Тілдік мақсаттар
|
шығармашылық, икемділік жарақат алу, ереже, қауіпсіздік жүгіру, жүру
допты алып жүру, допты қайтару, допты лақтыру команда, көшбасшы, бір-біріне көмектесу эстафеталар баламалы шешімдер, стратегия, жоспарлар
қозғалыс дағдылары, дене қасиеттері дәлдік, бақылау, жинақылық
|
Құндылықтарды дарыту
|
Білім алушылар бір - біріне деген адал қатынас, бөтен пікірді қабылдау және өзінің көзқарасын білдіруге тәрбилеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Өзін-өзі тану,Сауат ашу,Орыс тілі,бейнелеу өнері, музыка
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Планшет қолдану.
|
Бастапқы білім
|
Қимыл қозғалыс ойындарын ойнайды. Жүгіру дағдылары жеке және топтық жаттығулар арқылы ойын негізінде байытылады. Бөлімнің соңында физикалық қасиеттер ойындар мен эстафета арқылы бекітіледі.
|
Сабақ барысы
Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,
Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10мин
|
Ынтымақтастық атмосферасы.
Ұйымдастыру кезеңі. «Жағымды орта қалыптастыру»
Б.«Шаттық шеңберге» тұрғызу арқылы бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлау
Топқа бөлу: «Санау әдісі»арқылы 2 топқа бөлемін.
«Бой жазу жаттығуын» жасатамын.
|
Кең спорт алаң
ысқырық
Іс әркетке арналған кең алаң, ысқырық,
|
Сабақтың ортасы
25 мин
|
(Б, Тәж, Ж, ҚБ) «Секіргіш торғайлар» ойыны. Жерге радиусы 4-6 м. дөңгелек сызылады.Жетекші«мысық» таңдалынып, ол дөңгелектің ортасында болады, ал қалғандары - «торғайлар» дөңгелектің сыртында болады. Мұғалімнің белгісі бойынша торғайлар дөңгелектің іші-сыртына секіре бастайды. Мысық торғайды дөңгелектен шықпаған кезде шап беріп ұстауы керек. Ұсталған ортаға барып отырады немесе дөңгелектің сыртындағы орындыққа отырады. Мысық 3-4 торғайды ұстағасын (келісім бойынша) ұсталған торғайлардан мысық сайланады. Ойын бірнеше рет қайталанады. Епті «мысық» жеңімпаздар атанады.
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бағдаршам арқылы бағалау.
Толықтай түсінсе, сенімді болса – жасыл түсті таңдау
Түсінуге жақын болса, аздап білсе – сары түсті таңдау
Түсінбесе, сенімді болмаса – қызыл түсті таңдау
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |