Сабақтың басы
2 минут
3 минут
1 минут
2 минут
|
Амандасу, танысу; түгендеу.
– Сәлеметсіздер ме, балалар! «Информатика» кабинетіне қош келдіңіздер!
Жағымды психологиялық ахуал тудыру.
Тренинг: «Кездесу» ойыны.
Шарты: Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, сол баланың есімінің бірінші әрпіне қарай адами қасиетін айтады (М: А-ақылды; Б-білікті және т.с.с.)
«Мәңгілік ел» топқа бөлу. «Мәңгілік ел» тағбасы арқылы топтастыру. Ол төрт түстен тұрады: көк, қызыл, күлгін және сары. Топқа ат қою, мақсатын анықтау.
«Ойлан, тап!» әдісі. Сабақ басталар алдында әртүрлі техника қауіпсіздігіне байланысты бейнелер ИТ-да пайда болады.
– Балалар, тақтаға назар аударыңдаршы, тұсаукесерден не көріп отырсыңдар? Мына бейнелерден сендерге таныс бейнелер бар ма?
– Дұрыс айтасыңдар, енді осы суреттерге қарап бүгінгі сабағымызға өз сөзімізбен тақырып және мақсат қояйықшы.
Тақырып: Қауіпсіздік ережелері.
Мақсаты: ТҚЕ туралы түсінік қалыптастыру. Себеп-салдарын анықтау.
Сабаққа белсене қатысып отырған топтарды «Көңіл күй» смайлигі арқылы бағалап, мадақтап отыру.
|
Тақта, тұсаукесер, көңілді әуен
https://bilimland.kz/kk/home#lesson=16300
техника қауіпсіздігі мен информатика кабинетіндегі тәртіп ережелері бойынша плакаттар
|