Оқушылар:
- есептің шығару жолын түсіндіре алады;
- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;
- үшбұрыштардың теңдік белгілерін тұжырымдайды;
- есеп мәтіні бойынша қажетті сызбаны салу жолын сипаттай алады;
- сызбада берілгендерді сипаттай алады;
- теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін тұжырымдайды.
Бөлім бойынша лексика және терминология
- сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тікбұрышты үшбұрыштар;
- теңқабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалары әр түрлі үшбұрыштар;
- үшбұрыштың элементтері;
- катет, гипотенуза;
- табаны, бүйір қабырғасы;
- қабырғалар арасындағы бұрыш;
- қабырғаға іргелес жатқан бұрыш;
- қарсы жатқан бұрыш;
- бұрышқа іргелес жатқан катет, бұрышқа қарсы жатқан катет;
- үшбұрыштың медианасы;
- үшбұрыштың биссектрисасы;
- үшбұрыштың биіктігі;
- үшбұрыш қабырғасына орта перпендикуляры;
- үшбұрыштың орта сызығы;
- қасиет, белгі.
|