Үшбұрыштың түрлерін шынайы өмірде де анықтай біледі
Есеп шығаруда теорияны пайдалана алады.
Өз бетімен жұмыстануда бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданады
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология: Бұрыш- , өлшеу
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер Ұшбұрыштың үш қабырғасы болады
Ұшбұрыштың ішкі бүрышы 180 г тең болады
Медина қабырғаны қақ боледі...
Биссектриса бұрышты қақ бөледіі...
Құндылықтарды дарыту
«Мәңгілік ел» ұлттық құндылықтың негізі индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсуіне негізделіп оқушылардың бойында зерттеушілік, инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы, бәсекеге қабілетті ету
Сыныппен амандасып оқушылардың сабаққа қатысуын, сынып тазалығын қадағалаймын.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Мен сіздерге сенемін»психологиялық тренинг жүргіземін.
Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін шоғырландырамын
Өткен тақырыпқа шолу арқылы қызығушылықты ояту
«Үшбұрыш» сөзжұмбағы беріледі
Қайталау сұрақтары:
1. Түзу бойында нелер орналасқан? /Латын бас әріптермен белгіленетін нелер?/(Нүкте)
2. Қазақтың байырғы өлшем бірлігі? (шақырым)
3. қандай фигураның формуласы (шеңбер ұзындығы)
4. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш (тіктөртбұрыш)
5. Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады? (параллель)
6. Қосындысы 180˚ - қа тең болатын бұрыштар? (сыбайлас)
7. Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар? (үш)
Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы.
Үшбұрыштың биіктігі деп оның төбесінен қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген перпендикулярды атайды. 55 - суретте АВС үшбұрыштың ВН биіктігінің Н табаны оның АС қабырғасында жатыр. Ал, 56 - суретте биіктіктің табаны Н Ас қабырғасының созындысында жатыр.
Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген биссектрисасы деп осы төбесіндегі бұрыш биссектрисасының қарсы жатқан қабырғасымен шектелетін кесіндіні айтады. (57 - сурет, АD - биссектриса).
Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген медианасы деп осы төбені қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні айтады. (58 - сурет, ВD – медиана).