Қозғалтқыштың жүйелері:
-Майлау жүйесі – ол қозғалтқыштың ішіндегі, үйкелесетін бөлшектерге майды қысым арқылы немесе шашыратып жеткізуге, бөлшектерді салқындатуға және майдың өзін желініс, күйеден тазалап, сақтауға арналған жүйе.
-Салқындату жүйесі – ол қозғалтқыштың қалыпты жылу жұмыс режимін қамтамасыз етіп тұруына арналған жүйе.
-Қоректендіру жүйесі – ол ауаны, жану қоспаны немесе отынның белгілі бір мөлшерін инжектор әлде форсунка арқылы тозаңдатылған күйінде, қозғалтқыштың цилиндрлеріне жеткізуін қамтамасыз ететін жүйе.
-Іске қосу жүйесі – ол қозғалтқышты оталдырған кезде, иінді білікті айналдырып жіберуге арналған жүйе.
3. Оқу материалды бекіту: Сонымен, құрметті оқушылар, енді айтаберіңіздер, менің назарым тугел сендерде.
-Қозғалтқыш дегеніміз ол не?
-Бізді қоршаған ортадағы, энергияның қандай түрлерін білесіңдер?
-Осы айтылған энергияларды қалай-қалай қолданамыз?
-Автокөліктерде қандай қозғалтқыштарды қолданамыз?
-Поршеньді, іштен жанатын қозғалтқыш дегеніміз ол не?
-Іштен жанатын қозғалтқыштар, тұтану тәсілі бойынша, неше түрге бөлінеді?
-Бензинді қозғалтқыштардың ерекшеліктері?
-Дизельді қозғалтқыштардың ерекшеліктері?
-Кез келген поршеньді, іштен жанатын қозғалтқыштарда қанша механизм және неше жүйе бар?
-Балалар, бүгінгі тақырыптағы, түсінбеген жерлерің болса, саспай, еркін ретінде, сұрақтарыңды маған қояберіңіздер, жауапсыз қалған сұрақтар қалмау керек, келістік пе?
4. Қорытынды кезеңі: Келесі сабақтарда, бүгінгі карап өткен қозғалтқыштардың ішіндегі әр бір механизмдердін, жүйелердін құрылысын, жұмыс принциптерін, ерекшеліктерін тереңдеу өқыймыз әрине.
-Бүгін сендерге қойылған бағалар келесі: (Алиев-5; Смагулова-4...)
Үйге беретін тапсырма: Ендеше былай болсын, үйлеріңізде осы пәнге даындық жасағанда: А. Алиев «Тракторлар мен автомобильдер құрылысы» Алматы-2005ж. 31-37 бет. және Ж.П. Жүнісбеков «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет» Астана-2007ж. 12-22бет. Айтылған кітәптердің беттері бойынша, келесі сабаққа – автокөлік қозғалтқышының механизмдерін және жүйелерін нақты жаттаб алыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |