Сабақ тақырыбы Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу



бет2/4
Дата06.10.2024
өлшемі413.68 Kb.
#504370
түріСабақ
1   2   3   4
15. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Нұсқа 1.

Пәнаралық
байланыстар

Жаратылыстану математика бағытындағы пәндерді оқытқанда, шамалар арасындағы тәуелділіктерге байланысты есептерге өрнек құруда пайдаланады.

АКТ қолдану
дағдылары

GeoGebra бағдарламасы арқылы екі айнымалысы бар теңдеулерді шешу жолын қарастыру.

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


0 – 3 мин



Ұйымдастыру кезеңі
Біріккен оқу ортасын құру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Үй жұмысын тексеру.
Шығарылмаған есептерге көңіл аудару. Жіберілген қателер болса талдау, түсіндіру.


Сабақтың басы
3 – 25 мин

25 – 27 мин
27 – 36 мин


36 – 38 мин

Музыка қосып оқушыларды ортаға биге шақырыңыз. Музыканы тоқтатып екеуден бірігіңдер, қайтадан билетіп үшеуден бірігіңдер, қайталап қосып төртеуден бірігіңдер деп, осылайша төрт оқушыдан шағын топтарға біріктіріңіз.
Бүгін «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу» тақырыбының соңғы сағаты, осы сабақты «Математикалық пойыз» ойыны түрінде жүргізуді ұсынамын.
Аялдамалар: А-Теория; В-Есептеу; С-Ойлану;
D-Толықтыр; Е-Шығармашылық.

Әр топ өзінің көшбасшысын тағайындайды, көшбасшы өзінің реттік номерін алады, сол реттік номерлер бойынша аялдамаларға келіп, тоқтау уақытында үлгеріп берілген тапсырмаларды орындайды. Мұғалім уақытты әр аялдама сайын белгілеп, көрсетіп отырады.
А - Теория
1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу алгоритмі;
2. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу алгоритмі;
3. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін жаңа айнымалы енгізу арқылы шешу алгоритмі;
4. Мысалдар келтіріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет