Сабақ тақырыбы атмосфера. ҚАзақстан климаты. АҚылжан ағаймен география



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата06.04.2023
өлшемі0.93 Mb.
#471823
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
2 Қаз климат

АҚЫЛЖАН АҒАЙМЕН ГЕОГРАФИЯ
АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ
ТАРАЛУЫ



ЖЫЛДЫҚ ОРТАША ТЕМПЕРАТУРА
-Еліміздің жазықтарында жылдық орташа температура қалыпты:
солтүстіктен оңтүстікке қарай (Қостанай облысы) Пресногор
метеорологиялық бекетінде 0°С-тан Қызылқұм (Түркістан облысы)
метеорологиялық бекетінде 13,7 °С-қа дейін көтеріледі.
-Алтайдың тауаралық қазаншұңқырында — Орлов ауылында жылдық
орташа температураның көрсеткіші теріс (-3,8 °С). Ең төменгі
жылдық орташа температура Тянь-Шаньның биік таулы бөлігінде
4200 м биіктікте тіркелген. Онда Солтүстік Мұзды мұхиттағы Жаңа
Жер аралындағы сияқты орташа температура -10°С және одан да
төмен түседі.


АЙМАҚТАРДАҒЫ ТЕМПЕРАТУРАЛАР
-Қазақстанның барлық аумағы үшін жылдың ең суық айы — қаңтардың орташа температурасы
солтүстіктегі Петропавлда -19,7°С-тан қиыр оңтүстігінде -3°С аралығында ауытқиды. Еліміздің
оңтүстігіндегі Түркістанда қаңтардың орташа айлық темпетурасы -15,4°С-қа дейін төмендеген
жылдар да болған. 1951 жылы Алматыда -38°С, 1893 жылы қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында (сол
кездегі Ақмолада) -52°С-қа дейін төмендеген. 1969 жылы қыста Шығыс Қазақстан облысындағы
Орлов ауылында біздің еліміздегі ең төменгі температура – 62°С тіркелді.
-Температура инверсиясына байланысты Қазақстанның таулы аудандарында 2000 м-ге дейінгі
биіктікте қаңтардың орташа температурасының төмендеу заңдылығы байқалмайды. Сондықтан
тауалды жазықтарының температурасы ауыр ауа массалары көтерілмейтін аласа және орташа
биік тауларға қарағанда біршама төмен болады. Егер Іле өзені ауданында (абсолют биіктігі 400
м-ге жуық) жазықтың орташа температурасы -12°С болса, Алматыда (абсолют биіктігі — 848 м)
ол -8°С, Медеуде (абсолют биіктігі — 1600 м) -4,9°С, Мыңжылқыда (абсолют биіктігі — 3016 м)
-11,9
°С-қа тең болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет