Сабақ тақырыбы/ Тема урока: «Тыныс алу, көру және тері мүшелерін қорғайтын дербес құралдар» Модуль /пән атауы : ас техника



бет2/4
Дата21.11.2022
өлшемі157.49 Kb.
#465327
түріСабақ
1   2   3   4
Ас тех 3 курс 6 лек

Элемент
элемент

Сабақтың элементтері, оқу мәселелері, оқыту әдістері мен формалары
Элементы урока, учебные вопросы, формы и методы обучения


Ұйымдастыру кезең ( мин) / Организационный момент ( мин)

  • Амандасу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Сабақ мақсатын ашу


Үй тапсырмасың сұрау/ Опрос домашнего задания

  1. Өpтті cөндіpyдің әдіcтepі мeн құpaлдapын ата?

  2. Өpтті cөндіpyдің әдіcтepі мeн құpaлдapын таңдау неге негіізделеді?

  3. Өрт сөндіргіштердің түрлерін ата?

  4. Өрт сөндіргіштің әрекеті?


Жаңа тақырыпты игеру / Изучение нового материала( 35 мин)
Респиратор (лат. respіro — дем алу) — адамның тыныс алу мүшелерін шаң мен зиянды заттардан қорғайтын бір кісілік тұмшалағыш; жеке пайдалануға арналған, екі бөліктен: бетжапқыш және сүзгіден кұралған шаңнан қорғауға арналған аспап. Азаматтық қорғаныс жүйесінде P-2 тұмылдырығы едәуір көп қолданысқа ие. Тұмылдырықтар тыныс алу органдарын радиоактивті және топырақты шандардан қорғау үшін пайдаланылады Р-2 тұмылдырығында сүзгіш жартылай маска, демалуға арналған екі қақпақша (клапан), дем шығарудын бір (сақтандырғыш экраны бар) қақпақшасынан созылмайтын арқанша мен мұрын қысқыштан тұрады. Егер тұмылдырықты қолдану кезінде ылғал жиірек пайда болса, онда оны 1-2 мин- қа шешіп ылғалды сүртіп қайта кию керек.
Ауада оттек мөлшері жеткіліксіз болған кезде (16%-дан аз), сондай-ақ зиянды қоспалар көп болғанда оқшаулауыш респиратор (шлангалы не оттекті) пайдаланылады. Сүзгілеуіш респиратор жеңіл әрі шағындау болғанымен, ауаның ластану дәрежесі жоғары болған кезде, ол оқшаулауыш респираторға қарағанда сенімсіздеу болады. Респиратордың радиоактивті тозаңдардан қорғайтын сүзгісі әр түрлі талшықты материалдардан (киіз, мақта, жасанды және синтет. талшықтардан жасалған маталар, т.б.) дайындалады. Өндірістік және лаб. жағдайда респиратордың респираторлық таңғыш (ШБ-1) деп аталатын қарапайым түрі жиі пайдаланылады. Ол дәкенің қос қабатының арасына салынған сүзгілік мата түрінде болады. Мұндай респиратордың қорғағыштық қабілеті жоғары әрі салмағы өте аз (10 г-дай) болып келеді. Радиоактивті тозаңдардан қорғану үшін Р-дің көптеген түрі қолданылады
ПТМ-1 шанға қарсы шүберек маска және мақта дәкеден жасалған таңғыштар бактериялық құралдардын екінші рет бұлт түзу әрекеті кезінде және радиактивті шаңнан қорғауға арналған.Олар улағыш заттардан қорғай алмайды. Маскалар мен танғышты адамдардын өздері дайындап алса болады. Маска негізгі екі бөлім – корпус және бекіткіштен тұрады.
Корпус 2-3 қабат матадан жасалып, онда төменгі тұсына әйнектері бар көруге арналған ойық болады. Маска адамнын басына корпустын бүйір шеттеріне тігілген мата жолағымен бекітіледі. Резенкелер ж/е бау масканын адам басында нақ тұруын қамтамасыз етеді, маска корпусынын жоғары бұрышына тігілген резеңке де осындай қызымет атқарады. Масканы әрбір жұмысшы, қызметші, оқушы өзіне жасап алуына болады.
Масканы радиактивті шаңмен зақымдану қаупі төнген кезде киеді. Зақымданған ауданнан шығу кезіндегі алғашқы мүмкіндікті оған дезактивизация жасалынады: тазалайды (радиоактивті шаңды қағып-сілкиді), сабынмен ыстық суда жуып, суды ауыстыра отырып шайқайды.




Жаңа тақырыпты бекіту ( мин) / Закрепление нового материала ( мин)



  1. Тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдары?

  2. Р-2 не үшін қолданылады?

  3. Теріні қорғаудың қарапайым құралдарына нелер жатады?

  4. Мақта – дәке таңғышын қалай жасайды?


Сабақ қорытындысы, баға қою: Подведение итогов, оценивание:


Үй ге тапсырма беру( мин) / Домашнее задание:
Дәрісті мазмұндау


Рефлексия
Топтық рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.



Оқытушы қолы:__________________________


Аты- жөні /Ф.И.О. Тоқанова А.М.

Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу, көру және тері мүшелерін қорғайтын дербес құралдар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет