Сабақ Тақырыбы: Тауарлық экспертизаның әдістемелік негіздері


Сапалық сараптама (сапа бойынша сараптама)



бет16/20
Дата13.10.2022
өлшемі349 Kb.
#462621
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Саба Та ырыбы Тауарлы экспертизаны дістемелік негіздері

Сапалық сараптама (сапа бойынша сараптама)

Сапалық сараптама – нормативті құжаттар талаптарына сай болуын бекіту үшін сарапшылар өткізетін тауар сипатының сапалық бағасы.
Бұл сараптаманың міндеті болып өткізіп-қабылдау кезіндегі немесе ұзақ мерзімге дейін сақтаудан немесе сақтау кезінде жасырылған технологиялық дефектілер табылғаннан кейін тауар партиясындағы тауар сапасын анықтау табылады. Бұдан басқа, сапа бойынша сараптама жаңа тауарлар үлгісінің оның сериялы өндіріске қояр алдындағы сапасын бағалау кезінде қолданылады. Тағам өнімдері немесе аспаздық бұйымдар үшін сапалық сарпатаманың бұл түрі тек органолептикалық көрсеткіштері бойынша дегустация деп аталады.
Тағайындалуына байланысты сапалық сараптама бес түрлі болады: сапа бойынша қабылдау сараптамасы, жинақтылығы бойынша сараптама, жаңа тауарлар сараптамасы, тағам өнімдер дегустациясы және келісімдер бойынша сараптама.
Сапа бойынша қабылдау сараптамасы – қабылдау кезіндегі нәтижелерді растау үшін сарапшылар өткізетін сапа бағасы.
Сапа бойынша қабылдау сараптамасын жүргізудің негізі болып табылады:
жіберуші болмағанда және оның екінші ретті қабылдауға келе алмағанында қабылдаушымен жүргізілген қабылдау тексерісі нәтижесі бойынша жіберуші мен қабылдаушы арасындағы келіспеушілік;
алдын ала болжалды немесе қабылдау кезінде байқалған іс жүзіндегі тауар сапасының құжаттарда көрсетілгендерге сәйкес келмеуі;
бұзылған қаптама табылған жағдайда (сыну, деформация, мұжылу, қирау);
транспорттау немесе сақтау кезіндегі едәуір сапа шығындары болған жағдайда.
Тауарды сапасы бойынша қабылдаудың сандық сараптамадан айырмашылығы онда кең нормативті база қолданылады – стандарттар, техникалық жағдайлар, санитарлы және ветеринарлы ережелер мен нұсқаулар, көлік ұйымдарының ережелері немесе кодекстері.
Сапа бойынша қабылдау сараптамасын өткізу ережелері

  1. Сараптама алдында барлық қажетті нормативті құжаттармен: өнімнің нақты түрлеріне, қаптама мен маркілеуіне, сынау әдістеріне арналған стандарттар немесе техникалық нұсқаулармен мақсатты танысу.

  2. Сараптама жүргізу кезінде қабылданатын тауарлардың сапасын қазіргі стандарттар, техникалық нұсқаулар, келісімдер талаптарына сай анықтау қажет. Қажет болған жағдайда қабылданатын тауарлар үлгілер және эталондармен салыстырылып бағалануы мүмкін.

Қабылдау сараптамасы кезіндегі сапа көрсеткіштерін таңдау оның мақсаттарымен және өткізілу жағдайларымен анықталады. Көбенесе, сарапшылар негізінен сыртқы көрінісінің органолептикалық қасиеттерін және қарапайым өлшеу құралдарын пайдалану арқылы кейбір физико-химиялық көрсеткіштерді (мысалы, масса, ұзындық, көлем, салыстырмалы тығыздық және т.б.) бағалаумен шектеледі. Сапа бағасының күрделі тәсілдерін қажет ететтін физико-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер қабылдау сараптамасы кезінде әдетте қолданылмайды. Бұл олардың ұзақ уақытқа созылатындығына байланысты. Тек кейбір жағдайларда ғана сарапшы мұндай көрсеткіштерді анықтауды сапа бойынша қабылда біткеннен кейін ұсынуы мүмкін.
3. Сапаны бағалау үшін көлемі белгіленген нормалардан кем болмайтын сұрыптама немесе қосарланған үлгі таңдап алынады. Үлгілерді іріктеу реті стандарттарда немесе техникалық нұсқауларда бекітілген және сарапшы оны міндетті түрде орындау керек. Сарапшы үлгілердің сұрыпталуын дербес орындауы тиіс.
Қабылдау сараптамасында қолданылатын сапаны ішінара тексеру үлгілердің сұрыптау кезіндегі кездейсоқ қателіктердің үлкен мүмкіншілігімен байланысты, сондықтан нормалар сұрыптама немесе үлгілердің минималды жол берілетін көлемдерін ескереді. Кіші үлгідегі тауар сапасын анықтау және нәтижелерді бүкіл тауар партиясына аудару үлкен қателік болып табылады. Нәтижесінде өткізілген сарпатама нәтижелері жарамсыз болып саналуы мүмкін.
Керісінше, тауар партиясынан таңдап алынатын сұрыптама немесе үлгі көлемінің үлкейуі бұзушылық болып табылмайды, себебі алынған нәтижелердің дұрыстығы жоғарылайды.
4. Құрамында әр түрлі сапа градациясындағы (стандартты, стандартты емес, ақаулы, жоғары, бірінші және басқа сорттардың қалдығы және т.б.) тауарлары бар тауар партиясы біртекті болмаған жағдайда сарапшы әрбір фракцияның процентті құрамын айқындауы қажет.
Егер әр түрлі сапа категориясына жататын тауарлар әр түрлі ыдыстарға оралған және сәйкес маркаланған болса, онда қойма қызметкерлері партияны сол градация бойынша тізуге міндет. Бұндай жағдайда сарапшы үлгілерді сұрыптайды және оларға әрбір сапа категориясы бойынша жеке баға береді.
Ақаулы тауарлар аңғарылған жағдайда сарапшы ерекше сипатты ақаулары бар тауар үлгілерін таңдап алуы және олардың пайда болу себебін орнатуы міндет. Ол, сонымен қоса, қажет болса немесе тапсырыс берушінің сұрауы бойынша ақаулы өнімдерді пайдалану немесе жою мәселелері бойынша ұсыныс бере алады. Сараптама актісінде түрлі немесе ерекше сипатты ақаулары бар өнімнің процентті құрамы көрсетілуі керек.
Бірқатар жағдайларда ақаулы өнім үлгілерін олардың түрін және неден пайда болғанын анықтау үшін сынақ зертханаларына жіберген жөн. Әсіресе, сарапшы ақауларды анықтауда қиындыққа шалдыққан жағдайда.
Кейде көп сақталынатын тауарлар үшін ақаулы өнім үлгілерін алушыда қалдыру немесе сараптау ұйымына жіберу ұсынылады. Бұнда сарапшы үлгілерді дербес сұрыптауы және оларды сәйкес этикеткалармен және/немесе үлгі сұрыптау актілерімен жабдықтауы тиіс.
Актілерде ақау сипатының түрлеріне нұсқау сараптамасының болмауы немесе олардың түрінің қате анықталуы сараптама актісін жоқтауға негіз болуы мүмкін.
Егер жіберушімен мен алушы арасындағы келіспеушіліктер Мемлекеттік арбитражда шешілетін болса, онда сапа бойынша қабылдау сараптамасының нәтижелерін дұрыс көрсету ерекше маңызды. Қате жүргізілген сапа бағасы немесе сараптаманың толтырылған акті ұсынылған айыптан бас тартуға негіз болуы мүмкін.
Сараптама актісінде бір-біріне қарама-қарсы фактілер болмау керек. Сараптау бағасын әрбір тауар партиясы бойынша жеке өткізу қажет, ал оның ішінде – әрбір атау, сорт, артикул бойынша өткізеді және бұны міндетті түрде актілерде көрсетеді.
Қабылдау сараптамасы актісін жоққа шығарудың негізі қорытындылардың дәлелсіздігі болуы мүмкін. Мысалы, егер тауар үшін қабылдау жіне ақаулы сандар ескерілген болса, онда белгіленген нормадан төмен ақау саны жағдайында барлық партияның жарамсыз болуы дұрыс емес. Мұндай жағдайда сараптама нәтижелері күмәнді болып саналып, ал сараптама актісі қабылданбайды.
5. Сапаның сай болмау себептерін айқындаған кезде сарапшы актіде ыдыс және қаптағыш материалдардың жағдайын (олардың бүтіндігі, жетістігі және беріктігі) көрсетуі тиіс.
6. Егер тауар партиясының бүтіндігі бұзылса (мысалы, тауар бөлігі жіберілген болса) немесе иесіз, сонымен қатар ашылған немесе тауармен қоса жүретін құжатсыз тауарлар ұсынылса, онда сарапшы қабылдау сараптамасын жүргізбеу керек.
Комплектілігі бойынша тауарлар сараптамасы – сарапшы жүргізетін комплекттің қажетті элементтерінің болуының бағасы және техникалық құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін орнатуы. Бүтіндік немесе комплектілік сапа көрсеткіштерінің бірі болғандықтан, сапа сараптмасының бір түрі болып табылады.
Оны өткізудің негізі болып бүтіндігі комплекте барлық қажет элементтердің болуымен қамтамасыз етілетін қабылданатын тауарлардың ерекшелігі табылады. Бұдан басқа, комплектілік тауардың функционалды және әлеуметтік мәніне, оның төзімділігіне, жөндеуге жарамдылығына, эргономикалық және эстетикалық қасиеттеріне әсер етеді.
Барлық комплектті элементтер үш топқа бөлінеді:
тауардың функционалды мәнін, оның эстетикалық қасиеттерін қамтамасыз ететіндер;
экспуатация процесі кезінде тауарды жөндеуге арналғандар (қосымша бөлшектер, түйіндер және т.б.);
көшіру, сақтау және іске асыру кезінде тауардың сақталушылығын анықтайтындар.
Бірінші топтың комплектті элементтеріне тауардың құрам бөліктері жатады. Мысалы, бұрандамалар, бұрандалы бекіткіштер, шынылар, жеке панельдер, жиналатын жиһазға арналған фурнитура, электр тұрмыс тауарлардағы электр шнурлары және т.б.
Комплектілікті бұзу болып жеке заттардың болмауы немесе олардың біркелкі комплект стиліне сәйкес келмеуі де саналады. Мысалы, мынадай жағдай белгілі: сатып алушы жиһаз гарнитурын төлеп, ал үйіне киім салатын шкафы түсі және фактурасы бойынша жасалған матиралдан өзгеше болған жиһаз комплекті әкелінді. Жүргізілген сараптама комплектіліктің бұзылғандығын растады. Дүкенде бүкіл комплектіге сәйкес келетін шкаф болмағандықтан, сатып алушыға ақша қайтарылып, бұзылған жиһаз комлектісін алып кетілді. Комплектіліктің бұзылуы болып киімдегі түйме бөлігінің, аяқ-киімдегі баудың болмауы да және т.б. саналады.
Комплектті бұйымдардың екінші тобы тауарлардың эксплуатациясы кезінде жөндеуге жарамдылықты қамтамасыз ететін қосымша бөлшектермен, түйіндермен көрсетілген. Оларға қосымша түймелер, мата бөліктері мысал бола алады.
Комплектті бұйымдардың үшінші тобы тауар қозғалысының түрлі этаптарындағы тауардың сақталынуын қамтамасыз етуге арналған.
Жаңа тауар сапасының сараптамасы – жаңалық деңгейін, оларды тұтынуға жіберудің мүмкіндігі мен мақсаттылығын сипаттайтын көрсеткіштер номенклатурасы бойынша тауар сапасының бағасы.
Бұл сапа сараптамасы түрлерінің мәні болып тұтынушылық ұнатуды жасай алатын тәжірибелік қажеттілігі мен сапаның көрсеткіштерін анықтау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет