Құндылықтарды дарыту
|
Рухани құндылықтарға баулу. Адамгершілік ,өзге пікіріне құрметпен қарау құндылығын қалыптастыру,ұлт жанды болуға шақыру, еңбекке баулу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих тіл, өнер,халық ауыз әдебиеті.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ноутбук
|
Бастапқы білім
|
Қалдықтардың адам мен қоршаған ортаға зиян екенін біледі..
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі
Сабақтың соңы
|
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
«Біз өте жақсымыз» әдісі.
Сандар арқылы 3- топқа бөліп аламын.
Бағалау критериімен таныстырамын.
Мағынаны тану
— Нұрбектiң де дертi содан болды ғой деп ойлаймын... Ана жылы шөпшiлер бригадасында iстегенде “Дегелеңнiң” маңынан шөп шапқан едi... Ыстықтаған соң салқындап алайын деп кiшкене көлге шомылыпты. Содан ертеңiнде жауырын тұсына кішкене жара шығып, iрiңдей бастады. Дәрiгерге барып көрiнсеңшi дегенiме құлақ асты ма?! “Қазiр нақуқан кезi. Онсыз да жұмыс бастан асады. Болмашы нәрсе ғой, ештеңе етпес” деп елемедi ғой!.. Ал, жара күннен күнге ұлғайып, қыс түсе Нұрбектiң өне бойына түгел қаптады. Сонан қаралмаған дәрiгерi жоқ, ешқандай ем қонбады. Уақыт өткен сайын аяқ - қолы семiп, қозғалудың өзi күшке айналып барады. Шашы жидiп түстi. Бiр қабат терiсi қураған теректiң қабығы секiлдi қабыршақтанып тұр,- дедi Гүлжан көзiне жас алып.
— Улы жыланның басын қайнатып iшкiздiңдер ме? Мына тұрған “Ақбұлақта” бiреу осылай ауырған екен, содан жазылыпты ғой.
— Е, әжей!.. Жыланды кiм тауып әкеледi. “Жатқанға жан жуымас” дегендей, бiздi адам санатына қосып, елеп- ескеретiн пенде бар ма бұл күнде?! Тек құлын тайдай тебiсiп, тел өскен құрдастары ғана көңiлiн сұрап, қарайласып тұратын. Азын - аулақ малдың жылдағы жем- шөбi де солардың мойнында едi... Биыл, өзiңiз бiлесiз, әлгi Қанат ауырмай-сырқамай асылып өлдi. Серiк кенеттен жабысқан қылтамақтан қайтыс болды. Ал Жайсаң Жетiсу бойына қоныс аударды.
1 тапсырма шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау.
«ПОПС формуласы»
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
|
Достарыңызбен бөлісу: |