Сабақ тақырыбы:
Мен баскетбол ойнаймын
|
Мектеп: ФАӘББ «М.Мәметова атындағы № 4 орта мектебі»
|
Уақыты: 07.04.17
|
Мұғалімнің аты - жөні: Анапьянова Айгүл Кәкімқызы
|
Сынып: 3
|
Қатысқан оқушылар саны: 9
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары
|
1.Баскетбол ойыны туралы мәлімет алады.
2. Өз ойын еркін жеткізе алады.
3.Мәнерлеп оқи алады.
|
Сабақтың мақсаты
|
1.Барлық оқушылар:
Сабақ соңында баскетбол ойыны туралы. Жыл мезгілдеріне байланысты сөздерді біледі.
2.Оқушылардың басым бөлігі:
Тақырып көлемінде сөйлем құрастырып, өз ойларын еркін жеткізе алады.
3.Кейбір оқушылар:
Сабақ соңында өлеңді мәнерлеп оқиды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: ойын, спорт, волейбол, футбол, шаңғы, алаң, қақпа.
Кейбір сөздерді орысша, ағылшынша айту.
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Алдыңғы сабақтарда танысқан сөздермен осы сабақта диалог құру.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың қезеңдері
|
Сабақта орындалатын іс - әрекеттер
|
Оқыту ресурстары
|
Басы
|
1.Амандасу.
2.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
2. Оқушылар бір-біріне жылы тілектер айтады.
3.Фонетикалық жаттығу.
3. «Өрмекші» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру.
|
«Қуаныш шеңбері»
Оқушылар шеңбер құрып, допты бір-біріне беріп жылы тілектер айтады.
Сұрақ-жауап әдісі
Оқушылар шеңбер құрайды, бір –біріне жіпті лақтырып жаңа сөздерді айтады.
|
Ортасы
|
1.Сурет арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. 2.Оқушылар сабақтың мақсатын айтады.
3.Сөздікпен жұмыс, өткен сабақпен байланыстыра отырып, жаңа сабақты түсіндіру.
Баскетбол (ағыл. basket — себет, ball — доп)
Сөздікпен жұмыс
Доп – мяч – boll
Себет – корзина – basket
Ойыншы – игрок – player
Ұпай – очко – point
4. Мәтіңмен жұмыс
Баскетбол — командалық доппен ойнайтын спорттық ойын. Баскетболда екі команда ойнайды, әр қайсысында бес ойыншыдан болады. Әр команданың мақсаты — қарсыласының себетіне қолмен доп салу. Себет еденнен 3, 05 м биіктікте орналасқан. Орта және жақын қашықтықтан салынған доп — екі ұпайға тең, ал қашықтан салынған доп — үш ұпайға тең.
5.Сергіту сәті.
6.Суретпен жұмыс.
7. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Допты жерге түсірмей,
Қағып ал да, досқа бер.
Ол өзіңе қайырып
«Қарсы жаққа таста», - дер.
Келсе егер ыңғайға
Тор асыра ұр допты.
Біле-білсең, мұндайда,
Тек ептілер құрметті. (Ә.Қайырбеков)
|
Интерактивті тақтада баскетболға байланысты сурет беріледі.
Интерактивті тақта жаңа сөздер беріледі.
Мәтіңді оқып, орысшаға аудару.
Бой жазу жаттығуларын орындайды.
Жұптық жұмыс. Суретке қарап, өз ойларын айтқызу.
Септіктердің жалғаулары бар сөздерді теріп жазу.
Жерге, допты, досқа, жаққа.
|
Соңы
|
Рефлексия: «3 минуттық эссе» әдісі.
Бекіту. «Кластер» әдісі
Үй жұмысы: Баскетбол туралы өлең жаттау.
|
Оқушылар 3 минут ішінде өткен тақырып бойынша қысқаша өз ойларын жазады.
Өзін-өзі бағалау.
|
Қосымша ақпарат
|
|