Сабақ тақырыбы Риторика туралы жалпы мағлұмат. Жалпы мақсат


Бекіту Үйге тапсырма беру



бет5/27
Дата31.03.2023
өлшемі166.51 Kb.
#471500
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
1 топ-поурочный план

Бекіту


Үйге тапсырма беру

Сұрақ-жауап.

Шешендік сөздер жаттау.





Бекітемін:________________



Уақыты:


05.10.2022
06.10.2022



«Тарихи риторика» үйірмесі

Тобы:2

Сабақ тақырыбы

Ресейдегі шешендік өнер.

Жалпы мақсат

Ресейдегі шешендік өнер даму тарихы мен зерттелуі.

Сабақ типі

Жаңа сабақ

Көрнекіліктер

Шешендік сөздер кітаптары.

Жаңа тақырып

Зерттеушілердің пікірінше, шешендік өнер ақыл-ойға еркіндік кең кезде, демократиялық қоғамдарда өсіп-өркендейді. Халықтар арасындағы шайқастар мен таптық кақтығыстар да шешендік өнердің қанат жаюына жағдай жасайды. Франциядан Жан Поль Марат, Максимилиан Робесьпер, Ресейде В.И.Ленин, А.Луначарский сияқты шешен революционерлер шыққан. Ресейде шешендік өнердің кенжелеп дамығанын айтып, оның себебін түсіндірген Д.И.Фонвизин: «Шешендердің аз болу себебі, шындығында, шешендік дарын көрінетіндей жағдайдың жоқтығынан. Шешендік абырой-атаққа есігін айқара ашатын және консульдікпен сайланатын бізде халық жиналыстары жоқ», - десе, қазақ ғалымы Б.Адамбаев: «Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, жүйелі сөзге жұртшылық, қоғам құлақ асса, міне сол жерде, сол елде ғана дамиды. Керісінше, ақыл-ойға, сөзге-тілге қысым жасалып, шек қойылған жерде ақыл-ойдың адамдары, ең алдымен ақындар мен шешендер қорғалап сөйлей алмайды, сөз өнері тоқырайды», - деген болатын. Шын мәнінде орыс шешендік өнері М.В.Ломоносовтан басталады. Оның «Шешендікке қысқаша басшылық» атты оқулығы бар. Ол «Шешендік дегеніміз - ғылым» деген еңбегінде шешендік өнердің рухани қабілетпен, ғылыммен, еліктеумен, мол біліммен, шығармашылық ізденіспен, күшті дауыс, мықты рухпен біртұтас екенін баяндаған. Шешен сөзі тыңдаушының сезіміне зор әсер етуі керек, даусы таза, сөзі анық болуы керек дейді. ХVШ-ХІХ ғасырларда орыс зерттеушілерінің шешендік өнерге байланысты бірнеше еңбектері жарық көрді. Олар:
- Ив. Степ. Рижский. «Риторика тәжірибелері» (1795);
- Алекс. Фед. Мерзляков. «Қысқаша риторика»;
- Алек. Ив. Галич. «Прозалық туындылардың барлық тектеріне бағышталған шешендіктің теориясы»;
- Ник. Фед. Кожанский. «Жеке риторика» (1832), «Жалпы риторика» (1854);
- Мих. Мих. Сперанский. «Жоғары шешендіктің теориясы» (1844);
- А.Ф.Кони. «Сот және саясат тақырыптарындағы шешендік», «Лекторға кеңес»;
- П.С.Порохощиков. «Сот шешенінің өнері»;
- В.Г.Белинский. «Риториканың мазмұны мен міндеттері» мақаласы т.б. Ресейде шешендіктану арнайы білім, ғылым саласы XVII ғасырдың басында ғана тарай бастады. Бірақ бұл ежелгі орыстар сөз өнеріне лайықты тұрғыда назар мән бермеді дегенді аңғартпайды. Қайта, керісінше, оларда «доброречие», «краснословие» өте-мөте жоғары бағаланады. Сан алуан мақал-мәтелдерде орыс халқынын талай ғасырлар бойы қалыптасқан алуан қырлы өзіндік риторикалық этикасы көрініс тапқан. Шешендіктанудың теориялық мәселелері алғаш тізімге ілігуі 1620 жылдың наурыз айы деп көрсетілген. Бұл «Риторика» атты қолжазба оқулықта барынша егжей-тегжейлі сипатталып беріледі. Осы оқулықтың зерттелу нәтижелеріне арнап В. А. Аннушкиннің «Орыстың алғашқы «Риторикасы» Атты еңбегі жазылды . Нәтижесінде 1620 жылғы «Риториканың» жеке бір авторлық шығарма емес, латын басылымындағы «Риториканың» неміс тіліндегісінен аудармасы екендігі дәлелді тұрғыда нақты анықталды. «Риторика» екі кітаптан құралған: «Істі ойластыра жүйелеу туралы» және «Сөзді безендіру туралы»; Тек XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың алғашқы жартысына таман ғана шешендік өнер туралы жетекші құралдар пайда бола бастады. Бұл орайдағы оқулықтардың сапынан Софроний Лихуданың «О силе риторической» /1698/, Михаил Усачевтың «Риторика» /1699/, Стефан Яворскийдің «Риторическая луна» /1710/ атты еңбектерін атауға болады. Бұған қоса көптеген қолжазба оқулықтар тек Мәскеу, Киевте ғана емес, сол сияқты Чернигов, Смоленск, Рязань секілді сандаған өзге қалаларда да әзірленді. Шешендіктанудың әрбір оқытушысы өз курсын құрастырып, даярлауы тиіс болды. Оқушылар құттықтау сөздер құрастыруға әзірленіп, «Оқудың пайдалылығы», «Жақсылық сыйлаушылар», «Сана мен сезім» туралы т.б. такырыптарға «сөздер», уағыз-насихаттар жазады. XVII ғасырдағы шешендіктану туралы еңбектердің арасынан М.Усачевтың «Риторика» оқулығы ерекше аталды. Дегенмен де осы бағыттас еңбектерде әлі де шіркеулік шешендіктанудың әсерінің күштілігі айқын аңғарылды. Ресейдегі шын мәніндегі шаршы топ алдындағы сөз сөйлеу өнері университеттік шешендіктің дамуымен байланысты. Осы жолда Мәскеу университеті мен Ресей Ғылым Академиясының негізін салушы М.В.Ломоносов (1711-1765) шешуші қадам жасады. Ол орыс тіліне өте күрделі реформа жасауға бағыт ұстанып, қазіргі орыс әдеби тілінің негізін салды. М.Ломоносов «Шешендікке қысқаша басшылық» атгы еңбегін жазып, орыс шешендіктануының келешектегі даму бағдарламасын негіздеді. М.В.Ломоносовқа сүйенсек, шешенге алдыңғы кезекте өткір ой, жады, жұғымды дауыс, қалыпты тыныс, ұнамды сыртқы пошым, келбет және табиғи қабілет аса қажетті. М.Ломоносовтың еңбегінде сөйленер сөзді 4 бөлімнен кұру ұсынылған. Олар: кіріспе, түсінік беру, бекіту, қорытынды. Әрбір бөлімнің міндеттері көрсетілген, әрқайсысын қалай жүзеге асыру керектігі жөнінде кеңестер айтылады. Орыс шешендігінің дамуына ХІХ-ХХ ғ.ғ. басындағы шешен практиктер елеулі үлес қосты. Шындығында, бұл кезде, мәселен, орыс академиялық шешендік мектебінің, не ұстанымдары, не өзіндік ерекшеліктері де теориялық тұрғыда сипатталған да, негізделген де жоқ еді. Ресейдегі осы бағыттағы шешендіктанудың негізін салушы ретінде Мәскеу университетінің профессоры, тарихшы Т.Н.Грановский, (1813-1855) танылса, бұл арнадағы бірден-бір белгілі тұлғалар қатарынан В.О.Ключевский, К.А.Тимирязев, Д.И.Менделеевтер аталады. Орыс шешендіктану тарихының даму бағыттары бірі - XX ғ. басындағы саяси шешендік формасының даму: В.И.Лениннің шешендік стилі және өзге де осы мектепті насихатшылары С.М.Киров, А.В.Луначарский және т.б-туралы бірқатар зерттеулер жасалды. Біздіңше, олардың шешендік мұрасын оқып-үйрену шешендікке баулу бүгінгі таңда да өзекті әрі пайдалы. 1918 жылы Петр атақты ғалым және қоғам қайраткерлері В.Э.Мейерхольд, А.В.Луначарский, Л.В.Щерба, Н.А.Энгельгардт және т.б. катысуымен сөз өнері Институтының құрылуы шешендіктану теориясы дамуындағы жаңа құбылыс еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет