Сабақ тақырыбы Катализ. Катализатордың түрлері. Катализатор қолданылатын реакциялар



бет2/4
Дата11.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#486140
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақ жоспары.катализатор 1-сабак

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
5-6 минут
7-8-минут
9-16 минут
17-20 минут

21-30


31-35минут

36-38минут




Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру
Оқушыларға бейне баян ұсынылады. Оқушылармен осы бейне баянды және өткен сабақтармен байланыстыра отырып бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын болжайды және нақтылайды.
Жаңа оқу мақсаттары және сабақ тақырыбымен таныстыру
Күтілетін нәтижелермен таныстыру
Оқушыларға бейне баян көрсету және осы бейне баяндағы мәселені талқылау.
Оқушыларға проблемалық сұрақтар қойылады.
- бейне роликте қандай мәселе көтерілді?
- бұл мәселе қаншалықты маңызды?
- бұл мәселені қалай шешуді ұсынды?

Катализатордың әсері туралы тереңірек түсіну үшін бейне баян тамашалау

Гетерогенді катализ
Белсендіру энергиясының шамасын катализатор арқылы өзгертуге болады. Үдеріске қатысып, бірақ жұмсалмайтын заттар катализаторлар деп аталады. Бұл құбылыстың өзі катализ деп аталады.
Гетерогенді катализатор реагенттер мен өнімдер фазасынан басқа фазада орналасқан.
Гетерогенді катализаторлар әдетте қатты болып келеді. Гетерогенді катализаторды қолдану көптеген реакциялардың үзіліссіз жүруіне себепші болады. Катализатор ретінде платина қолданылатын сутек пен қышқылдан алынған су синтезі гетерогенді катализ қолданылатын реакция мысалы бола алады.

Гомогенді катализ
Реагентпен бір фазада жататын катализ түрі гомогенді болады. Мұндай реакция мысалы күкірт (IV) оксидінің азот (II) оксиді қатысуымен қышқылдануы. Катализатор мен реагент екеуі де бір газ тәрізді фазада болады.

Гомогенді катализдің негізгі кемшілігі – бұл катализатордың өнім қоспасы құрамынан алынуы қиын. Нәтижесінде катализатор бөлігі жоғалады және өнімдер олармен ластануы мүмкін. Осы кемшіліктерге қарамастан, тасымалданушы металдар кешендері жоғарғы реакция шығынын түзетіндіктен, оларды өндірісте кеңінен пайдаланады.
Гомогенді катализ – Гомогенный катализ – Homogeneous catalysis
Автокатализ
Өнімнің бірімен катализделінетін реакцияны автокатализдік реакция деп атайды. Автокатализдің ең көп танымал мысалы ретінде перманганатпен қымыздық қышқылының тотығуын айтуға болады:

Mn2+ иондары бір мезетте әрі реакция өнімдері, әрі оның катализаторлары болғандықтан, бұл – автокатализдік реакция.
Автокатализдік реакция – Автокаталитическая реакция – Аutocatalytic reaction
Қымыздық қышқылы – Щавелевая кислота – Oxalic acid
Калий перманганаты – Перманганат калия – Potassium permanganate




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет