Сабақ тақырыбы Компьютерде денсаулыққа зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге болады?



бет5/6
Дата09.04.2024
өлшемі0.83 Mb.
#498152
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Bekmaganbetova Nurgul

Сабақтың соңы

3 минут


2 минут

2 минут


(Ж) Компьютермен жұмыс. «Біліміңді тексер!» Сурет пен сөздің байланысын тап.
«Көз жаттығулары» маңызды рөл атқарады.
Рефлексия
«Піл». Оқушыларға пілдің суретін салғызып, жинап алады. Суретке қарап талдайды (құлақ – жақсы тыңдады, көз – суреттен жақсы есте сақтайды...)

http://bilimland.kz/kk/content/structure/19485_synyp#lesson=16300
ИТ, тұсаукесер (Көз жаттығуларына байланысты бейнелер)




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері білім алушылардың деңгейлеріне байланысты жүзеге асырылады. Білім алушылар қауіпсіздік техника ережелерімен танысып, ереже сақтамау салдарынан туындайтын қауіп-қатерлер туралы мәліметтер алады. Білім алушылардың білім деңгейіне байланысты тапсырмалар орындату арқылы қарқынды жұмыс істеп, дереккөздерге жүгінеді.
«Ойлан, тап!» ТҚЕ-ге байланысты суреттермен жұмыс барлық оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады.
«Ойлану уақыты» арқылы ортақ сұраққа жауап беру барысында кейбір оқушыларға нақты және жан-жақты көмек қажет болуы мүмкін. Сол үшін диалог және қолдау көрсету тәсілі көмек көрсетеді.
Талдыңыз және түсіндіріңіз (Блум) тапсырма-сы арқылы барлық оқушылардың өзіне деген сенімі мен оқуға деген уәжі артады.
«Көршіңмен талқыла!» сәйкестендіру тапсырмасы барлық оқушылардың түсінігі мен дағдыларын арттырады.
«Байланысын көрсетіңіз» қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыруға өз үле-сін қосады. «Дереккөздермен жұмыс» тапсырмасы электронды дереккөздермен жұмыс жасау арқылы кейбір оқушылардың қабілеттілігін жетілдіреді.
«Біліміңді тексер!» компьютерлік тапсырмасы арқылы барлық оқушылардың ҚТЕ-ні қан-шалықты білгенін анықтауға мүмкіндік береді.

«Ойлан тап!» әдісін қолдану арқылы ТҚЕ-ге суреттер беріледі. Сол суреттерге қарап сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Топтарды шығармашылыққа баулу үшін «Көңіл күй» смайлигі арқылы;
«СТО» әдісімен қойылған ортақ сұраққа балалардың берген ұтымды жауаптары
«Бағдаршам» әдісі арқылы;
Талдыңыз және түсіндіріңіз (Блум) тапсырмасы оқушылардың топпен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді және оқушылардың ұйымшылдығын
«Бас бармақ» әдісі арқылы;
«Көршіңмен талқыла!» сәйкестендіру тапсырмасын «Жұлдызша» әдісімен;
«Піл» әдістері арқылы білім алушылардың сабаққа белсене қатысулары бағаланады.

Сергіту сәті: «Мен қазақпын!»
Мақсаты: Оқушылар сабақ барысында белсенді қозғала алмағандықтан, бұл сергіту сәті жұмыс түрін алмастыра-ды, оқушылардың көңілін аударады.
ҚТЕ тармақтары:
1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
Ø Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткаларға, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Ø Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
Ø Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
Ø Дербес компьютердiң жанына портфель, сумка, кiтап қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс:
Ø Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
Ø Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары:
Ø Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
Ø Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.
3. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:
Ø ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
Ø Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
Ø Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
Ø Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.
4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:
Ø Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;
Ø Өрт сөндiруде көмек көрсету қажет; Ø Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлу керек;
Ø Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтынын бiлуi қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндiргiш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;
Ø Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтынын бiлу қажет. Оны әртүрлi материалдарды (электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет