Сабақ Тақырыбы: Бұл кім? Мектебі: №104 негізгі орта мектебі



бет47/152
Дата25.02.2024
өлшемі310.2 Kb.
#493152
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   152
1 сынып ҚМЖ[1]

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы
(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.



Аудиодиск

Оқулық
А4 форматты ақ қағаздар


Қарындаштар
Карточкалар

№1 жұмыс дәптері



Сабақтың ортасы
(6-40минут)
*МК-Мұғалімнің көрсетуі
*Ұ- ұжымдық жұмыс
*Т-топтық жұмыс
*ОТ- оқушының тәжірбиесі
*Ө- өзіндік жұмыс
*Қ-қалыптастырушы бағалау
* Ж- жұптық жұмыс



1-тапсырма (МК, Ұ)
(Ж) Оқулықтағы 1-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға оқу құралдарын қалай пайдаланатындарымен таныстырады.Берілген тапсырма бойынша оқушылар қаламмен жазамын,сызғышпен сызамын, өшіргішпен өшіремін,қайшымен қиямын тіркестерін айтуға жаттығады,мағынасын түсінеді.Ол үшін мұғалім суреттерді көрсетеді,сонымен қатар жаңа сөздерді іс-әрекетпен көрсетуі керек.Мысалы, қайшыны көрсетеді ,өшіргішпен өшіреді т.с.с.
(МК )Мұғалім “Есте сақта “ айдары бойынша оқушыларға жаз,сыз,өшір,қи,сурет сал сөздерінің мағынасын түсіндіреді.Оқушыларға мұның етістіктің бұйрық райы екенін атап көрсетудің қажеті жоқ. Оқушылар оны тек құрылым ретінде есте сақтаулар қажет.
2-тапсырма (МК, Ұ)
Мұғалім 2-тапсырмада берілген сұрақты түсіндіреді.
Оқушылар “Сен не істейсің? “деген сұраққа дұрыс жауап бере алуды үйренеді.
(МК, Ұ) 3-тапсырмада
3-тапсырмада оқушылар берілген суреттерге қарап,толықтырып айтуға жаттығады.Сондай-ақ оқу құралдарын қайталайды,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне назар аударып,сұрақ қойып,сұраққа жауап беруге дағдыланады.
(МК, Ұ)4-тапсырмада оқушылар алдымен диалогті тыңдайды,сонан соң жұппен жұмыс істейді.Берілген үлгі бойынша суреттегі заттардың не екенін,оны қалай пайдаланатынын айтады.Әсіресе мұғалім Сен қаламмен (қарындашпен,қайшымен,өшіргішпен,сызғышпен ) не істейсің? Сұрағын дұрыс қоя білуге жаттықтырады.Үлгі;
-Бұл не?
-Бұл-қалам.
-Сен қаламмен не істейсің?
-Мен қаламмен жазамын.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө).Қосымша тапсырмалар арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   152




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет