Сабақ тақырыбы: Азаматтық құқықтық міндеттемелер қандай жауапкершіліктерді туындатады (1 сағат) 9 сынып


Б. Мұғалім міндеттеме, шарт, тараптар ұғымдарына мысалдар келтіре отырып түсіндіреді. Оқушылар да өз мысалдарын келтіре алады. Т



бет3/4
Дата22.09.2022
өлшемі81 Kb.
#461147
түріСабақ
1   2   3   4
9.3.А. ҚМЖ

Б. Мұғалім міндеттеме, шарт, тараптар ұғымдарына мысалдар келтіре отырып түсіндіреді. Оқушылар да өз мысалдарын келтіре алады.
Т Төменде міндеттемелердің орындалуына қатысты әр түрлі жағдаяттар ұсынылған. Өз тобыңызға берілген жағдаятты қарастырып, сұрағына жауап беріңіздер: Топтар шарт түрлерін зерттейді.
І-топ Сату-сатып алу шарты
1-жағдаят
6 қаңтар күні Мақсат жиһаз сататын дүкенге барып жиһаз сатып алған. Яғни жиһаздың құнын сатушыға төлеген. Жиһаз сатушы Мақсатқа оны 2016 жылдың 10 қаңтарына дейін беруі тиіс болған. Бірақ жиһаз қоймада болғандықтан, сатушының көлігі болмай, кешіктіріп жеткізген.
Борышкер өз міндеттемелерін уақытында орындады ма?

ІІ-топ Айырбас шарты


2-жағдаят
Арман жиһаз сататын дүкенге келіп, жиһаз сатып алған. Арман жиһаздың құнын сатушыға кешке жақын төлеген. Жиһаз қоймада болғандықтан, сатушы қолайлы мерзім ішінде жиһазды жеткізіп беруге міндеттенген.
Борышкердің міндеттемелері нақты көрсетілген бе? Борышкер өз міндеттемелерін қашан орындауы тиіс?

ІІІ-топ Сыйға беру шарты


3-жағдаят
Асхат Мәдиге 10000 теңге қарыз берген. Оны қашан қайтару керектігін айтпаған. Асхат бірнеше күн өткен соң қарызын қайтаруды талап еткен. Ал Мәди болса ол уақытта жалақы алмағандығын айтады.
Мәдидің міндеттемелерін орындау мерзімі көрсетілген бе?
Мәди қарызын қашан қайтаруы тиіс?
Дескриптор:
Оқушылар шарт үлгілерімен танысады
Шарт үлгілеріне мысал келтіреді
Шарт түрлеріне қатысты бірнеше мысалдар ұсынып, тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды
Б. Бүкілсыныптық жұмыс
Міндеттемелерге қатысты жағдаяттарды ұсынылады.
Жағдаятқа қатысты шешім шығарылғаннан кейін, сынып болып талқылайды. Міндеттемелердің орындалуына қатысты шарт жасасу қажеттілігін түсінеді.
Дескриптор:
Оқушылар міндеттемелердің қажеттілігін түсінеді
Жағдайятқа қатысты шешім шығарады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет