While-Do
While операторы қызметші сөздерден басқа циклге кіру шартынан және цикл денесінен тұрады.
Жазылу: While <шарт> do <циклдің денесі>;
Program esep1;
Var айнымалы
Begin
While <шарты > do <цикл денесі>
Begin
1-оператор
2-оператор
N – оператор
End;
End.
Егер, цикл денесінде бірнеше оператор болса онда операторлық жақшаға алынып жазылады.
Цикл денесін әрбір қайталау алдында шарт тексеріледі. Шарт ақиқат болған жағдайда, цикл денесі орындалады, әйтпесе программа келесі операторға көшеді. Егер шарт алғаш тексерілгенде, жалған болса, цикл денесі бір рет те орындалмастан программа цикл соңына шығады.
Бұл программаның орындалу барысында с айнымалысы 12Р°1,Р°2,Р°3'>... мәндерін біртіндеп қабылдайды, с-ның мәні в-ге ең не артық болғанша өзгеріп отырады да, соған сәйкес болса, экранға еш нәтиже шықпайды. Мұнда цикл денесі құрмалас оператор болғандықтан операторлық жақша begin, end қолданылады.
Repeat – Unit операторы. Repeat қайталау операторы While операторына ұқсас, айырмашылығы - қайталану шартты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады.
Program esep1;
Var айнымалы
Begin
Repeat <цикл денесі>
1-оператор
2-оператор
N – оператор
Until <шарт>
End.
Цикл тұлғасы Repeat және Until түйінді сөздерінің ортасында орналасқандықтан , цикл денесінде бірнеше оператор орналассада оларды операторлық жақшаға алмаса да болады.
Программадағы Repeat Until операторының жұмысы суретте көрсетілгендей. Цикл денесінен Goto оның операторы арқылы шығуға болады.
FOR-DO, FOR-DOWN TO
FOR-DO циклдік операторы қайталау саны алдын ала белгілі болған жағдайда қолданылады. Бұл оператор екі түрлі беріледі.
Жазылуы:
For<циклдік параметр>:=<алғашқы мән>to<соңғы мән>do<циклдің денесі>;
For< циклдік параметр >:=<соңғы мән >downto<алғашқы мән>do<циклдің денесі>;
Мұндағы циклдік параметр кейде басқару айнымалысы деп аталады. Алғашқы және соңғы мәндер нәтижесі – нақты типтен басқа стандартты жай тип болатын өрнектер. Басқару айнымалысының типі, алғашқы және соңғы мәндердің типтері бірдей болуы керек. Олар нақтыдан басқа кез-келген жай типі болуы мүмкін. Цикл денесі жай немесе құрмалас оператор бола алады.
Циклдік оператор орындалғанда, бірінші өрнектің мәні есептеліп, FOR-DO (FOR-DOWNTO) операторында циклдік параметрге алдымен алғашқы мәнді меншіктейді. Басқару айнымалысының мәні 1-ге тең қадаммен біртіндеп өзгеріп отырады DO қызметші сөзінен кейінгі цикл денесі басқару параметрінің әрбір мәні үшін бір реттен орындалып отырады. Егер басқару айнымалысының алғашқы мәні соңғы мәнінен артық немесе кем болса, онда цикл денесі бір рет те орындалмайды. Параметрлі циклдің жұмысын анық көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |