Сабақ тақырыбы Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу



бет4/4
Дата06.04.2023
өлшемі178.95 Kb.
#471830
түріСабақ
1   2   3   4
ҚМЖ Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу (1)

Сан

30







165

Пайыз

5 ℅

90℅

11℅

18℅

Санның пайызы




180

11






Жауабы:

Сан

30

200

100

165

Пайыз

5 ℅

90℅

11℅

18℅

Санның пайызы

1,5

180

11

29,7



ҚБ: «Смайликтер»

А КТ, үлестірмелі материалдар, смайликтер

Сергіту сәті. «Тиімді депозит»
Оқушылардың эмоционалдық аймағын арттыру мақсатында сергіту сәтін ұйымдастыру. «Тиімді депозит» ойынын ойнау. Интерактивті тақтада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозит шарттары ұсынылады. Оқушылар өздері қалаған қаладан үй алуға жеке жұмыс орындауда алған смайликтерін ақшаға (стикер) айырбастап, депозитке салады. Мұғалім бұл ойынның келешекте шынға айналуына тілектестік білдіріп, ойынды аяқтайды

АКТ, смайликтер, суреттер





4 тапсырма. Саралау тәсілі: Тапсырма
(деңгейлік тапырмалар,оқулықпен жұмыс, құндылыққа байланысты есептер) Жұмыс барысы: әр оқушы өз деңгейінің тапсырмасын орындайды.
А деңгей
832. Егер санның 1%­ы 5­ке тең болса, 6%­ы неге тең?
Жауабы:30
В деңгей
838. 1) 40­тың 60%­ы немесе 60­тың 40%­ы үлкен болатынын анықтаңдар.
Жауабы: Екеуі тең
С деңгей
№863 Ұялы телефонның бағасы 21000 тг. Бұл баға 8%­ға төмендедi. Кейiн баға тағы 15%­ға төмендедi. Екiншi рет төмендетiлгеннен соң ұялы телефонның бағасы қандай болды?
Жауабы: 16422 тг
ҚБ: «Шапалақ»

Стикерлер


Математика оқулығы
5-сынып
А.Е.Әбілқасымова т.б



Сабақтың соңы
7 минут

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:
Ойлау дағдыларының деңгейлері:
білу және түсіну, қолдану, талдау.
Бағалау критерийлері:

  • Берілген санның пайызын есептейді,пайызы бойынша санды анықтайды

  • Пайызға байланысты мәтінді есептерді шығара отырып талдайды,алгоритмін қолданады

1-тапсырма
а)Пайызын табыңыз:
30, 125, 310 сандарының 10 %-ын;
Жауабы:3; 12,5;31
б) пайызы бойынша санды табыңыз:
10 %-ы 0,4; 9,25; 28;
Жауабы:4; 92,5; 280
Дескриптор_:_-өрнекті_құрайды;_-_берілген_санның_пайызын_анықтайды._-пайызы_бойынша_санды_анықтайды.__2-тапсырма.'>Дескриптор:
-өрнекті құрайды;
- берілген санның пайызын анықтайды.
-пайызы бойынша санды анықтайды.
2-тапсырма.
Санның жартысын осы санның 20%­ына көбейткенде 10 саны шығады. Берiлген санды табыңдар.
Жауабы: 10
Дескриптор:
-өрнекті құрайды;
- берілген санның пайызын анықтайды.
-пайызға байланысты мәтінді есептерді шығара отырып талдайды
3-тапсырма.
a) Заттың бағасы 760 тг:
1) егер заттың бағасы 15 %-ға қымбаттаса, оның қымбаттатылған бағасы неше теңге?
Жауабы: 874тг
2) егер заттың бағасы 30 %-ға арзандатылса, оның арзандатылған бағасы неше теңге?
Жауабы: 532 тг
Дескриптор:
-өрнекті құрайды;
- берілген санның пайызын анықтайды.
-өмірде кездесетін пайызға байланысты мәтінді есептерді шығара отырып талдайды

Стикерлер, үлестірмелі материалдар

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы


5-сынып

3 минут




Рефлексия (кері байланыс)



Стикерлер



Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Түрлі-түсті төс белгілермен бөлу;
«Модельдеу » әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту, «Мен саған-сен маған» жұптық жұмыс, «Жады» ойыны арқылы жеке орындауға тапсырмалар беру.
Саралау тәсілінде Тапсырма тәсілі арқылы деңгейлік тапсырмаларды ұсыну.
Рефлексия (кері байланыс)
«Бес саусақ»



Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Белсенді оқу тәсілдеріне-«Екі жұлдыз, бір тілек», «Шапалақ», «Басбармақ», «Бағдаршам» «Смайликтер»
«Мадақтау»
секілді қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолдандым

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау;
АКТ-ны уақытылы қолдану;
Психологиялық жағымда ахуал туғызу; сергіту сәтін ұйымдастыру.

Нәтиже
Сабақтың/оқу міндеттері шынайы болды ма?
Бүгін оқушылар нені білді?
Оқу атмосферасы қандай болды?
Менің жоспарлаған сабағым дұрыс болып шықты ма?
Мен регламентті сақтадым ба? Менің жоспарымда қандай өзгерістер болды және олар қандай

Төмендегі бос орынды сіздің сабағыңызды сипаттауға пайдаланыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақтың сапасы туралы сұрақтардың ең маңыздыларына жауап беріңіз



Жалпы бағалау:
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) ?
1.

2.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?
1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет