Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.
Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады
Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
Тақырыпқа байланысты анықтамалар мен ұғымдырды беру арқылы өздік түзетулер жасатқызып құқықтық академиялық ұғым мен термин сөздерді дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру.
Мағынаны ашу.
(О/Б).Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтін үлестіріледі. (Қысқартылған өңделген түрі.) Одан мәтіннен Қазақстан Республикасының саяси құқықтық актілері мен концепцияларды басшылыққа ала отырып, құқықтық мемлекеттің принциптерінің қалай жүзеге асырылып жатқандығын мәтін арқылы түсіндіріп көз жеткізу. Барлығы түсінікті болу үшін бірнеше түрткі болатын сұрақтар қою:
Мемлекеттің саяси құқықтық актілеріне нелер жатады?
Құқықтық мемлекеттің принциптері ұалай жүзеге асырылады?
Әліде болса анығырақ айтып жіберсең?
Кім осы ойды толықтырып жібереді?(т.б.)
Термин сөздер мен сөз тіркестеріне байланысты жұмыстар жүргізу .Сөздерді анық,сөйлемдерді толық айтуларын қадағалау.
Сонымен ҚР. қоғамының саяси құқықтық актілері мен тұжырымдамасын (концепциясы ) анық ажыратып алайық:
ҚР. Саяси құқықтық актілер дегеніміз не?
(мысал келтіру)
Саяси құқықтық тұжырымдама не үшін маңызды? т.б.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын оқып талдау.
Тұжырымдамада басты назар неге аударылған?
Тұжырымдаманың негізгі көздеген мақсаты не?
Еліміздің дамуының қандай салаларына әсер етеді?
Талдау жүргізуге болады: «Қоғам құқық пен заңды білмейінше, құқықтық мәдениет қалыптаспайды.»
Тапсырманы орындата отырып оқушылардың саяси құқықтық актілер жайлы қандай білім дағдыларының қалыптасқандығын қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |