Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі.Қысқа қашықтыққа жүгіру Оқу мақсаттары



бет207/327
Дата29.11.2023
өлшемі0.83 Mb.
#484789
түріСабақ
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   327
4-сын қмж дш

Тілдік мақсаттар



шығармашылық, икемділік жарақат алу, ереже, қауіпсіздік жүгіру, жүру
допты алып жүру, допты қайтару, допты лақтыру команда, көшбасшы, бір-біріне көмектесу эстафеталар баламалы шешімдер, стратегия, жоспарлар
қозғалыс дағдылары, дене қасиеттері дәлдік, бақылау, жинақылық

Құндылықтарды дарыту

Білім алушылар бір - біріне деген адал қатынас, бөтен пікірді қабылдау және өзінің көзқарасын білдіруге тәрбилеу.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану,Сауат ашу,Орыс тілі,бейнелеу өнері, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Планшет қолдану.

Бастапқы білім



Қимыл қозғалыс ойындарын ойнайды. Жүгіру дағдылары жеке және топтық жаттығулар арқылы ойын негізінде байытылады. Бөлімнің соңында физикалық қасиеттер ойындар мен эстафета арқылы бекітіледі.

Сабақ барысы
Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,
Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
10мин



Ынтымақтастық атмосферасы.
Ұйымдастыру кезеңі. «Жағымды орта қалыптастыру»
Б.«Шаттық шеңберге» тұрғызу арқылы бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлау
Топқа бөлу: «Санау әдісі»арқылы 2 топқа бөлемін.
«Бой жазу жаттығуын» жасатамын.

Кең спорт алаң
ысқырық

Іс әркетке арналған кең алаң, ысқырық,





Сабақтың ортасы
25 мин

Б, Ж, ҚБ) «Желаяқтар» ойыны. Сынып екі командаға тең бөлінеді. Екі команда сапқа түзеліп рет бойынша саналады сол арқылы әр ойыншы өзіне тән нөмірге ие болады. Ортаға үлкен шеңбер сызылып командалар шеңбер бойымен араласып беттерімен ортаға қарап тұрады, ал ортада салмағы 1-2 кг. болатын нығыздалған доп қойылады. Мұғалім бір нөмірде айтып белгі берген кезде сол нөмірге ие ойыншылар шеңбердің сыртымен жүгіре бір айналым жасайды да ортада тұрған допты алып кері орнына сап түзейді. Ортадағы допқа көбірек иелік еткен команда жеңіске жетеді.
(Б, Ж, ҚБ) «Кесіп өту» ойыны. Сынып тең екі командаға бөлінеді. Алаңның екі шетіне командалар қарама-қарсы сызық бойына жиналады. Сызық командалардың «үйі», ал ортадағы кеңістік – «ағып жатырған өзен» есебінде болады. Мұғалімнің пәрмені бойынша ойыншылар бір аяқпен секіру арқылы «өзенді» кесіп өтіп қарсыластарының
«үйіне» жиналады. Бірінші болып жиналған команда жеңіске жетеді, ал кешіккен команданың соңғы келген ойыншысы ойыннан шығарыла береді, осы ережемен командалар кері қарай өздерінің «үйлеріне» бағыт алады. Ойын осылай жалғаса береді. Шыдамдылық танытып командада көп ойыншылар қалған топ жеңіске жетеді.

Сабақтың соңы
5 мин

Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бағдаршам арқылы бағалау.
Толықтай түсінсе, сенімді болса – жасыл түсті таңдау
Түсінуге жақын болса, аздап білсе – сары түсті таңдау
Түсінбесе, сенімді болмаса – қызыл түсті таңдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   327




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет