Сабақ тақырыбы/ Тема урока: «Тыныс алу, көру және тері мүшелерін қорғайтын дербес құралдар» Модуль /пән атауы : ас техника



бет3/4
Дата21.11.2022
өлшемі157.49 Kb.
#465327
түріСабақ
1   2   3   4
Ас тех 3 курс 6 лек

Р еспиратор (лат. respіro — дем алу) — адамның тыныс алу мүшелерін шаң мен зиянды заттардан қорғайтын бір кісілік тұмшалағыш; жеке пайдалануға арналған, екі бөліктен: бетжапқыш және сүзгіден кұралған шаңнан қорғауға арналған аспап. Азаматтық қорғаныс жүйесінде P-2 тұмылдырығы едәуір көп қолданысқа ие. Тұмылдырықтар тыныс алу органдарын радиоактивті және топырақты шандардан қорғау үшін пайдаланылады Р-2 тұмылдырығында сүзгіш жартылай маска, демалуға арналған екі қақпақша (клапан), дем шығарудын бір (сақтандырғыш экраны бар) қақпақшасынан созылмайтын арқанша мен мұрын қысқыштан тұрады. Егер тұмылдырықты қолдану кезінде ылғал жиірек пайда болса, онда оны 1-2 мин- қа шешіп ылғалды сүртіп қайта кию керек
Ауада оттек мөлшері жеткіліксіз болған кезде (16%-дан аз), сондай-ақ зиянды қоспалар көп болғанда оқшаулауыш респиратор (шлангалы не оттекті) пайдаланылады. Сүзгілеуіш респиратор жеңіл әрі шағындау болғанымен, ауаның ластану дәрежесі жоғары болған кезде, ол оқшаулауыш респираторға қарағанда сенімсіздеу болады. Респиратордың радиоактивті тозаңдардан қорғайтын сүзгісі әр түрлі талшықты материалдардан (киіз, мақта, жасанды және синтет. талшықтардан жасалған маталар, т.б.) дайындалады. Өндірістік және лаб. жағдайда респиратордың респираторлық таңғыш (ШБ-1) деп аталатын қарапайым түрі жиі пайдаланылады. Ол дәкенің қос қабатының арасына салынған сүзгілік мата түрінде болады. Мұндай респиратордың қорғағыштық қабілеті жоғары әрі салмағы өте аз (10 г-дай) болып келеді. Радиоактивті тозаңдардан қорғану үшін Р-дің көптеген түрі қолданылады
ПТМ-1 шанға қарсы шүберек маска және мақта дәкеден жасалған таңғыштар бактериялық құралдардын екінші рет бұлт түзу әрекеті кезінде және радиактивті шаңнан қорғауға арналған.Олар улағыш заттардан қорғай алмайды. Маскалар мен танғышты адамдардын өздері дайындап алса болады. Маска негізгі екі бөлім – корпус және бекіткіштен тұрады.
Корпус 2-3 қабат матадан жасалып, онда төменгі тұсына әйнектері бар көруге арналған ойық болады. Маска адамнын басына корпустын бүйір шеттеріне тігілген мата жолағымен бекітіледі. Резенкелер ж/е бау масканын адам басында нақ тұруын қамтамасыз етеді, маска корпусынын жоғары бұрышына тігілген резеңке де осындай қызымет атқарады. Масканы әрбір жұмысшы, қызметші, оқушы өзіне жасап алуына болады.
Масканы радиактивті шаңмен зақымдану қаупі төнген кезде киеді. Зақымданған ауданнан шығу кезіндегі алғашқы мүмкіндікті оған дезактивизация жасалынады: тазалайды (радиоактивті шаңды қағып-сілкиді), сабынмен ыстық суда жуып, суды ауыстыра отырып шайқайды.

Мақта-дәкеден жасалған таңғыш (125-сурет). Оны адамдардың өздері даярлап алады. Ол үшін 100x50см дәке қажет. Дәкеге қалыңдығы 1-2 см,ұзындығы 30-35см, ені 20 см мақта қабатын салады. Дәкені екі жағынан бүгіп, мақтаның үстінен салады. Қажет болған жағдайда таңғышпен ауыз бен мұрынды жабады, жоғары ұштары бас шүйдесіне, ал төменгілері- самайға байланады. Мұрынның екі жағынан жіңішке тағы жолақтарға түйіршіктелген мақтадлар салынады.Көзді қорғау үшін шаңнан қорғайтын көзілдірік пайдаланылады.
Теріні қорғау құралдары. Ядролық, химиялық жане бактериологиялық (биологиялық) зақымдану жағдайында адам денесін қорғау қажеттілігі туындайды. Бұл құралдар қолданылуына қарай арнайы (табельдік) жане көмекші болып бөлінеді.
Теріні арнайы қорғау адамдардың терісін бу мен улағыш заттардың жане радияциялық заттардың РУ тамшыларынан, сондайй-ақ бактерилогиялық құралдардан сенімді түрде қорғаса, а-бөлшектері толықтай қорғап, ядролық жарылыстың жарықты сәулеленуін әлсіздендіреді. Теріні қорғау құралдарының қорғаныштық әрекеті жекелегіш және сүзгіш болып бөлінеді.
Теріні жекелегіш қорғау құралдары резеңке матадан дайындалады және адамдар зақымданған жерлерде ұзақ уақыт бойы болған жағдайда,зақымдану аймағы мен зақымдану ошақтарына гассыздандыру, дезактивизация, дезинфекция жұмыстарын орныдау кезінде қолданылады.Теріні жекелегіш қорғану үшін ғана пайдаланылады.Теріні жекелегіш қорғау құралдарына: жеңіл қорғаныш костюмі Л-1, қорғаныш комбинизоны мен костюмі, жалпы әскери қорғаныш костюмі жатады.
Теріні сүзгіш қорғау құралдары-қорғағыш сүзгіш киімдердің (ҚСК) жиынтығы. Бұл жиынтық, негізінде, бу тәріздес заттардан адамның тері қабатын қорғауға арналған. Жиынтық бұдан басқа аэрозоль жағдайындағы бактериологиялық құралдар мен радиоактивті шаңдардан қорғауды қамтамасыз етеді. Кәдімгі киім-кешекті майлысабынды эмульсиямен (жиынға 2,5 л) сіңіріп қорғау құралын жасауға болады.
Теріні қорғаудың қарапайым құралдары барлық адамдарды жаппай құралы болып табылады және табельдік құралдар жоқ кезде қолданылады. Теріні қорғаудың қарапайым құралдарына кәдімгі киім және аяқкиім жатады.Хлорвинил немесе резеңке матадан жасалған плащтар мен жамылғылар,драп,тері, шұғадан тігілген пальто бактериологиялық құралдар мен радиоактивті шандардан жақсы қорғайды. Олар тамшы-сұйық УЗ-дан 5-10 минут бойы, дымқыл киімдер 40-50 минут бойы қорғайды. Аяқты қорғау үшін резеңке етік, галош, пима, теріден және жасанды теріден жасалған етік киюге болады. Қолды қорғау үшін резеке, тері қолғаптар, ал бас пен мойынды қорғау үшін күләпара (капюшон) қолданылады.
Қорғанудың медициналық құралдарына АИ – 2 дербес дәрі қобдишасы, химиялық зақымдануға қарсы пакет жатады. АИ – 2 дербес дәрі қобдишасы күйген және жарақат алу кезінде өзара көмек көрсету мен өзіне өзі көмек көрсету үшін, сондай- ақ ионизацияланған сәулелену, биологиялық құралдар, улағыш заттардың әсер етуін әлсірету мен алдын алу үшін қолданылады.
Химиялық зақымдануға қарсы дербес пакет киім кешек пен дененің ашық учаскелеріне түскен тамшы сұйық улағыш заттарды залалсыздандыру үшін қолданылады. Жиынтығында газсыздандыру ерітіндісі бар бұрамалы қақпақпен жабылған құты және төрт дана мақта дәке таңғышы болады. Бұлардың барлығы герметикалық пакетке салынған. Киім кешек пен дененің ашық учаскелеріне түскен сұйық тамшы улағыш заттарды құтыдағы сұйықтыққа батырылған тампондармен сүртіп тазалайды. Тазалау кезінде күйдіру әсері болуы мүмкін бірақ ол тез басылады да жұмыс істеуге кедергі келтірмейді. Құтыдағы сұйықтық улы және көзге түсіп кетсе қауіпті. Химияға қарсы дербес пакет болмаған жағдайда тампон ретінде кәдімгі мақта мен дәкені пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет