Курс тақырыбы 1.2.: «Ақшалай қаражаттар, есеп айрысу және несиелік әрекеттер есебі»
Сабақ тақырыбы №2: «Ағымдағы банктік шотының операциялары есебі»
?1. Ақшалай қаражаттар есебі және олардың мақсаттары
?2. Ақшасыз есеп-айырысу нысандары
?3. Ағымдағы банктік шотының операциялары есебін жүргізу тәртібі және құжаттандыруы
1. Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі әрекеттер жасалып отырады. Есеп айырсу екі нысанда жүргізіледі:
- банк арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен
- қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшалай қаражаттар, есеп айрысу және несиелік әрекеттер есебінің негізгі мақсаттары:
Ақшасыз және ақшалай есеп айрысулар жолымен қажетті есеп айрысулар уақытында және дұрыс жүргізу.
Есеп тіркегіштерінде ақша қаражаттары мен есеп айрысулар әрекеттерінің бар болуы мен қозғалысын толығымен және жедел түрде көрсету.
берілген лимиттерге және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсатты пайдаланудың қолданыстағы ережелерін сақтау.
Кассадағы ағымдағы шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы ақша қаражаттарының болуына және сақталуына бақылау жасау.
Есеп айрысу төлем тәртібін қадағалауға бақылау жасау.
2. Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:
- Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмаларында көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаның аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
- Төлем талап тапсырмасы тауарларды алғанда, жұмысты орындағанда, қызметті көрсеткенде бенифициарлардың ақшаны төлеушіге жіберген талабы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |