Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі.Қысқа қашықтыққа жүгіру Оқу мақсаттары



бет17/327
Дата29.11.2023
өлшемі0.83 Mb.
#484789
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   327
4-сын қмж дш

Сабақ барысы
Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,
Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
10мин



Ынтымақтастық атмосферасы.
Б. Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіреді.
(Б) Оқытушы сыныпта жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді.
Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөлу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Жаттығуларды барынша біркелкі реттілікті сақтап орындау, қандай да бір бұлшық еттің, буынның қозғалысына тиімді әсер ету. Жаттығуларды негізгі бөлім бойынша арнайы бағытта орындату. Арнайы қозғалыстар үшін әр түрлі бұлшық еттерді дайындау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.

Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.



Кең алаң
ысқырық,
жалауша,



Сабақтың ортасы
25 мин

(Ж, ЖЖ, ҚБ) Бормен немесе таяқшамен сөре сызығын белгілеу керек. Барлық оқушылар жұптарға бөлінеді. Бірінші жұп сөре сызығына шығады. Бірінші ойыншы ұзындыққа секіреді, барынша алысқа. Оның секіру ұзындығын бормен белгілейді. Екінші оқушы қарсы бағытта, қарсыласы секіріп түскен жерден секіреді. Тек секірген сызыққа жетіп қана қоймай, бірнеше сантиметрге алысырақ секіруге тырысады. Егер екінші ойыншының қолынан келсе, жұптағы жеңімпаз аталады, ал егер келмесе, бірінші ойыншы жеңімпаз болады. Одан кейін бірінші кезеңнің жеңімпаздары жұптарды құрайды және ең епті екі секіруші қалғанша жалғасады.
(Т, Ж, ҚБ) Оқушылар кіші топтарға бөлінеді. Белгі бойынша, біріншілері белгіленген кедергіге (конус, нығыздалған доп, гимнастикалық орындық немесе мат, резеңке жіп және т.б.) дейін бір
аяқта секіріп барады да, оның үстінен бір орыннан ұзындыққа секіру әдісі бойынша секіреді. Фишканы айналып, кері қарай тура жүгіріп келіп, эстафетаны келесі қатысушыға береді.
Тапсырманы дұрыс және тез орындаған команда жеңіске жетеді.



Сабақтың соңы
5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
-Толықтай түсінсе бас бармағын жоғары котереді
-Түсінуге жақын болса ,аздап білсе бас бармағын орташа ұстайды
-Егер түсінбесе,сенімсізболса бас бармағын төмен түсіреді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   327




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет