-тауарлы-материалдық запастардың бүлнуі кезінде
-олар тұтастай немесе ішінара ескірген кезінде
-олардың сату құны төмендеген кезінде
2. Незгі шоттар корреспонденциясы
№
|
Шаруашылық әрекеттер мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
1
|
Жабдықтаушылардан материалдар алынды
|
1310
|
3310
|
2
|
Есеп беру сомасынан материалдар алынды
|
1310
|
1252
|
3
|
Еншілес ұйымдардан, қауымдастырылған және бірлескен филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерден материалдар алныды
|
1310
|
3320-3330
|
4
|
Жарғылық капитал үлесіне материалдар алынды
|
1310
|
5110
|
5
|
Материалдар өтеусіз алынды
|
1310
|
6220
|
6
|
Материалдардың артықшылығы есепке алынды
|
1310
|
6280
|
7
|
Сапасыз материалдар жабдықтаушыларға қайтарылды
|
3310
|
1310
|
8
|
Пайдаланылған материалдар жалпы әкімшілік шығындарына апарылды
|
7210
|
1310
|
9
|
Қоймадағы материалдардың залалы есептен шығарылды
|
7210
|
1310
|
10
|
Табиғи апттардың нәтижелерінен материалдар есептен шығарылды
|
7470
|
1310
|
11
|
Кінәлі тұлға анықталмаған жағдайда материалдар есептен шығарылды
|
7210, 7470
|
1310
|
12
|
Материалдар өндіріске босатылды
|
8110, 8310
|
1310
|
13
|
Дайын өнім алынды
|
1320
|
8110, 8310
|
14
|
Сатылған өнім өзіндік құны бойыша есептен шығарылды
|
7010
|
1320
|
15
|
Қоймада дайын өнім артықшылығы анықталды
|
1320
|
6280
|
16
|
Табиғи норма қоймада дайын өнімінжетіспеушілігі анықталды:
|
7210
1253
|
1320
1320
|
17
|
Өнім өндіріспен байланысты шығындар есепті кезең соңында аяқталмаған өндіріске апарылды
|
1340
|
8110- 8310
|
18
|
Есепті кезеңнің соңында аяқталмаған өндірістің құны өндіріс шоттарына апарылды
|
8110-8310
|
1340
|
19
|
Аяқталмаға өндіріс мекенің қызметін тоқтатуына байланысты есептен шығарылды
|
7510
|
1340
|
20
|
Қорлардың құнсыздануымен байланысты есептен шығарылды
|
1360
|
1310, 1320, 1330
|
Курс тақырыбы 1.4.: «Тауарлы-материалдық қорлар есебі»
Сабақ тақырыбы №20: «Материалдарды қоймаға қабылдау және оларды өндіріске босатуын құжаттау»
?1. ТМҚ-ды қоймаға қабылдауын құжаттау тәртібі
?2. ТМҚ босатқан кезде ресімделетін құжаттар
1. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы, олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада МҚ әрбір түрі, сорты, көлемі бойынша бөлек сақталуы тиіс. Қоймадағы материалдардың талдау есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Материалдардың әрбір номері бойынша бөлек үлгілі түрі карточкасы ашылып, сандық есебі жүргізіледі. Бұл картокада МҚ аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық номірі, есептеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы ұйымның бухгалтериясы дайындап, кіріс наклоднойымен тізілім бірге қоймаға беріледі. Материалдардың заттай есебін материалдарға жауапты тұлға жүрзеді. Материалды номенклатуралық номері аз болатын болса сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Тауарды қабылдап алған кезде МЖТ-ған жазған накладнойы мен құжаттары:
1) Кіріс наклоднойы – жабдықтаушылардан нмесе өндеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдаланылады. Ол бір ғанаданада жазылады және қоймаға келіп түскен кезде толтырады.
2) Материалдарды қабылдау туралы акт. Жабдықтаушылардың іліспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық және сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды, құжатсыз келіп түскен материалдарды қабылдаған кезде қолданады. Қабылдау комиссиясы 2 данада жасайды.
3) ТМҚ өндірісте дайындалған және сақталған кездегі жетіспеушілігі және жоғалуы туралы актісі. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорларн дайындау, сақтау немесе өндіру процесінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін қолданылады. Баланстан шығаруға және кінәлі адамдардан өніріп алуға аталған құжат негіз бола алады. 2 данада толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды.
4) Табиғи нормаларына сәйкес материалдардың шығару актісі. Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен табиғи нормаларына сай қорлардың кемігені анықталған кезде акт толтырылады.
5) Материалдардың бүлінуі, сынуы, қирауы туралы акт. Ұйымда бүлінудің, қираудың, сынудың нәтижесінде аарзандатуға және есептен шығару үшін пайдаланылады.
2. ТМҚ босатқан кезде ресімделетін құжаттар ұйымның қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай-ақ сыртқы өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдаланылады.
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша ресімделеді:
1) Лимиттік-жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын құндылықтарды босату, сондай-ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдарды бақылауға және оларды есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. ЛЖК жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 данада етіп дайындалады. 1 данасы ай басталғанша цехқа (учаскеге) - қорды пайдаланушыға, 2 данасы қоймаға беріледі. ЛЖК-сы бойынша өндірісте пайдаланылмаған қорлардың есебі де жүреді. Бұл кезде ешқандай қосымша құжаттар жасалмайды. Лимиттен тыс босатулар немесе қорлардың бір түрін екіншісімен алмастыру тек субъект басшысының немесе осыған өкілетті адамдардың рұқсат етуімен ғана жүзеге асырылады.
Өндіріске лимиттен артық жіберу және қорларды ауыстыру арнайы талап-актісімен рәсімделеді. Лимитті өзгертуді тек сондай құқық берілген тұлғалар ғана жүзеге асыра алады. Материалдық қорларды босату тек лититтік-жинақтама картасында көрсетілген қоймалардан босатылады. Қоймашы лимиттік жинақтау картасына жіберілген қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, әрбір номенклатуралық нөмір бойынша лимиттің қалдығын анықтап отырады. Лимит пайдаланылып болған соң, лимиттік-жинақтама карточкасын қоймашы бухгалтерияға өткізеді. Ішінара толтырылған реквизиттері мен лимиттік – жинақтама картасының мәліметтері компьютерлік техниканың көмегімен де өңделеді.
2) Материалдарды айырбастауға арналған талап актісі. Бұл құжат белгіленген лимитте артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, қоймадан қорларды шығару үшін негіз болып табылады. Екі данада: 1 – қоймаға, 2 – алушыға (цехқа, учаскіге). Актідже босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгіеп, содан соң қалдығын шығарады. МҚ-ды лимиттен тыс босату және айырбастау тек қана субъект басшысының немесе жауапты тұлғалардың рұқсатымен жүзеге асырылады.
3) Материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған накладнойы. Материалдарды өз ішіндегі қозғалысына және ұйымның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, басқа мекемелерге босатуды есепке алу үшін пайланылады. 2 данада жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |