Сабақ Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат» Мұғалім: Амангелді Мадина Дарханқызы Сынып: 2 "А" 2023-2024 оқу жылы Кіріктірілген білім беру саласы: Таным, Денсаулық



бет2/3
Дата06.05.2024
өлшемі0.5 Mb.
#500640
түріСабақ
1   2   3
Ғарыш әлеміне саяхат ашық сабақ

Билингвистикалық компонент: Ұшақ-самолет, зымыран-ракета, тікұшақ-вертолет.
- Ғарышқа тұңғыш ұшқан ағаларымыз Юрий Гагарин, Тоқтар Әубакіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айынбетов. Ғарышқа зымыранмен ұшқан бұл кісілер біздің мақтанышымыз.

Қызықтыру сәті : Балалар сендер ғарыш әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме? Ал, ендеше, балалар зымыранмен ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрнымызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Ал енді зымыранмен ұшамыз ғарыш әлеміне саяхатқа барайық.

Қимылды ойын: «Санамақ зымыранмен»
Тіл ұстарту жаттығу.(ақырын әуен қосылады)
1,2,3 фыш-ш-ш біз кеттік,
Ұшуды біз үдеттік.
4,5 гу-гу-гу гуілде
Қалып қойма біріңде.
Кәне,балалар тоқтайық.1,2,3 фыш-ш-ш-ш.
Балалар міне біз «Ғарыш әлеміне» келіп қалдық.
Ой, балалар қараңдаршы, бұл не?
Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар! Аспан патшалығы " Ғарыш әлеміне " қош келдіңдер. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен сендерді ақылды, мейірімді, еңбекқор, өте білімді екендерінді естідім. Менің сендерге арнаған сыйлығым бар. Сыйлығымды алу үшін көп еңбектенулерін керек. Мен сендерді әртүрлі тапсырмаларымен сынағым келеді, сендерге дайындаған тапсырмаларым бар.

  • Сендер орындайсындар ма? (көңілді әуенде бір билеу)

Педагог: Балалар қоянның тапсырмаларын орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше қоянның алғашқы тапсырмасы жұмбақтардың шешімін табу.
Жұмбақтар шешу.
1)Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз, балабақ- шамызға келеміз. бұл қай кезде болады?(таңертен)
2) Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.Серуенге шығамыз, қыдырамыз ,бұл қай кезде болады?.(күндіз)
3) Күн батады қызарып, анамызды күтеміз.Бұл қай кезде болады ?(кеш)
4) Уйлерде шам қызарып, демалады әлем деп, әлдилеп ақ әжем ертегі оқиды. Бұл қай кезде болады (түн)
Сергіту сәті: «Топ-топ»
Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн
Педагог:- Ал, балалар енді геометриялық пішіндерді еске түсірейік.
Шаршының суреті.
-Балалар бұл қандай пішін?
-Неге шаршыны дейді екенбіз, қанекей шаршының қабырғаларын, бұрышын санайық?(санайды)
-Түсі қандай?
Үшбұрыш суреті.
-Бұл қандай пішін?
-Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық?
-Түсі қандай?
Шеңбер суреті.
-Бұл қандай пішін?
-Шеңбердің бұрышы бар ма?
-Шеңбердің түсі қандай
Бұның барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет