Сабақ тақырыбы Үшбұрыштар теңсіздігі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


Пәнге қатысты лексика мен терминология



бет2/7
Дата09.08.2023
өлшемі309.44 Kb.
#476022
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Үшбұрыштар теңсіздігі 7 сынып геометрия

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

English

Үшбұрыш

треугольник

triangle

Теңбүйірлі үшбұрыш

равнобедренный треугольник

isosceles triangle

Сыртқы бұрыш

внешний угол

exterior angle



Теңқабырғалы үшбұрыш

равносторонний треугольник

equilateral triangle



теңсіздік

неравенств

inequalities



Ұзындық

Длина

length

Қарама қарсы

Напротив

opposite


Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының қосындысынан ............... болады ;
Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының айырмасынан .................. болады ;

Құндылықтары
дарыту

Қоғамдағы ұлттық бірлік , бейбітшілік пен келісім ;
Ынтымақтастыққа, ойын ашық жеткізе білуге тәрбиелеу. Топпен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді

Пәнаралық
байланыстар

Сызу, қазақ тілі.
Сызу сабағы. Оқушылар үшбұрышты сызады.
Қазақ тілі: Есептерді түсіндіру жолдарында сөйлемдерді байланыстыру, жалғауларды дұрыс жалғау, математикалық тілде дұрыс сөйлеу.

Бастапқы білім



Бұрыштарына және қабырғаларына қарай үшбұрыштар қандай түрлерге бөлінетінін біледі



Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңдері







Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Сабақ ресурстары




Сабақтың басы



I кезең. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесу. түгендеу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
«Жылы лебіз» әдісі. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.
Топқа бөлу.
Оқушыларды әр түрлі түстегі асықтар арқылы 4 топқа бөлемін.
I топ: «Қызыл асық»,
II топ: «Сары асық»,
III топ: «Жасыл асық»,
IV топ: «Көк асық»,


Қ ызыл түс Жасыл түс Сары түс Көк түс
ІІ кезең. Үй тапсырмасын тексеру.


Өткен тақырыпты қайталау. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы арқылы оқушыларға сұрақтар қою.
1. Үшбұрыш деп ? Ж: Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені кесінділермен қосқанда шығатын геометриялық фигураны үшбұрыш деп атаймыз.
2. Қабырғалары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, қабырғалары әр түрлі болатын үшбұрыш.
3. Бұрыштары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш..
4. Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда үшбұрыш теңбүйірлі  деп аталады.
5. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы дегеніміз ? Ж: Үшбұрыштың сыртқы бұрышы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышпен сыбайлас бұрышты айтады
6. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катеттен (кіші, тең, үлкен) болады.
Сұрақтарға жауап берген оқушыларды мадақтау сөздер арқылы сабаққа белсенділігін арттырып отыру.


ІІ. Жаңа сабақ.

Оқушыларға бүгінгі сабақтың оқу мақсаты айтылады.


Тақырыпқа сай оқушылардан бүгінгі сабақтың оқу мақсатын ашу үшін практикалық тапсырмалар беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет