5. Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) білімгерлермен сәлемдесу
Б) Білімгерлерді түгендеу
ІІ. Үй жұмысын сұрау. Миға шабуыл. Аукцион ойыны: Қай топ көп сұраққа жауап береді сол топ осы Аттиланың суретін сатып алады:
Дәстүрлі қазақ қоғамында айқын иерархия орын алған ғасыр. (ХV-ХVІІІғғ.)
Қазақ хандығы дәуірінде қазақ қоғамы қандай екі негізгі топқа бөлінді? (ақсүйек пен халық)
Ақсүйек адамдардың бірінші тобына жатқандар. (Шыңғыс хан ұрпақтары немесе төрелер)
Ақсүйек адамдардың екінші тобына жатқандар. (Қожалар)
Қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда құқықтық артықшылығы болғандар (сұлтандар)
Шыңғыс хан ұрпағының ұраны қалай аталды? (арқар)
Әлеуметтік иерархияның шыңында орналасты. (Хан)
Орталық Азияға ислам дінін таратушылардың ұрпақтары (Қожалар)
Рулар мен Тайпалардың басшылары. (билер)
Олардың ықпалы кейде хан ықпалынан да асып кетуі мүмкін (билер)
Оның қол астына рулар ауқымында сот, әкімшілік және әскери билік тиісті болды. (Би)
Көп мал мен мүлікке ие болған ықпалды, дәулетті адам аталды. (бай)
Оларды кәсіпқой әскери адамдар деп атауға болады. (батырлар)
Олар жауласушы тараптар арасында бейбіт келісімдер жасау кезінде елшілер мен бітімгерлер рөлін атқарғандар (ақсақалдар)
Ерекше құқықсыз топты құрағандар. (Құлдар мен күңдер)
ІІІ.Жаңа сабақ.
Аукион арқылы ұтып алған суреттерді сөйлету.
- Не көріп тұрсыз?
- Не туралы болуы мүмкін?
- Суреттерді біріктіріп, негізгі идеяны анықтаңыз?
Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.
1-тапсырма. Тақырып мәтінін оқып, көшпелілер мемлекеттерінің үлгілерін анықта
Дескрипторлар:
Көшпелілер мемлекеттерінің үш үлгісін анықтайды;
Мемлекет үлгілерінің кемінде екі белгісін көрсетеді;
Мемлекет үлгілерінің белгілері негізінде басты ерекшелігін түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |