Күз келді. Жапырақтар сарғайды. Күн суық. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Әділ досымен құстарға ұя жасаймыз деп келісті. Ертеңінде құстың ұясын жасап, ағашқа бекітті. Еңбек етіп, табиғатқа қамқорлығын жасады. Олар қайырымды балалар.
(Ө)Мәтін мазмұны бойынша ақпараттың дұрыстығын тексер.
Ақпарат
Дұрыс
Бұрыс
Көктем келді
Жапырақтар сарғайды
Күн жылы
Құстар жылы жақтан ұшып келді.
Құстарға ұя жасаймыз
(Ж) "Дұрыс/бұрыс" ойынын ойнайды. Оқушылар мәтін бойынша 1 дұрыс, 1 бұрыс сөйлем құрастырады. Сөйлемдерін жұбына жасырады. Оның сөйлемдерін тыңдап, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
(Т)Айтылым.Топтарға таратпа тапсырмалар беріледі, әр қатардағы артық сөздерді тауып, неге артық екенін айтады.
1 топ: қайырымды, әдепті, ұқыпты, еріншек
2 топ: жалқау, мақтаншақ ұқыпсыз,ақылды,
3 топ: міну, алғыс айту, шула, ерке
Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.
(Ө) Грамматикалық қоржын.Жалғауларды дұрыс сәйкестендіреді.
Кері байланыс: жұмыс орындалып болғаннан кейін тақтадан дұрыс нұсқасы көрсетіледі, әркім өз жұмысын тексереді.
Сергіту сәті: Атама сәлем беремін
Әжеме сәлем беремін
Әкеме сәлем беремін
Анама сәлем беремін
Досыма сәлем беремін
Бәрін де жақсы көремін
Мәтінмен жұмыс. Оқылым алды тапсырмасы: (МК)Мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру (қанаты,аралады, тоныпты, жем). Мәтіндетіркескенсөздерменбіргеқайталайды. Мысалы:қанаты сынып қалды, бақшаны аралады, қатты тоныпты, жем берді.
Оқылым кезіндегі тапсырма: (Т, Ұ) Оқушылар мәтінді өздігінен түсініп оқиды, берілген сұрақтарға жауап береді.
Әлібек күшігімен бақшаны аралады. Ол жерде жатқан торғайдың балапаның көрді.Оның қанаты сынып қалыпты.Өзі қатты тоныпты.Әлібек торғайды көтерді.Үйіне алып келді. Оған жем берді. Әлібек – қайырымды бала.
Сұрақтар: - Неліктен Әлібек торғайды үйіне алып келді?
- Мәтінді қалай атар едің? Неге?
- Мәтін арқылы автор не айтқысы келді?
Дескриптор: - мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің тақырыбына қатысты ойын айтады;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
Оқылымнан кейінгі тапсырма: (Т) «Екі шындық, бір өтірік»әдісі. Әр топқа 3 сөйлем беріледі, балалар анықтап, өз жауаптарын негіздейді.
«Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Жеңіл болды
Ойландырды
Қиын болды
(Ж)Айтылым.«Суретті сөйлет».Суретке қарап, сөйлемдерді толықтырады.
Күзде
сарғаяды.
Әлібек
көрді.
Әлібек
торғайға
берді.
Жұптар бір-біріне комментарий айту арқылы бағалайды.
Сабақтың соңы 5 минут
Рефлексия: «Бір ауыз сөз» Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздер жазылады (олар тақтаға алдын-ала жазылып қойылады): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б