Сабақ тақырыбы: Turbo Pascal тілінде циклдық алгоритмдерді программалау. Модуль /пән атауы: км 05. Программалау



бет1/4
Дата03.05.2024
өлшемі23.79 Kb.
#500423
түріСабақ
  1   2   3   4
Жаулиева




Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы.
«Бейнеу гуманитарлық колледжі»МКҚК,информатика пәні оқытушысы
Жаулиева Гулмира


Сабақ тақырыбы: Turbo Pascal тілінде циклдық алгоритмдерді программалау.
Модуль /пән атауы: КМ 05. Программалау
Дайындаған педагог: Жаулиева Г.Х
Күні: 05.02.2024 ж.
1.Жалпы мәліметтер:
Курс, топ:ІІІ курс, ИнБ-21
Сабақтың типі: Аралас сабақ
2.Мақсаты, міндеттері: Turbo Pascal тілінде циклдық алгоритм операторларының жазылу
тәсілдерін және оларды программалауды үйрету.
3. Күтілетін нәтиже: - Pascal тілінде циклдық алгоритм жазылу тәсілдерін біледі;
- Pascal тіліндегі циклдық алгоритмді программалауды үйренеді.
4. Қажетті ресурстар:Интернет ресурстары, Т.Қ. Қойбағарова , Р.А. Ельтинова, Павлодар ПМПИ, 2013., Информатиканы оқыту әдістемесі , ІІ тарау, 142 бет
Топқа бөлу: «Classroomscreen» интерактивті онлайн тақтасы арқылы 3 топқа бөліну.(While, Repeat, For).(2 мин)
Үй тапсырмасы (5 мин):
«Таза тақта» әдісі. «Cаnva.com» интерактивті тақтасында
Сұрақтары:

  1. Шартты операторлар не үшін қолданылады?

  2. Паскаль тілінде қандай шартты операторлар бар?

  3. Шартты операторлар қандай алгоримтдерді программалауда қолданады?

  4. Шартты оператор мен таңдау операторларының қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар?

  5. Case m of операторына түсініктеме беріңіз?

  6. Толық және толық емес шартты операторларының жазылу түрлерін атаңыз.

Дескриптор: -Шартты және таңдау операторлары туралы ақпарат біледі. (10 балл)
-Шартты операторлардың жазылу алгоритмін біледі; (10 балл)
-толық және толық емес шартты операторлардың жазылу түрлерін біледі. (10 балл)
5. Сабақтың барысы(13 минут):
Қайталау (цикл) операторлары белгілі бір операторды немесе операторлар тобын бірнеше рет орындау мүмкіндігін ұйымдастыруға қолданылады. Қайталанатын операторлар тобы циклдің денесін құрайды. Паскаль цикл ұйымдастырудың үш түрі бар: While (әзір), Repeat (дейін), For (үшін-параметрлі цикл). While Repeat операторлары қайталау саны белгісіз, бірақ циклге кіру немесе циклден шығу шарттары белгілі жағдайда қолданылады. Егер қайталау саны белгілі болса, онда For параметрлі циклді пайдаланған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет