Сабақтың ортасы
(6-40минут)
*МК-Мұғалімнің көрсетуі
*Ұ- ұжымдық жұмыс
*Т-топтық жұмыс
*ОТ- оқушының тәжірбиесі
*Ө- өзіндік жұмыс
*Қ-қалыптастырушы бағалау
* Ж- жұптық жұмыс
|
(МК, Ұ)Мұғалім оқушыларға туған жер сөзінің мағынасын түсіндіреді. 1-тапсырма бойынша Қазақстандағы екі үлкен қала Алматы мен Астана туралы ақпарат береді.Оқушылар сурет бойынша қалаларды тауып атайды.
(МК, Ұ) 2-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға «Менің туған жерім – Қазақстан.Мен Қазақстанда тұрамын» деген сөйлем үлгілерімен таныстырады. Оқушылар өздерінің Қазақстанда тұратындарын айта алуды үйренеді.
(МК, Ұ) 3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар «Менің туған жерім – Қазақстан» деген сөйлемді қайталайды, сондай-ақ мұғалім оқушыларға тұрамынсөзінің болымсыз түрін(тұрмаймын) түсіндіреді. Оқушылар кесте бойынша тұрамын,тұрмаймын сөзін қолданады. «Мен Қазақстанда тұрамын» деген сөйлемді оқушылардың бәрі айтады, ал Алматы, Астана қаласы туралы айтқанда оқушылар шынайы жауап береді.Мысалы: «Мен Астанада тұрамын» немесе «Мен Астанада тұрмаймын».(МК, Ұ)4-тапсырмада оқушылар «Сен Алматыда (Астанада/Қазақстанда) тұрасың ба?» деген сұраққа жауап бере алуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша оқушылар жұппен сөйлеседі.
(МК, Ұ) 5-тапсырмада мұғалім оқушыларды Қазақстандағы екі үлкен қала туралы «Алматы мен Астана» деген өлеңмен таныстырады: Жап-жасыл ағашы,
Қып-қызыл алмасы,
Ақ басты тауы бар –
Алматы қаласы.
(С.Оспан)
Сабақта өлеңді тыңдау, хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі.
(ОТ) Сабақтың соңында оқушылар «Менің туған жерім» деген тақырыпта сурет салу арқылы өздерінің туған жерге деген сезімін білдіре алады.
(МК,Ұ) Мұғалім қ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды.Алмабектің қ дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды қ дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден қ дыбысының айтылуын және қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.Мұғалім оқушыларға қ дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады.
Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар қ дыбысының дауыссыз дыбыс екенімен танысады.Мұғалім қ дыбысы дауыссыз дыбыс болғандықтан, оқулықта көк түспен берілгенін түсіндіреді.
Қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді.
Олар:қарындаш, қасқыр, қара. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға қ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Қанат т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім?не? неше? қандай?), мұғалім қ дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: қарындаш (не?), қасқыр (не?), қара (қандай?), Қанат (кім?).
|