Сабақ Тақырыбы: металлургия кешені. ҚАра металлургия



бет1/2
Дата31.08.2022
өлшемі210 Kb.
#460095
түріСабақ
  1   2
Металлургия кешені Қара металлургия 9 класс


Н. Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған
мектеп-интернаты

Ашық сабақ


Тақырыбы:


МЕТАЛЛУРГИЯ КЕШЕНІ.
ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ.
Дайындаған: Сержанов Фархад

Түркістан 2022ж.



Сыныбы

9 «А»

Пән мұғалімі: Сержанов Ф

Күні: 23.11.2018

Сабақтың тақырыбы

Металлургия кешені. Қара металлургия.



Мақсаты

Металлургия кешеніне жалпы шолу. Қара металлургия құрамы, ерекшеліктері туралы білу. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.

Күтілетін нәтиже

А. Металлургия кешені туралы біледі.
В. Металлургия кешендерінің орналасуын картаға түсіріп, көрсете алады.
С. Қара металлургияның құрамы мен ерекшеліктерін ажыратып, талдай алады.

Керекті жабдықтар

Үлестірмелі материалдар, стикерлер, рефлексия қағазы, интернет бейнематериалы, карта, интерактивті тақта, компьютер.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті



Кіріспе 5мин

Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл күйін көтеру мақсатында сәлемдесу жайында бейнеролик көрсетемін.

Оқушыларды себетке салынған жемістер арқылы 2 топқа бөлемін.


Оқушыларға «Өзін-өзі бағалау» парақтарын үлестіремін.



Жемістерді таңдау арқылы топтарға бірігеді.

Үй тапсырмасын сұрау
10мин

І. Кестемен жұмыс.
1-тапсырма 2-тапсырма

қ/с

Кен орны

Пайдалы қазба

Орналасқан жері

1

Қаражыра

көмір

Шығыс Қазақстан

2

Құсмұрын

көмір

Қостанай

3

Кендірлік

көмір

Сауыр тауы. ШҚО

4

Жетібай

мұнай

Маңғыстау

5

Обаған

көмір

Қостанай

6

Теңге

газ

Маңғыстау

7

Қарашығанақ

газ

Батыс Қазақстан обл

8

Амангелді

газ

Жамбыл облысы

9

Теңіз

мұнай

Атырау

10

Қаражамбас

мұнай

Маңғыстау

11

Мақат

Мұнай

Атырау

12

Қалжат

көмір

Алматы обл

13

Қарашүңгіл

мұнай

Атырау

14

Амангелді

газ

Жамбыл обл

15

Майкүбі

көмір

Павлодар обл

Критериалды бағалау шкаласы
«5» - 12-15 балл
«4» - 8-11 балл
«3» - 4-7 балл
«2» - 0-3 балл
ІІ. «Сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы оқушыларға түрлі деңгейдегі сұрақтар қоямын.



1.Отын энергетикалық ресурстарға не жатады? (мұнай, газ, көмір, шымтезек)


2. Мұнай өңдеу зауыттары орналасқан қалаларды ата? (Атырау,Шымкент,Павлодар)
3. 2001 жылы салынған ұзындығы 1580 км болатын құбыр.(Теңіз-Новороссийск)
4. 2002 жылы салынған ұзындығы 635 км болатын құбыр.(Қарашығанақ-Атырау)
5. Еліміз газ қоры жөнінен дүниежүзінде нешінші орында? (12 орында)
6. Еліміз көмір өндіруден дүниежүзінде нешінші орында? ? (8 орында)
7. Еліміз көмір өндіруден ТМД-да нешінші орында? ? (3 орында)
8. Көмірдің республика аумағындағы жалпы қоры қанша тонна тоннаны құрайды? (176,6 млрд тонна)
9. Кокс деген не? (Таскөмірді ауа жібермей қыздыру нәтижесінде алынатын отын түрі)
10. Еліміздегі электр желісінің ұзындығы қанша?( 400 мың км)
11. Еліміздегі АЭС қай жылы салынған? (1973 ж)
12. СЭС электр энергиясының қанша пайызын береді? (8%)
13.Электр энергиясының қанша пайызын ЖЭС береді? (90%)
14.Екібастұз көмірін алғаш рет кім тапқан? (Қасым Пішенбаев)
15. Еліміздегі АЭС қай қалада орналасқан?
(Ақтау)

Оқушылар берілген кесте бойынша тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар шеңберді таңдай отырып кезекпен сұрақтарға жауап береді.

Қазақстанның картасынан қойылған сұрақтарға жауапты тауып, көрсетеді.


Негізгі бөлім 20мин

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында интерактивті тақтадан бейнеролик көрсетемін.
Жаңа сабақты қысқаша түсіндіремін.


Оқулықпен жұмыс
Екі топқа тақырып бойынша тапсырмалар беремін.


1 топ
1. Металлургияның негізгі шикізаты мен құрамы
2. Ірі темір кен орындары
2-топ

  1. Қара металлургия кәсіпорындарының типтері

  2. Қара металлургия зауыттары




Оқушылар мұқият тыңдап, қарайды.Бейнероликтің не туралы екендігі жайлы өз ойларын айтады.
Оқулықты және картаны пайдалана отырып берілген материалды талқылайды.



Қорытынды
5 мин

Сабақты бекітуге интерактивті тақта арқылы тест тапсырмасын беремін.
1. Толық циклді қара металлургияның орталығы:
А) Жезқазған В) Атасу
С) Жезді Д) Теміртау
2. Қара металлургияның өнімі:
А) кенцентраттар В) шойын, болат, прокат
С) алюминий Д) мыс, мырыш
3. Республикамыздағы ірі марганец кен орындарының бірі:
А) Жезді В) Ащысай
С) Теміртау Д) Лисаков
4. Қазақстандағы қара металлургияның негізі қай жылы қаланды?
А) 1932 ж В) 1934 ж С) 1936 ж Д) 1938 ж
5. Қара металлургияның негізгі шикізаты
А) Марганец В) Ферроқорытпа
С) Темір кені Д) Шойын
6. Темір кені қорынан Қазақстан дүниежүзінде нешінші орында?
А) 6 В) 7 С) 8 Д) 9
7. Дөң және кемпірсай кен орындары қай облыста орналасқан?
А) Қостанай В) Ақтөбе
С) Қарағанды Д) Павлодар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет