Қоныстанушылар жергілікті халыққа қысым көрсетті.
Пайдалы қазбалар әкетілді.
Жайылымдар тарылды.
Дескрипторы:
Отарлау саясатының кем дегенде 4 салдарын анықтайды.
3-тапсырма. Топтық жұмыс. Венн диаграммасын құрастыру.
1-топ. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің ерекшеліктерін жазады.
2-топ. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктерін жазады.
Ұқсастығына 2 топтың білімгерлері шығып, жазады.
4-тапсырма. «САНДАР ДА СӨЙЛЕЙДІ» әдісі
1731 жыл 19 ақпан – император Анна Иоановна Кіші жүзді Ресейдің қол астына қабылдау туралы грамотаға қол қойды.
1735 жыл – Орынбор қаласының негізі қаланды.
1740 жыл - Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін мойындаған жыл.
1756 жылы қыркүйекте - патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына Жайықтың оң жағына мал жаюға ресми шек қойды.
1773-1775 жылдар – Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі.
1783-1797 жылы – Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
1801-1845жыл – Бөкей Ордасының өмір сүрген жылдары.
1837-1847 жылдар – Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық соғыс.
1836-1838 жылдар – Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен болған көтеріліс.
5-тапсырма.Қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресінің нәтижесін қортындылау.
Қазақ халқының ұлт - азаттық күресінің тарихында Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының көтерілістері маңызды орын алады.
Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған ұлт - азаттық соғыс тәуелсіздік үшін күреске барлық үш жүзді көтерген, ХІХ ғасырдағы қазақтардың ең ірі және уақыты жағынан ең ұзаққа созылған көтеріліс болды.
Қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресінің нәтижесі
XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер отаршылыққа қарсы сипатта болды.
Көтерілістер қазақ жүздерінің бытыраңқылығынан,
көтерілісшілердің жақсы қаруланған патшаның тұрақты әскерімен салыстырғанда, жауынгерлік дайындығының нашарлығынан жеңіліске ұшырады.
Достарыңызбен бөлісу: |