Сабақтың ортасы
(6-40минут)
*МК-Мұғалімнің көрсетуі
*Ұ- ұжымдық жұмыс
*Т-топтық жұмыс
*ОТ- оқушының тәжірбиесі
*Ө- өзіндік жұмыс
*Қ-қалыптастырушы бағалау
* Ж- жұптық жұмыс
|
1-тапсырма (МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардың назарын оқимын, жазамын,тыңдаймын,сөйлеймін сөздеріне аударады.Осы сөздерді хормен,топпен айтқызып жаттықтырады.Содан кейін тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс бастайды.Оқушылар Сен мектепте не істейсің? сұрағымен және жауаптарымен танысады.
Диалоті тыңдайды,қайталайды.Сыныптағы оқушылар берілген үлгі бойынша сыныпта не істейтіндерін айтады.
(МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқимын
сөзінің қолданылу ерекшелігі назар аударады, сайыстыра отырып үлгілер бойынша есте сақтауға жағдай жасайды.Оқушылар «Мен бірінші сыныпта оқимын», «Мен мектепте кітап оқимын» деген сөйлемдерді қайталау арқылы есте сақтайды, бірінші сыныпта оқимын,кітап оқимын тіркестерін бірнеше рет қайталау арқылы жаттығады.
(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар суреттер бойынша жұмыс істейді.Оқушылар аудиодискіден бірінші сөйлемді тыңдайды, содан кейін сол сөйлемге сәйкес келетін суретті табады. Мысалы: мен мектепте кітап оқимын. Осылай 4-сөйлем бойынша жұмыс жүргізіледі.
|