ТМҚ есебі үлгі шоттар жоспарының 1300 «Қорлар» шоттарда жүргізіледі:
- Шикізаттар мен материалдар шотында өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның негізін жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың, өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне сондай-ақ техникалық мақсатқа пайдаланылатын, өнім өндіру үдерісіне әсер ететін материалдардың ұйымдардағы есебі, олардың кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептелінеді.
- Сатып алынған жартылай фабрикаттар шотында өндіріліп, шығарылатын өнімді жинақтау үшін сатылып алынған өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай фабрикаттардың, жинақтауыш бұйымдардың, бөлшектердің ұйымдағы есебі жүргізіледі.
- Отындар деп аталатын шотта тасымалдау құралына пайдаланылатын, сондай-ақ өндірістің технологиялық қажетіне, энергия өндіруге және үйді жылытуға пайдаланылатын отындардың қалдығы және кірісі мен шығысы есептелінеді.
- Ыдыс және ыдыстық материалдар шотында ұйымдағы ыдыс және ыдыстық материалдардың барлық түрлерінің, сондай-ақ ыдыстарды өндіріп шығаруға, оларды жөндеуге арналған материалдар мен бөлшектердің кіріске алынуы мен шығыс етілу есебі жүргізіледі.
- Қосалқы бөлшектер шоттарында ұйымның пайдаланудағы машиналар менжабдықтарды, тасымалдау құралдарын және тағы сол сияқтыларды жөндеу, ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектердің кірісі мен шығысы және қалдығы есептелінеді.
- Өзге де материалдар деп аталатын шотта өндіріс қалдықтары, түзетілмейтін өндіріс ақаулары, НҚ бұзғаннан алынған материалдардың, металл сынықтарының есебіжүргізіледі. Сонымен қатар бұл шотта ауыл шаруашылық ұйымдары өз өндірісіне қажетті тұқымдарды, көшеттерді, тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен дәрі-дәрмектерді жәе т.б. материалдарды есептейді.
- Қайта өңдеуге берілген материалдар шотында қайта өңдеу үшін басқа ұйымдарға берілген, келешекте өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін материалдар есептеледі.
- Құрылыс материалдары атты шотта тікелей құрылыс салуға және монтаж жұмыстарына, және құрылыс бөлшектерін дайындауға пайдаланылатын материалдар және құрылыс қажетіне керекті басқадай материалдар есептеледі.
Материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды дұрыс бағалау болып табылады. Тауарлы-материалдық запастарды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда өзіндік құнның деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату (өткізу) бағасы пайдалануы мүмкін.
Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепте де көрсетіледі; талдамалы есепте-тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған есеп бағасы) көрсетіледі. Егер субъект келісімді бағасымен есепке алса, онда олардың нақты өзіндік құнына КДШ қосылады және өзіндік құн мынадай себептер бойынша қалпына келтірілмеуі мүмкін:
Достарыңызбен бөлісу: |