Тақырыпты тереңдету.
Тақырыпты тереңдету мақсатында мұғалім оқушыларға кейбір мысалдарды көрсетеді, оларды шешу барысында жүйе – жиынтық ұғымдары пайда болады.
Теңсіздікті айнымалыны алмастыру әдісімен шешіңіз:
Мұғалім бірінші теңсіздік теңсіздіктер жиынтығын шешуге алып келсе, екіншісі – жүйені шешуді қажет етеді.
Оқушылар мұғаліммен бірге теңсіздіктердің шешімін талдайды, қорытынды жасайды.
Жеке жұмыс.
Оқушыларға жеке өз бетімен орындауға тапсырмалар ұсынылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын бақылайды, сұрақтар қояды, дұрыс шешімге бағыттайды, кеңес береді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жүпта өзара бағалау жүргізеді, мұғалім оқушылардың жұмыстарын критерий бойынша бағалайды, кері байланыс ұсынады.
Бағалау критерийлері:
Оқушы
Квадрат теңсіздіктерді дұрыс шешеді;
Теңсіздіктер жүйесінің шешімін дұрыс табады;
Теңсіздіктер жиынтығының шешімін дұрыс табады;
Теңсіздіктер жүйесінің немесе жиынтығын қанағаттандыратын ең үлкен/ ең кіші бүтін мәндерін дұрыс табады;
Қос теңсіздікті теңсіздіктер жүйесі ретінде жазады;
Функцияның анықталу облысын табу үшін теңсіздіктер жүйесін құрады;
Жауапты дұрыс жазады.
Өздік жұмыс.
Мұғалім оқушыларға теңсіздіктер жүйесін шешу дағдысын дамытуға арналған тапсырмаларды орындауды ұсынады, олардың біреуі – сызықтық, ал екіншісі – квадраттық. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Мұғалім оларға көмек көрсетпейді. Мұғалім оқушылардың шешімдері мен жауаптарын бағалайды, кері байланыс береді, типтік қателерді белгілейді, 8.2.2.11 оқу мақсатына жету бойынша қорытынды жасайды.
Презентация слайд 6-7
Қосымша 1
Қосымша 2
|
Сабақтың соңы
мин
|
7. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.
Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады.
Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.
|
Презентация
Слайд 8
Стикерлер
Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |