Сабақ тақырыбы Энергияның сақталуы және айналуы


Терминдер: кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, биіктік, жылдамдық, масса. Терминология



бет2/4
Дата25.04.2024
өлшемі0.49 Mb.
#499784
түріСабақ
1   2   3   4
energiyanyң-saқtaluy-zhəne-ajnalu-zaңy

Терминдер: кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, биіктік, жылдамдық, масса.
Терминология:

қазақша

орысша

ағылшынша

Кинетикалық энергия

Кинетическая энергия

Kinetic energy

Потенциалдық энергия

Потенциальная энергия

Potencial energy

Биіктік

Высота

Height

Жылдамдық

Скорость

Speed

Масса

Масса

mass



1............. дененің қозғалыс жылдамдығына тәуелді.
2.Өзара әсерлесу энергиясы ..............
3. ............. артқан сайын потенциалдық энергия артады.

Құндылықтарға баулу

4) «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының аясында жоғары деңгейлі зияткер оқушыларды дайындау және білім мен ғылымды біріктіру мақсатында «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығын алдым.

Пәнаралық байланыс

Математика - математикалық түрлендірулер арқылы есептеу.
Информатика – ғаламтор желісінен ақпарат жинақтау.
География- Қазақстандағы АЭС, СЭС туралы, басқа да энергия көздері жайлы мәліметтер келтіру.

Алдыңғы білім

Энергия түрленуіне мысалдар келтіру.

Сабақ барысы



Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10минут

5 минут

10минут


І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.1.Оқушыларды түгелдеу. Сәлемдесу. Жағымды ахуал қалыптастыру.
«Жүректен жүрекке» әдісі.
Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге байланысты жағымды тілектер айтады.


1.2.Топтарға біріктіру «Өз жартыңды тап» әдісі бойынша сурет қиындыларын біріктіру арқылы топтарға біріктіремін. Біріккен суреттен физик ғалымдардың суреті шығады, осылайша топтың атауы анықталады.
I топ – Джоуль тобы
II топ – Ньютон тобы
IIІ топ Ватт тобы



II. Үй тапсырмасын қайталау
Критерий:
1.Механикалық энергияның түрленуін сұрақтар мен суреттер арқылы сипаттап береді.
Тапсырма 1
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында «Өрмекшінің өрмегі» әдісімен үй тапсырмасын қайталаймыз. Мұғалім бірінші оқушыға механикалық энергия тақырыбы бойынша сұрақ қойып, жіптің ұшын ұстатады. Ол оқушы сұраққа жауап беріп, кез келген бағытта келесі оқушыға сұрақ қояды да, жіпті жалғайды. Осылайша үй тапсырмасын қайталап, сұрақтарға жауап береді. Жіптің көмегімен өрмекшінің торы пайда болады (бұл әдіс оқушының белсенділігін арттырады, көру, тыңдау, айтылым дағдыларын қалыптастырады, шапшаңдыққа жетелейді деп ойлаймын).
Мысалы: Дененің жұмыс істеу қабілеті
Энергия. Механикалық энергия түрлері қандай?
Кинетикалық және потенциалдық энергия. Кинетикалық энергия дегеніміз не? ...........


Тапсырма 2 (Топтық жұмыс)
«STOP- кадр» әдісі арқылы 3 топқа 3 түрлі кадрдан үзінді сурет беріледі. Әр топ суретке қарай отырып механикалық энергияның айналу және сақталу заңының орындалуына түсініктеме беру қажет (оқушының білу, түсіну, салыстыру, қолдану, ойын ашық айту дағдылары қалыптасады).
1-топ

2-топ 3-топ




Дескриптор

1.Баланың биіктіктен сырғанау кезіндегі энергиясының түрін түсіндіріп бере алды.
2. Баскетбол ойнау кезінде доптың қозғалысы барысында энергияның сақталу заңының орындалуын түсіндіре алды.
3. Жел және күн энергиясын игеру барысында механикалық энергияның түрленуін мысалдармен түсіндіре алды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет