Сабақтың басы
0 – 3 мин
Сабақтың ортасы
3 - 13 мин
13 – 15 мин
15 – 25 мин
25 – 27 мин
27 – 36 мин
36 – 38 мин
Сабақтың соңы
38 – 40 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы арқылы шолу сұрақтары қойылады:
қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?
қандай сандар өрнектегі айнымалының қабылдайтын мәндері деп аталады?
көбейтудің үлестірімділік қасиетін тұжырымдаңыз;
мысал келтіріңіз.
Үйге берілген тапсырма тексеріледі: мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетеді, ал оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысының есептерінің шығарылу жолдары мен жауаптарын сәйкестендіреді және «+», «-», «?» бойынша бірін-бірі бағалайды. Сосын, әркім өз дәптерлерін алып, «-» және «?» тұстарын сыныппен бірге мұғалім нұсқаулығы бойынша талқылайды.
Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену.
Жалпы сыныппен жұмыс.
Жақша ішінде алгебралық қосынды жазылған өрнектерді оған тең жақшасыз өрнектермен алмастыруға болады. Бұл жағдайды «жақшаларды ашу» деп атайды.
Жақшаларды ашқаннан кейінгі өрнек пен бастапқы өрнек теңбе-тең өрнектер деп аталады.
1 – жағдай.
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, жақшаларды ашу.
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті жақша ішіндегі қосылғыштар саны екіден көп болған жағдайда да орындалады.
|