Сабақ тақырыбы: Аналық плата. Жүйелік блоктың ақауларын іздеу. Bios тестілеу Модуль /пән атауы Педагог


Жүйелік тақшаға сыртқы байқауын жүргізу



бет3/4
Дата28.11.2023
өлшемі250 Kb.
#484584
түріСабақ
1   2   3   4
Аналық плата. Жүйелік блоктың ақауларын іздеу. BIOS тестілеу

Жүйелік тақшаға сыртқы байқауын жүргізу
Кейде динамик орауы істен шығады немесе динамик жанып кетеді. Динамиктің жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін, оны, мысалы, AAA форматты батареяға қысқа уақытқа қосу жеткілікті. Бұл кезде дыбыс естілсе, динамиктің жұмыс жасауын білдіреді, онда себебін жүйелік тақшадан іздеу керек.
Жүйелік тақшаның ақауын арнайы тестілеу құрылғысы болмайынша анықтау өте қиын. Бірақ кейде, сыртқы байқауын жүргізіп, ақау себебін анықтауға болады. Мысал ретінде, сынған микросхеманы, жанып кеткен тұрақтандырғыштың транзисторын, электронды жолдардың жанған бөлігін келтіруге болады. Егер осы аталған ақаулардың біреуі байқалса, жүйелік тақшаны күрделі жөндеуден өткізу керек.
Егер сыртқы байқауын жүргізуі ешқандай нәтиже бермесе, компьютерді қайта қалпына келтіру үшін BIOS-тың CMOS-жадын тазартуға болады. Себебі ақаулықтың көпшілігі процессор мен жадының үдетуінен пайда болады.
BIOS параметрін босату
Егер POST бағдарламасы ешқандай дыбыстық сигнал бермей, монитордің экраны қара күйінде қалса, ал сыртқы байқауын жүргізуі еш нәтиже көрсетпесе, тығырықтан шығудың бір амалы - BIOS параметрін босатып көру. Ал оны жасаудың екі амалы бар:
1. CMOS-жадын қоректендіретін аккумуляторлық батареяны алу керек. Ол үшін батареяның орнын ұстайтын қысқышты жанына итеріп алу қажет. Әдетте CMOS жадын параметрін тазарту үшін 1-2 секунд жетерлік. Кейін батареяны қайта орнына қою керек.
2. Жүйелік тақшадан арнайы Enable әлде On жағдайы бар маңдайшаны табу керек. Ол CMOS жадының параметрлерін босатады. Бұл үшін жүйелік тақшаның құжаттамасын қарау қажет.
Осы әрекеттерден кейін, қолданушының берілген ұсыныстары жойылып BIOS-қа үнсіздік келісім бойынша берілген конфигурациясы жүктеледі.

Ағымдағы нұсқау /30 мин/

Жұмыс орындарын аралау, қателікпен жұмыс

Тәжірибелік көмек ұсыну /30 мин /



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет