Ширату тапсырмалары: Жаңа сабақты бастамас бұрын жалпы сыныппен жұмыс.
№1 тапсырма: Жер бетiнiң 29,2%ын құрлық, қалған пайызын су алып жатыр. Жер бетiнiң қанша пайызын су алып жатыр?
Жауабы: 70,8 %
|
Глобус, АКТ
|
Сабақтың ортасы
30 минут
|
Тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.
Жаңа білімді меңгеру.
«Модельдеу» әдісі. (Моделдеу барысында оқушылар құрылымдалған ортаның аясында белгілі бір проблемаға қатысты жауап береді, мұғалімге еліктейді) Жұмыс барысы: Тақырыпты екі топ өз ішінде талқылап,топ көшбасшысы қорғайды.Қалған екі топ тақырыптар бойынша сұрақтар дайындайды.
І топқа: Берілген санның пайызын табу
ІІ топқа: Пайызы бойынша санды табу
ІІІ топқа: Берілген санның пайызын табу тақырыбы бойынша сұрақтар дайындау
ІVтопқа: Пайызы бойынша санды табу тақырыбы бойынша сұрақтар дайындау
Топтар бір-бірін «Бағдаршам, басбармақ, екі жұлдыз-бір тілек» арқылы бағалайды
Топтар бірін бірі бағалағаннан кейін мұғалім тақтаға слайд арқылы тақырыпты түйіндейді.
|
А КТ, флипчарт, маркерлер
|
№2 тапсырма. Жұппен жұмыс.
Жаңа тақырыпты ашу және оқушыларды диалогқа түсіру мақсатында «Мен саған-сен маған» әдісін пайдаланамын. Жұмыс барысы: Әр оқушы көршісіне ойлаған санын айтады және сол санның пайызын таптырады. Екеуі бір-біріне тапсырма жасырады
Мысалы: 100 санының 25%-ы, 160 санының 40%, 20%-ы 100-ге тең болатын санды табыңыз
ҚБ: «Мадақтау»
|
|
|
№3 тапсырма. «Жады» ойыны
Жеке жұмыс (бекіту жаттығулары) .Жұмыс барысы: Мұғалім сыныпқа кестені АКТ-дан көрсетеді және оқушылардың алда не істейтіндерін түсіндіреді. Оқушылар суреттен көргендерін дәптерге түсіреді және толықтырады..
|
Достарыңызбен бөлісу: |