Оқылым.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, автордың шебер қолданған тіркестерінің мағынасын түсіндірме түрінде жазыңдар.
Дүниенің дөңгелек екенін шыр айналған ұршығымен ұғындырып
отыратын жарықтық, әжеміздің замана, ел, туған жер тарихы туралы айтатын әңгімелері әсерлі еді. Дала мектебінің сол бір салиқалы сабақтары бізді бағзы бабалар қадымнан қазық қаққан өскен өңірді қадірлеп-қастерлеуге, кие тұтуға баулыды. Есейе келе ұядай ауылға деген ұлпа сезім ұлан-байтақ қазақ жеріне деген ұлағатты сезімге ұласты. Университет қабырғасында табысқан достар арқылы бәріміздің бойымызда Сарыарқаның сағымды белдері мен Алтайдың сабынды көлдеріне, Каспийдің толқын ұрған шомбал тастары мен Түркістанның күн сүйген көне күмбездеріне деген ерекше махаббат оянды. Мен де, менің достарым да жұмыр жердегі жұмақ мекен дәп осы кең көсілген
қазақ жері екенін ешбір жасандылықсыз, ешқандай боямасыз сезініп, айрықша ұлағат етіп келеміз. Егемендіктің елең-алаңын көзімен көрген, көкірегімен сезінген біздің буынның қазақы патриотизмі, міне, осындай саф" күйінде сақталып қалды.
Қ.Бораш «Жұмыр жердің жұмағы» кітабынан
Кесапат - зиян, кесір.
Сағы сыну - беті қайтып қалу, тауы шағылу.
Қадымнан - баяғы заманнан.
Шомбал-үлкен, ірі..
|
.
|
|