Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10мин
|
Ынтымақтастық атмосферасы.
Б. Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіреді.
К Ж.Бой сергіту жаттығулары.
Қолға, аяққа арналған жаттығуларды білесіңдер.
- Білім алушылар өз жауаптарын айтады.
-Орындай алатын жаттығуларын көрсете алады.
|
Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Әр оқушыға үлкен көбік доп.
Доптар: түрлі мөлшер,
Ысқырық,
жалауша,бор.жіп,секіртпе
Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң
|
Сабақтың ортасы
25 мин
|
(Б, К) Қозғалмалы ойындардағы қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқама.
(Ж, К, ҚБ) Түрлі қалыптан тура бағытта жүгіру. Жүгіру жолында паралелді үш сызық сызылады. Алғашқы екеуінің (А, В) - сөрелік сызық бір- бірінен арақашықтығы 5-7 м, үшіншісі (С) – мәрелік, (В) сызығынан 15-20м қашықтықта орналас
Оқушылар екі топқа бөлінеді: мысалы, «қызылдар» және «көктер». «Қызылдар» сөрелік сызықтың біреуіне, ал «көктер» екіншісіне орналасады. В сызығында орналасқан команданың оқушылары отырған немесе жатқан қалыпта болады, А сызығында орналасқан команданың ойыншылары жоғарғы сөрелік қалыпта болады. Белгі бойынша екі команданың қатысушылары жүгіруді бастайды. В сызығынан шығатын ойыншылардың міндеті А командасының ойыншыларына жеткізбей, сөреге тезірек жету. Әр ұсталған ойыншы үшін командаға 1 ұпай беріледі.
Ойын бірнеше рет қайталанады. Келесі жүгірісті өткізу үшін ойыншылар орындарымен ауысады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді
|
(Т, Ж, ҚБ) Сыныпты екі топқа бөлу, ойынға қатысушылар бір тізбекке тұрады. Тізбектің басына бірінші команданың ойыншылары тұрады, олардан кейін екінші команданың ойыншылары орналасады. Әр ойыншы алдында тұрған ойыншының белінен ұстайды. Бірінші ойыншы –
«басы», соңғы ойыншы - «құйрығы». Мұғалімнің белгісі бойынша «басы»
«құйрығына» жетіп алуға тырысады. Белгіленген уақыттан кейін командалар ойындарымен ауысады.
|
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
-Толықтай түсінсе бас бармағын жоғары котереді
-Түсінуге жақын болса ,аздап білсе бас бармағын орташа ұстайды
-Егер түсінбесе,сенімсізболса бас бармағын төмен түсіреді
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |