Сабақ Тақырыбы: Тауарлық экспертизаның әдістемелік негіздері


Тауар қабылдау кезіндегі сандық сараптама жүргізу ережелері



бет15/20
Дата13.10.2022
өлшемі349 Kb.
#462621
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Саба Та ырыбы Тауарлы экспертизаны дістемелік негіздері

Тауар қабылдау кезіндегі сандық сараптама жүргізу ережелері.
Сарапшы сандық сараптаманың құқық базасын құрайтын жоғарыда көрсетілген нормативті құжаттардан басқа әкімшілік бекіткен өзінің сарапшы ұйымының (ережелер, нұсқаулар, заңдар) нормативті құжаттарымен (НҚ) басшылыққа алады. Бұл НҚ ұйымдары тауар қабылдау кезіндегі сандық сараптама жүргізу ережелерін нақты белгілейді.
Жалпы түрде бұл ережелер сарапшы орындайтын нормалар қатарын білдіреді.
1. Тауармен қоса жүретін құжаттармен алдын ала танысу. Бұл ретте сарапшы олардың толтырылуының дұрыстығына назар аударуы қажет. Сандық немесе сапалық көрсеткіштерде, жіберу немесе қабылдау күндерінде түзетулер не басқа мәліметтер табылған жағдайда сарапшы оны міндетті түрде қабылдау актінде немесе сараптамада белгілеуі тиіс. Тіпті таңбалар сипаты да көрсетіледі: олардың қарандашпен немесе басқа түсті бояумен жазылуы, түзетулердің болу және олардық қалай безендірілгені (түзетулердің дұрыстығын растайтын қолтаңбалар, мөрлердің болуы).
2. Өлшеу немесе есептеу құралдарының көмегімен тауардың сандық көрсеткіштерін есептеу. Есептеу бірыңғай немесе ішінара болуы мүмкін. Бірыңғай есептеу қапталмаған тауарларға (мысалы, сеуіп әкелінген дәндер, көкөністер), сонымен қатар әрбір орамада массасы, көлемі немесе ұзындығы белгіленбеген қапталған тауарларға қолданылады. Ішінара есептеу белгіленген массасы бар орамаларға қапталған тауарлар үшін қолданылады. Бұнда сарапшы іріктеу көлемін дербес анықтайды, ол стандардттарда, сауда-саттық келісімдерде немесе келісу шарттарында белгіленген нормалардан төмен болмауы керек. Сарапшы іріктеу көлемін белгіленген нормалармен салыстырғанда едәуір жоғарлатуға келесідей жағдайларда құқылы:
Комплексті қаптама бірліктері немесе тауардың бірлік экземплярының сандық көрсеткіштері шынайы мәндерінің маркілеуді, қаптама қағаздарында және/немесе тауармен қоса жүретін құжаттарда белгленген мәндерден айтарлықтай айырмашылықтары кезінде;
Тауарларды транспорттау, сақтау немесе жүзеге асыру кезінде пайда болған тауар жетіспеушілік аңғарылған жағдайда;
Тауар сапасының айтарлықтай өзгергені белгіленген жағдайда (сыну, қирау, мұжылу, деформация, микробиологиялық бұзылу, кеміргіштермен зақымдану).
Жетіспеушілік табылған жағдайда сарапшы тек маркілеуде немесе қаптама қағазында берілген мәліметтерге сүйенбей, әрбір орамада тауардың болуын тексеруі қажет (дана санын есептеу немесе өлшеу арқылы). Бұл мәліметтер қате болуы мүмкін. Сонымен қоса актіде әрбір қаптамадағы үш көрсеткіш көрсетілуі қажет: маркілеуді, қаптама қағазында көрсетілген және іс жүзінде аңғарылған тауар мөлшері.
Қапталған тауар санын есептеу кезінде сарапшы мінетті түрде қаптама жағдайына назар аударуы тиіс, ол сыртқы көрінісі бойынша бағаланады, және де қажет болса ыдысты ашқан соң оның бетінің сипаты бойынша да бағаланады. Бұдан басқа, байлауыш материалдың болуына, мөр пломбасына және тауардың ыдысты бұзбау пайдалану мүмкіндігіне назар аударады.
Егер тауардың тұтынушылық қаптамасы ашылғаннан кейін қаптауға бөгет болатын арнайы құралдармен жабдықталған болса, онда сарапшы бұл құралдардын бүтіндігін тексеру қажет. Егер шыны бөтелкелердегі сусындардың герметикалық тығындалған қалпақшалары болса, олардың ашылмайтынын тексеру қажет. Бөиелке тығындарының герметикалылығын оларды төңкеру арқылы анықтайды.
Тауардың сандық сипаттама көрсеткіштеріне тауарды транспорттау және/немесе сақтау жағдайлары мен мерзімдері едәуір әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан сарапшы климаттық және санитарлы-гигиеналық режимдер (температура, салыстырмалы ауа ылғалдылығы – САЫ, ауа алмасушылық, бөлме тазалығы, жарықтығы, жәндік пен кемірушілер болуы) көрсеткіштерін, сонымен қатар тауарды орналастыру ережелерінің сақталуын толық сипаттауы тиіс.
Тауарды жоғары температурада және төмен САЫ кезіндегі транспорттау және сақтау кезінде тауар мен ыдыстың кеуіп кетуі мүмкін. Бұл жоғары табиғи шығынға әкеліп соғады, кейде ол белгіленген нормалардан едәуір асып түседі. Бұл тауар жетіспеушілік себептерінің бірі болып табылады. Және де қапталған тауарлар үшін сарапшы тек брутто массасын анықтап қана қоймай, сонымен қоса комплексті қаптама бірліктерінің санын қайта санап, олардың бүтіндігін белгілеу керек. Бұл сандық жетіспеушілікті сақтау режимінінің бұзылуымен түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жоғары САЫ жағдайында тауар мен ыдыс су буын жұтуы мүмкін, мұның нәтижесінде оның массасы жоғарлайды. Ыдыстың ылғалдануы міндетті түрде тауардың ылғалдануы еместігін ескеру қажет, себебі су буын жұту интенсивтігіне тауар немесе ыдыс материалдары мен заттарының гигроскоптылығы әсер етеді. Ыдысты ылғалдануы кезінде тек брутто және ыдыс массасы ғана жоғарылайды, ал нетто массасы төмендеуі мүмкін, нәтижесінде тауар жетіспеушілігі орын алады.
Әрбір жағдайда сарапшы брутто, нетто және ыдыс массаларының кез келген өзгерулерін, олардың жоғарылағаны болса да актіде белгілеуі қажет. Бұл өте маңызды, себебі ылғалданған тауар ары қарай сақтау кезінде микробиологиялық бұзылуға тезірек шалдығады және тұтынуға жарамсыз болып қалады.
Жекеленген жағдайларда сарапшы оптималды температуралы-ылғалды режим әрдайым сақталып отырғанына қарамастан, тауардың жоғары ылғалдылыққа ие болуымен соқтығысуы мүмкін. Бұл жағдайды сақтау режимі мәліметтерінің жалғандығымен немесе тауарды әдейі ылғалдандырумен немесе оның ауа буымен сулануымен түсіндіруге болады. Бұндай әдісті қант ұнтағын, қант, құрғақ жемістер және матала сататын жаман ниетті сатушылар жиі пайдаланады.

153
Орналастыру сипаты кезінде сарапшы қолданылатын тауар қалау әдістерін, тауар көршілестігі ережелерінің сақталуын көрсетуі керек. Көршілестік әр түрлі тауарлар үйлесімділігінің принципіне, сонымен қатар максималды мүмкін тиеу жоғарылығының, минималды мүмкін қабырға аралығының белгіленген нормаларына негізделеді.
Қапталған тауар партиясы үшін тауардың ашылуы немесе қайта ыдысталы жүргізілгенін ескеру қажет. Ыдыстың сандық сараптама алдында сарапшысыз ашылуы кейде оны өткізуден бас тартуға негіз болуы мүмкін. Бірақ бұл шартсыз негіз емес, себебі бір қатар жағдайларда сарапшы жанама белгілері бойынша ыдыстан тауардың ұрлану мүмкіндігін белгілеуі мүмкін (мысалы, толтырылу деңгейі, комплексті қаптама бірлігіндегі жеке экземплярлардың іс жүзіндегі санынның маркілеуді немесе қаптама қағазында белгіленген санымен сай келуі және т.б.)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет